Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет101/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтпассың сен жамандап түбі құмды, 
Айтарсың кеміткенде – құдығымды. 
Кедейің шиқылдатып ала жаздай 
Жүргенін мақтаймысың, шығырыңды. 
Тұзақ қып, қырғауылға қылын жұлып, 
Құйрықсыз қор қыласың тұғырыңды. 
Сенімсіз бір-біріне болды халқың, 
Көбейтіп қатындарша сыбырыңды. 
Жүреді кей кедейің кесірленіп, 
Желбегей жеңі болмас сұғынулы. 
Көтере көк тарыға киім киіп
Тапқанын саудагерге тығынулы. 
Ал, Мансұр, сол кедейдің сен де бірі, 
Айтпасам болмайды ғой қылығыңды.
Мансұр:
Дәме қыз, айтылмаған сырың бар ма? 
Тастап айт, өтірікті шының бар ма?
Бәрі рас, айтқаныңның жалғаны жоқ
Ойланшы тағы тағар мінің бар ма? 
Қарақалпақ – сараң ел, қайыры жоқ. 
Мырза деп, бекер сөзбен сұлуланба. 
Баласы біз қазақтың Сыр бойында, 
Жатамыз жайлап-қыстап қыр бойында. 
Сырдағы тамашаның бірі де жоқ, 
Қырдағы мақтанасың құр қойыңа. 
Бейнетсіз рақат жоқ қайда барсаң
Арамдық – тек рақат жайда қалсаң. 
Көмірге көк теңгені алар ма едің, 
Күз болса, қимылдамай жайға қалсаң. 
Түн қатып, түсің қашып Самарқанға 
Түйені айтар едің, айдамасаң. 
Дәме қыз, бұл сөзіңнің шын ба бәрі? 
Жұрт отыр сенен сөзді тыңдағалы. 
Теп-тегіс малға, сірә, жұрт бола ма? 
Аз емес айта берсең құмда жарлы. 
Халқыма, тентекпісің, тіл тигізбе, 


255
Айтыс II том
Бар бізде тоқсан тоғыз машайығы –
Сұлтанның Қаратауда Сырдан арғы. 
Сол таудан шыққан байлық қайнап тасып
Дарияға ағып құяр жылғалары. 
Дарияның басы дұрыс Хантәңірден 
Аяғы өн қорыққа су барады. 
Осының бәрі де бар елдерімде, 
Сөзіме я болмаса сенбедің бе? 
Қайнаған бұлақтайын дариям бар. 
Құмыңды Сыр бойына теңедің бе? 
Күн ыстық, көлеңкесіз, көктемі аз, 
Сыйы жоқ Кербаланың шөл жерінде. 
Ат мініп, асын ішіп жүргеннен соң, 
Айыбыңды айта алмадым сендердің де. 
Белдестің маймылдай-ақ айуанменен, 
Көрерсің жемтігіңді шеңгелімде. 
Асу сөз айтылмағы әлі алдыңда. 
Айта бер, көзің жетсе, жеңбегіңе.
Кеміттің кедейсің деп, келмей жатып, 
Баймын деп мақтандым ба сен көрімге? 
Дәме:
Ал, аға, мен сөйлеймін шыныменен, 
Білерсің сұрай берсең, сырымды елден. 
Көрінген бойыңдағы мініңді айтпай, 
Тоқталып тартылады тілім неден? 
Аша алмай айыбыңды отыр едім
Мейман деп, қадір тұтып күніменен. 
«Сараң», – деп, – қарақалпақ – бір сөз айттың 
Дабысыңды өшіре ғой үніңменен. 
Қазақ пен қарақалпақ бастан егіз, 
Аралас қашаннан-ақ жатқан елміз. 
Жері жаз, суы тұнық болғанменен, 
Қоныссыз қор болады шалқар теңіз. 
Егіліп түрлі жеміс миуаланса, 
Тамаша теңізден де қазған керіз.
Тамаша құмда болмай, кімде болар,– 
Асы көп, ақшасы мол, аты семіз.


256
Қазақ өнерінің антологиясы
Аламыз көмір сатып көк теңгені,
Кәсібі еліміздің көптен бергі.
Кигізіп жазыларды нарға артады, 
Самарқан, Бұхар барып төгер жері. 
Бір нардың қырық теңгеден жүгін сатып, 
Дызақтан ұн алады шеттен бергі.
Осының бәрі де шын, жалғаны жоқ, 
Бекері бар ма ішінде – аңғар тым көп.
Талпынып, тіл байлаймын дегеніңмен
Тоқталып, сірә, қорқып қаларым жоқ.
Барасың үндемесем едірейіп, 
Жігітсің түсі жұқа, салмағың жоқ.
Саспағын айтар сөзге бүктелерсің, 
Жоқ екен ойлап тұрсам, тіпті, есің.
Білемін Сырда әулие көп екенін,
Не пайда қадір тұтып күтпеген соң?!
Сырыңның сылдыр бақай адамдары,
Тұрмайды уәдеде табандары.
Ертеден кешке шейін пікір ойлап,
Асылы жоқ ақыреттен хабарлары.
Болған соң көп әулие аяқасты,
Ұзамай, қысқарып жүр қадамдары.
Жарамды жақсыларын жасық билеп,
Қояды болыс етіп надандарды.
Парқы жоқ, қанша айтқанмен, ел-жұртыңның
Болса да, мінсіз тегіс саған бәрі.
Біздегі болыс-би мен байға келдің, 
Бірі емес, бәрінен де пайда көрдің. 
Селтеңдеп, семіздікті көтере алмай: 
«Ішемін шекер салып шайға», – дедің. 
«Арғымақ ат, түйеден нар болмаса
Көңілім жоқ тайлақ пенен тайда», – дедің? 
Қайырлы елің менен жерің болса, 
Тентіреп, жалғыз өзің қайдан келдің? 
Сырыңның көлі сасық, шөбі жасық, 
Жарлылар жалаң аяқ түсі қашып, 


257


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет