Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Яғни “бiр тiлге немесе дәуiрге тән өлеңнiң басқа тiлдегi немесе  дәуiрдегi өлеңнен айырмашылығы қандай?” деген сауал ғой…  Жауап



Pdf көрінісі
бет93/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   152
Сұрақ. Яғни “бiр тiлге немесе дәуiрге тән өлеңнiң басқа тiлдегi немесе 
дәуiрдегi өлеңнен айырмашылығы қандай?” деген сауал ғой… 
Жауап. Бiр тiлдегi (дәуiрдегi) өлеңнiң екiншi тiлдегi (дәуiрдегi) өлеңнен 
ең басты айырмашылығы – тармақ өлшемiнде. 
Көркем мәтiннiң белгiлi бiр өлшемге негiзделген тармақтарға бөлiнуiнiң 
өзi, яғни синтаксистiк мағынаға тәуелсiз паузалардың тармақ басында 
көтерiлiп, соңына қарай бәсеңдейтiн дауыс ырғағын туғызуы, оған өлеңге тән 
интонация дарытады. Сонымен бiрге әр тармақ өзара шамалас қалыпты 
сақтау үшiн қандай да бiр реттiлiкке бағынады. Бұл реттiлiк дыбыс 
бөлшектерi арқылы жүзеге асады. Өлең құрылысының қай жүйеге тән 
екендiгi тармақ өлшемiнiң бiрлiгi ретiнде қандай дыбыстық бөлшектiң 
алынуына байланысты анықталады. 
Сұрақ. Тармақ өлшемiнiң бiрлiгiне қандай дыбыстық бөлшектер алынуы 
мүмкiн?
Жауап. Тармақ сөзбен, бунақпен, буынмен өлшенедi. Барлық тiлдегi 
өлең тармағының негiзгi өлшем бiрлiгi – буын. Буынның фонетикалық негiзгi 
сипаттарына әуез, сан, екпiн сияқты белгiлерi алынады да, соған орай өлең 
жүйелерi метрикалық (квантитативтi), силлабикалық, тоникалық, силлабо-


111 
тоникалық болып сараланады. Ендi осы өлең жүйелерiнiң ерекшелiктерiне 
назар салайық. 
Метрикалық немесе квантитативтi жүйе – өлең жолдарының айтылу 
уақытының сәйкестiгiне (изохронизм) негiзделiп, тармақтағы дыбыстық 
өлшемдер буындардың созылыңқы немесе қысқа қайырылуы арқылы 
реттелетiн өлең құрылысы. Бұл жүйе буындағы дауыстылардың созылыңқы 
немесе қысқа айтылуы сөз мағынасын өзгертуге ықпалды тiлдерге тән. 
Метрикалық өлең жүйесiнiң мейлiнше жарқын үлгiлерi антикалық өлең 
құрылысынан, араб және парсы поэзиясындағы аруздан, санскрит тiлiндегi 
джатидан, сондай-ақ, фин және классикалық қытай өлеңi құрылысынан 
жақсы байқалады. 
Метрикалық өлең құрылысының негiзiне алынатын өлшем –мора. Латын 
тiлiнде “уақыт аралығы, пауза” деген мағына беретiн “мора” сөзi бұл жерде 
дыбысты айтуға кететiн уақыттың ең кiшi бiрлiгi болып табылады. Сондай-
ақ, әдебиеттануда мора ұғымымен мәндес хронос протос деген де термин 
бар. Грек тiлiнде “chronos protos” бастапқы уақыт дегендi бiлдiредi. Екi 
терминнiң де түп мағынасы антикалық өлең құрылысындағы қысқа буынның 
қалыптасқан айтылу ұзақтығын бiлдiредi, яғни өлеңдегi уақыт өлшемiнiң ең 
кiшi бiрлiгiн белгiлейдi. Сол себептi метрикалық өлең жүйесiндегi өзге 
өлшемдерге мора негiз болады. Мысалы, ұзақ буын – екi мораға, ямб – үш 
мораға, т.с.с. тең болады. 
Аталмыш өлең жүйесiнiң өзi таза метрикалық және силлабо-метрикалық 
болып, екi түрге бөлiнетiнiн де ескеру керек. Таза метрикалық жүйеде негiзгi 
өлшем такт болып табылады. Такт – моралар бiрiгуiнен пайда болатын 
өлшем. Ал силлабо-метрикалық жүйеде такт құрамындағы буындардың 
позициясы ықпалды роль атқарады.
Метрикалық өлең жүйесi алғаш б.д.д. VIII ғасырда ежелгi Грекияда 
пайда болып, б.д.д. III ғасырдан бастап латын әдебиетiнде кеңiнен дамығаны 
әдебиет тарихынан таныс. Бұл жүйе ежелгi үндi, қазiргi араб, парсы 
поэзиясында ұшырасады. 
Сұрақ. Метрикалық өлең жүйесiнде буын құрамындағы дауыстылардың 
айтылу уақытына байланысты айырмашылық маңызды роль атқаратынын 
таныдық. Ал, “метрика” дегенiмiздiң өзi не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет