65
жүрiп, әуелi әлдебiр идеяға ден қояды да, сол идеяны оқырманға бейнелеп
жеткiзуге қолайлы жағдайларды, мiнездердi, әрекеттердi қарастырады.
Образды ойлау мәселесiн осыншалықты жеңiл түсiну оның өзiндiк
ерекшелiгi жайындағы мүлде терiс пайымдауларға, бұрмалауға әкеп
соқтырады. Шындығында,
образды ойлау ақиқат өмiрдiң жанды болмысынан
бастау алып, сол өмiрде сәт сайын туып, өрбiп жататын алуан құбылыстарды
бiр-бiрiмен салыстырудан пайда болып, көркемдiк тұрғыдан зерттеу
нәтижесiнде қалыптасқан әсерлердi, ойларды көрсетедi. Қалай болғанда да,
қаламгердiң ойдан шығарған бейнелерi орасан тәжiрибенiң, көптеген
бақылаулардың, адам болмысына психологиялық тұрғыдан дендей енудiң,
суреткерлiк қырағылықтың жемiсi болып табылады. Өзiндiк ерекшелiк,
даралық қасиеттерiмен көрiнетiн образдар арқылы көпшiлiкке тән, қажеттi
мәселелердi қамти бiлу қаламгерден ерен танымдық еңбектi, қиял
ұшқырлығын, шығармашылық елестету қуатын қажетсiнедi.
Бiр қарағанда қарама-қайшы нәрселер сияқты болғанымен, қаламгер
өмiрлiк шындыққа дәл осы көркемдiк ойдан шығару арқылы ғана қол
жеткiзедi. Себебi – оның кейiпкерлерi де, ақиқат өмiрдегi адамдар сияқты,
әрекет етуге, сезiнуге, ойлауға тиiс. Басқаша айтқанда, қаламгер өзiнiң ойдан
шығарған әлемiнде шынайы өмiрдiң мәнiне тереңдей түседi, бейнелеу күшi
арқылы өзiнiң ойдан шығарған әлемiнiң шындық екенiне иландырады. Бұл
тұрғыда суреткердiң ойдан шығарғаны шындық өмiрден кездейсоқ алынған
әлдебiр құбылыстардан гөрi мәндi де шынайы болып жататыны бар.
Жекелеген өмiрлiк деректерге сүйенетiн адамнан гөрi, өмiрдiң мәндi
тұстарын iрiктеп бейнелейтiн ойдан шығарылған шындыққа сенген адам
әлдеқайда ақылды да бiлiмдi болатыны анық.
Сонымен, ақиқатты поэтикалық бейнелеудiң аса қажеттi шарты ретiнде
көркемдiк ойдан шығару жайында айтылғандар бiздi өнер мен әдебиеттiң
танымдық мүмкiндiктерi туралы түсiнiктерге бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: