Ақырет өткелдері


құтқарыңдар! Ей, Һашим ұлдары! Өздеріңді тозақтан



Pdf көрінісі
бет18/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

құтқарыңдар! Ей, Һашим ұлдары! Өздеріңді тозақтан 
құтқарыңдар! Ей, Абдулмутталлиб ұлдары! Өздеріңді 
тозақтан құтқарыңдар! Ей, Мұхаммедтің қызы Фатима! 
Өзіңді тозақтан құтқар! Өйткені мен сендерге Аллаһтың 
алдында ешқандай жәрдем бере алмаймын», – деген-ді
4

Егер адам Ақыретте өзінің туыстарына септігін тигізе алғанда, 
онда сөз жоқ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз жақындарына жәрдем 
берер еді. Бірақ ол күні біреу-біреуге қол ұшын беруі мүмкін 
еместігін білген Пайғамбар (с.а.с.) алдымен туысқандарын 
ескертіп: «Мен сендерге Аллаһтың алдында ешқандай жәрдем 
бере алмаймын», – деген. 
1
«Мәриям» сүресі, 95-аят. 
2
«Нәжм» сүресі, 38-41 аяттар. 
3
«Тахрим» сүресі, 6-аят. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 


22
 
 
11. 
Ақыретке деген сенім адамға қоғам алдында 
жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілік, әсіресе, халық 
қызметіндегі адамдарға қатысты. Осы сенімді қалтқысыз 
ұстанған әділетті әмірші – Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы 
болсын): «Иракта бір қашыр сүрінсе, ол үшін Аллаһтың мені 
«Неге жолды тегістеп қоймадың, ей, Омар?» деп сұраққа 
аларын ойлаймын», – деген. 
12. Ақырет сенімі адамға өлімді батыл қарсы алуына 
көмектеседі. Ал ақыреттік өмірге сенбейтін адамдар өлімнен 
өлердей қорқады. Аллаһ тағала бұлар жайында: 
«(Мұхаммед! 
Яһудилердің 
жалпы) 
адамдардан 
да, 
мүшріктерден де өмір сүруге тым құмар екенін көресің. 
Олардың әрбіреуі мың жыл өмір сүруді қалайды. Алайда ұзақ 
өмір сүруі оны азаптан арашаламайды. Аллаһ – олардың 
істегендерін толық Көруші»
1
, – деген. 
13. Ақыретке деген сенім бізді біреуде кеткен есеміздің 
қайтатынына үміттендіреді. Ал бұл үміттің ақталуы ақиқат. Оған 
күдіктенуге, шүбәлануға болмайды. 
Ал Ақырет түгіл, Аллаһтың Өзіне сенбейтін кәпірлер жайлы 
Құранда: «(Олар) дүние тіршілігімізден басқа (тіршілік) жоқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет