Айтыс II том
Ел қорғайтын ұл туса,
Елді дұшпан торлай ма?
Шаңымды менің шалмайсың,
Ұрсаң да қамшы борбайға!
Қырсық шалса жолыңды,
Ісіңді Құдай оңдай ма?
Төрт түлік мал тұрғанда,
Сойдырып шошқа соғымға,
Шариғат жолы сондай ма?
Сен білмейсің, мен айтам,
Қойшыбайдың атасы,
Қайырсыз бай Қалдайың.
Торғайдан торай қоймаған,
Адалдап жиған малдайын.
Ажырата білмеген,
Адал мен харам қандайын.
Шариғаттың жолында,
Арам жемек бар ма екен?
Тағы да жайың мынадай:
Жасын кәміл толтырып,
Қыз өсірдің бұладай.
Алыстан келген сәудегер,
Керегіңді сатып ап,
Қыздарыңменен жатып ап,
Зауыққа сая қылады-ай...
Желпінген көңіл басылып,
Желіккен жүйрік тынады-ай.
Сәудегер, молда зұлымсың,
Халықтың көзін боядың,
Қайыр басқан тұмадай.
Алты ауызды ала боп,
Басыңды төре сұрады-ай,
Мен боламын ханың деп,
Хандығым жұртқа мәлім деп,
Еліңді қысты қынадай.
Ханнан көріп қысымды,
Күйзеліп жұртың жылады-ай.
50
Қазақ өнерінің антологиясы
Көтерген жұртқа бас қылып,
Қайырымы жұртқа тимеген,
Қаны қара залымды,
Залымдығы мәлім-ді.
Алдына тура бара алмай,
Барып, жауап ала алмай,
Айта алмадың зарыңды.
Жылқы, түйе, сиырмен,
Қой, ешкіні сойып ап,
Тартуға тарттың барыңды.
Тартып алды еріксіз,
Жүк артатын нарыңды.
Көз жасына қарамай,
Жылатып кемпір, шалыңды.
Хан жарлығы солай деп,
Бұқара бізге оңай деп,
Өрісі қатты тарылды.
Ел қорғайтын ерлерің,
Алдына барып бас иіп, –
Алдияр! – деп, жалынды.
Арамтамақ құзғындар,
Жоқтамай намыс, арыңды.
Жауға бердің еліңді,
Қаны қара сұмырай,
Қатты басты беліңді.
Үн шығармай тұншықтың,
Шығара алмай шеріңді.
Ханның сесін қайырып,
Еліңді даудан айырып,
Алмадың қалай кегіңді?
Әулие болса қайда еді,
Ескелді би жалпағың,
Төреге елін сұратып,
Нашарларын жылатып,
Қадірін білмей халқының
Байтақ жатқан кең елге,
Тиді кесір шарпының.
Елеурейсің ентігіп,
Басылар қазір қарқының.
51
Айтыс II том
Ат-тоныңды олжа ғып,
Қайт, еліңе, жарқыным.
Жалайырдың ішінде,
Сенің бабаң – Балғалы.
Балғалының байлығын,
Отырсың ба салғалы?
Байлығың сонша көп болса,
Не ғып жүрсің бұл жақта
Зекет, құшыр алғалы.
Антұрған деп айтады,
Жалайырда қарғалы,
Сөзімнің жоқ жалғаны.
Әлі де айтып беремін,
Тағы да болса қалғаны.
Ауыз бірлік қыла ма,
Ашулы болған кектісің.
Байдан кедей бөлініп,
Байға қара көрініп,
Кедей ашу етпесін!
Аузың бармай отыр ма –
Айтуға Көлбай, Маманды?
Мырза, Күшік, Жалайыр,
Аңдысты зұлым әманды.
Кедейге жаны ашымай,
Жақсылық іздеп басына,
Жоламай бәнде қасына,
Маман берер сазаңды.
Қарсы жауап айтуға,
Келтірмеген шамаңды.
Жалақор деп айтамыз,
Жұртына бүлік салғанды.
Би мен болыс, бай, манап,
Пристав, князь, чиновник,
Шулатып бала-шағаңды.
Қай жақсың бар оларға,
Қарсы тұрған табанды?
Қариямын, сұраймын,
Сөзіме жауап бер деймін.
Сиқыршы, залым, қу молда,
52
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұған жауап бермесең,
Қыс к... мен деймін,
Ашып қара көзіңді,
Сөз иесі мен деймін.
Бола алмайсың сен, сірә,
Меніменен тең деймін.
Сендей-сендей ақынның,
Сөзбен жанын емдеймін.
Өлеңмен шын тасысам,
Ағып бір жатқан селдеймін.
Айтайын мен білмесең,
Өлгенменен пара-пар,
Қу басыңды кірлесең.
Көмусіз бір күн қаларсың,
Көпшілікті тілдесең.
Көпшілік дария көлдейін,
Сол дариядан қансам деп,
Әркім-ақ аңсап шөлдейтін.
Бақыты жұрттың өрлесе,
Мәңгі қалар сенбейтін.
Есеңгіреп жүрмесең,
Елді неге даттайсың?
Екі жүзді болмасаң,
Байды неге мақтайсың?
Қайыры көпке тимеген,
Әкімдікпен билеген,
Жарлы-жалшы сүймеген,
Ханды неге жақтайсың?
Жегенің көп шашыңнан,
Қылмысың үлкен басыңнан,
Халыққа тиген пайдаң жоқ,
Қайтіп тұзыңды ақтайсың?
Екі ұртыңды қампитып,
Сөйлейсің сен аптығып.
Еліңде ер бар ма деп,
Сұрайсың және шаптығып.
Зығырданы қайнаған,
Елім кірді кеңеске,
53
Айтыс II том
Ерлік туған емес пе.
Жердің шелін сел жуар,
Елдің кегін ер жуар.
Дауыл тұрса, бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар,
Ерліктің оты лапылдап,
Аспанға шығар күн туар.
Сол майданда жалындап,
Қолына алмас қару ап,
Алатаудан ақырған,
Жауын жеңіп жапырған,
Қарасайдай ұл туар.
Достарыңызбен бөлісу: |