Айтыс II том
Таң атса, өгізіне жүгін артып,
Далаға шұбырады асып-сасып.
Көк шөптен маса шығып күн батарда,
Зарланып дыбыс қылар заһар шашып.
Жыртығын киізінің шөппен қымтап,
Жан адам шыға алмайды есік ашып.
Тезектен ортасына түтін салып,
Жатады жер бауырлап, бетін басып.
Шабады жаздай тоған, күздей арық,
Шақырып, бірін-бірі іздеп алып.
Қастасса, бір-біріне нақақ жала
Жабады жіпке тізіп бәле-пасық.
Әлі бар мақтансаң да осы еліңде,
Көрерсің аман болса, күзге барып.
Өң түгіл, мұндай жұмыс түсте де жоқ,
Жұртыңды теңгересің бізге не қып?
Ісініп, сөз саласың таңдайыңа,
Болмаса, дауға қылған далбайың ба?
Ері арық, Сырдың семіз қатындары,
Соры көп еркегінің маңдайында.
Балыққа суда жүзген қармақ салып,
Үңіліп отырады жар бойында.
Жаулығы мен көйлегін күнде жуып,
Әйелі жуытпайды шаң бойына.
Еліңнің қылған ісін жаңылыпсың,
Ал, ағай, айта берем, ал ойыңа.
Көйлегін Сыр қатыны бүрмелеген,
Қынама қара бешпент түймелеген.
Базардан бәсекемен товар алар,
Дегенмен бай болмассыз, кигенменен.
Жұртыңның әдеті осы баста үйренген.
Қараспас кедейіне байларыңыз,
Деп ойлап, мынау болсын пайдалыңыз.
Еліңді қанша мақтап көтергенмен,
Белгілі біздің жұртқа жайларыңыз.
Қайғы ұрып күні-түні дүние үшін,
Жыл бойы қараңғылық айларыңыз.
258
Қазақ өнерінің антологиясы
Қай жақта айтылмаған асыл сөзің,
Бар болса, айтатұғын келді кезің.
Қадірлі болмай, не қып келіп қалдың,
Еліңде аю жігіт болсаң өзің.
Естідім кедей жігіт деп сыртыңнан,
Мұны өзіңе айтайын, тұр ғой көзің.
Жел сөзді, жылдам-жүйрік епті екенсің,
Қиялмен айтар сөзге бөп-бөтенсің.
Сөзіме менің айтқан ерегісіп,
Халқымды қыла берме көп кекесін.
Сыртында көп жастар бар адырайған,
Қамшысын, тисе тілің, жеп кетерсің,
Бишара қаңғып жүріп, сорың қайнап,
Қайтерсің, азар болса, өкпе етерсің.
Мансұр:
Дәме қыз, шыныңнан көп өтірігің,
Ашылған ұятсыз боп, бетің бұрын.
Алдыма айыбымды сала ма деп,
Сезіктен кетті өзгеріп сенің түрің.
Сенімен ерегісіп, тілім тиді,
Халқына қарақалпақ жеке рудың.
Айырдың тауды құмнан, Сырды қырдан,
Құтырған екенсің ғой шын жын ұрған.
Ал енді елдің мінін мен де айтамын,
Табасың қандай пайда, құрғыр, мұнан.
Қояйын қорғалатып саспа, Дәме,
Торғайдай тұрымтай мен қырғи қуған.
Болған соң асылы пенде елде мін бар,
Мін айтпа, күшті болсаң, жерге мұндар.
Алланың қылған ісін айыпсыз деп,
Дәлелді әр нұсқадан көргенім бар.
Суы – сүт, топырағым десең де алтын,
Болмайды Сырдан ешкім суға құмар.
Айтайын атын атап бірте-бірте.
Қарашы, шөл жеріңмен тең бе бұлар?!
Жайлайтын жазды күні құралайы,
Мұнарлы бұлт кетпес белдерім бар.
259
Айтыс II том
Қаз қонып, ыңырсыған, үйрек ұшып,
Шалқыған шағалалы көлдерім бар.
Перденкі патроны ататұғын,
Айлалы әбжін туған мергенім бар.
Бұл біздің сіздің жерден артық жері,
Елімнің осындай көп ермегі бар.
Жаз жайлауы – Сарысу мен саласы бар,
Сырты жон – сексеуілді қара-шұбар.
Боз біткен бетегелі жері – шым, саз,
Ат шабар айдын тақыр даласы бар.
Сұлтанға зиярат қып жылында бір,
Қыстатып қойын айдап тағы шығар.
Нәзірге берген теңге есеп емес,
Апарған ат пен түйе қарасы бар.
Аздырмас жастарына ақыл айтып,
Халқымның қарт-қария данасы бар.
Шөлде жоқ, қанша айтқанмен, мұның бәрі,
Халқыңның қанша мұндай шарасы бар?
Қайырға қатар біткен талдарым бар,
Жайылған тал арасын малдарым бар.
Жасатқан піскен қыштан, әйнек құрып,
Қыс болса, орнатқан тамдарым бар.
Кедей деп, Сырға тағып қалың қайғы,
Бұл сөзден кегің сенің алынбайды.
Қой айдап, түйе жинап, бақпағанмен
Азығы қамбасынан арылмайды.
Сендердей қошеметті қылып малға,
Жарлысы байға барып, жалынбайды.
Көктемде түрлі дақыл себіледі,
Қос айдап, кетпен шауып, егіледі.
Күз болса, жинап алып мұның бәрін,
Қайғысыз тапқан дәнін тегін жейді.
Халқымның әдеті осы, баста үйренген,
Жамандап, қанша айтсаң да, кемімейді.
Дәме қыз, сөзің бар ма айтылмаған?
Бар болса, тағы білдір айтып маған.
260
Достарыңызбен бөлісу: |