Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет12/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   181
Құлмамбет:
Жамбыл, отқа салар майың жоқ па,
Құдайға айтып сояр малың жоқ па?
Есқожаға сүйенген жазған екен,
Саларға өз еліңде байың жоқ па?
Шүу десең, Шапырашты, шабаның жоқ,
Бәрің жүйрік гулесең, шабаның жоқ.
Қырғызды «Қанайлаған» бөкселеген,
Саурық, Сұраншыдай заманың жоқ.
Өлеңді бір соғайын түйдегімен,
«Әжібайлап» соғайын бүйрегіңнен.
Не деп айтқалы отырсың бұл өлеңді,
Сен тұрмақ, үміткермін үйдегіңнен.
Ойбай-ай, мына к..і түртті Құдай тағала,
Ісіне құдіреттің не дүр шара?
Шапырашты басымен шалқақтайды,
Орыстың заманына не дүр шара?
Шапырашты, мақтанба к...т белгілі,
Әркім-ақ тұрған шығар беп-белгілі.
Құландыда қайырып қуға салса,
Тышқан алған көруші ек бөктергіні.


64
Қазақ өнерінің антологиясы
Сен маған салғалы отырсың ба көптігіңді,
Тіпті, керек қылмаймын септігіңді.
Айыл жіптен тартып кел шеттігіңді,
Ерегіссем, үземін көпшігіңді.
Салғалы отырсың ба ерлігіңді?
Ерлігіңмен саласың беклігіңді.
Ерлік пенен беклікте нең бар, сорлы,
Ерлік пенен беклігім сенен артық.
Селтеңдеген серкенің ажалы дөп,
Ақыр түбі Сауырық, Сұраншы жаудан өлген,
К...ді сүртпеймін ендігіңмен.
Сұраншы сарттан өлген Сайрамдағы,
Ерлікпен тапқан олжа, пайдаң-дағы.
Қамалға қан тартқан соң қойып кетіп,
Жайғады Сарыбоздың саймандары.
Саймансыз Сайрамдағы сарттан өлген,
Шоқпарлы Сарыбоздан жәбір көрген.
Ерлікте, батырлықпен нең бар жазған,
Быт-шыт қып, денелерін жерге көмген.
Жамбасы Сарыбайдың сонда шыққан,
Дәлелді сөзім – осы, естіп ұққан.
Иман айтып, жаназа шығармастан,
Апарып, екі бүктеп, жерге тыққан.
Алдымнан айғақ болып шығады-ау деп,
Жүрмісің көлбелектеп, қорқып сұқтан.
Жамбыл:
Екейден мен айтайын Байсалбайды,
Тең жорға төрт аяғы тайпалмайды.
Аңырып әніме аңдар қалатұғын,
Өлеңді бүйтіп жыршы айта алмайды.
Апиыншы Албанды сонша мақтап,
Құлмамбет немене деп сайтандайды.
Миллион сом сандықта шіріп жатыр,
Мың сегіз жүз түйе бар Байсалбайда.
Пақыр мен желісіне мүскін келсе,
Ат пен түйе мінгізбей қайтармайды.


65
Айтыс II том
Мың-мыңнан қойы қоздап шулап жатыр,
Бес жүз құлын желіде тулап жатыр.
Екі адамға бір саба орнатады,
Қонақ қонса, қой сойып, қол қусырып,
Күнде той, тамашамен дулап жатыр.
Тағы бар бұ жағында Асылбегім,
Шынжырлы, шұбар балақ, қаракөгім.
Байсерке, Байғабат пен ер Шотай мыңғып жатыр,
Айта берсем, таусылмас оның көбін.
Жақсылық жамандықпен теңшеледі,
Кім жүйрік, кім шабан екшеледі.
Сатайдың сақасы өрде жатыр,
Оны да көрген дұшпан сескенеді.
Жалғыз-ақ, сен болмасаң, таз Құлмамбет,
Жамбыл да сенен өзге ақынды еңселеді.
Оның рас, таз Құлмамбет, 
Сұраншы Сауырықпен жаудан өлген,
Құдайдан шейіт болып, қаза келген. 
Осы сөз қырсық болар, қойсаңшы сен.
Қажылық қып кетіп пе ед Мақсұт ағаң,
Шытыр жеген түйедей көні кеуіп,
Бір сайда іріп-шіріп, даудан өлген.
Ұрысып, ағайынмен, аунап өлген.
Әртүрлі жамандықты естіп өлген,
Қорлықпен буындырып, күшпен өлген.
О немең өлгенде де жөндеп өлген,
Аузына бірдемесін тістеп өлген.
Не деп айтқалы отырсың, таз Құлмамбет,
Керейқұл мен Сақаудан аз Құлмамбет.
Алақандай басыңда бір қылың жоқ,
Боласың неменеге мәз, Құлмамбет.
Құлмамбет, мен білемін түбің уақ,
Арқадан кісі өлтіріп, келдің шуап.
Басыңды осы арада кесіп алсам,
Құныңды алар кісі жоқ, іздеп-сұрап.
Үстіңе жайдың оғын жайлатармын,
Екі қолыңды артыңа байлатармын.


66
Қазақ өнерінің антологиясы
Безбелет, кісі өлтірген қашқын жүр, − деп,
Жұртыңа здавайттап айдатармын.
Қызыңды төрт ат, жүз теңгеге сатып жүрсің,
Қызыққа, тамашамен батып жүрсің.
Соттан сотқа басыңды шатып жүрсің,
Сары иттей ине жеген қатып жүрсің.
Құлмамбет, ақын Шаншар, суандалдың
Нашар едің, бұл күнде жуандалдың.
Сенің де мақтанатын жайың да жоқ,
Қуарып, үш бешпетпен қуаңдадың.
Құлмамбет, Суанды алдың Албанменен,
Албандай бай болмадың алғанменен.
Байғұс-ау, қай жеріңнен мақтанасың,
Ісің жоқ, шешең жұртта қалғанменен.
Арқадан ауып келген ақтабансың,
Елді алдап, ақынмын деп мақтанасың.
«Таз Албанның баласы Құлмамбет» деп,
Дүйсенбай, Сәт, Мәңке жанын беріп, ақтап алсын.
Жамбылдың жеңіп, бәйге алған жері,
Жеңіліп, Құлмамбеттің қалған жері.
Ішегі Құлмамбеттің үзіліп қап,
Осы екен, бір азғантай арман жері.
Желөкпе, Құдайберген тентек адам,
Жеңді деп біздің Жамбыл, не қылса да,
Ұрыс-керіс, шатақты салған жері.
Сонан соң бұл Жамбылдың даңқы шыққан,
Болған соң абыройлы барған жері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет