Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет14/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   181
НОҒАЙБАЙ МЕН АЙБАЛА 
Айбала:
Сұрасаң, Шонтай қызы Айбаламын, 
Құлпырған түлкісіндей айдаланың. 
Келсе де, рулы елді асырайтын,
Бәрі бай толықсыған айналамның.
Ноғайбай:
Сүлейменнің баласы Ноғайбаймын
Алты арыстың ішінде жоғалмаймын. 
Өлеңменен жан сақтап жүргенім жоқ, 
Ат пен түйе берсең де, мен алмаймын.
Айбала:
Жақынырақ Зайсанға қоныстарың, 
Қара нан жеп көбейді-ау борыштарың. 


69
Айтыс II том
Екі ауыз тіл орысша үйренем деп, 
Алексеймен дос бопты болыстарың.
Ноғайбай:
Алексей арамдықты қаламайды
Ақкөңіл, білсе, ақылын аямайды. 
Өтірік-өсек, ұрлық жоқ әдетінде, 
Өмірін өз қолымен жаңалайды.
Татар да бар арада, орыс та бар
Алыс-беріс арада борыш та бар. 
Адалдықпен жақын боп сыйласқандар 
Алысынан сыйысып, қоныс табар.
Достықты дұшпан адам қаламайды, 
Сүйеуге қолын созып, жарамайды. 
Орыс, қазақ сыйлаған Бұтабайды 
Дос болса, Таңғыт неге қаралайды?
Айбала:_Өзің_надан,_еліңде_бар_ма_молда_Жастайыңнан_жарытпас_түстің_жолға._Жар_басына_шыққандай_шалқаясың,_Күңіренген_қу_тақтай_алсаң_қолға._Ноғайбай'>Айбала:
Өзің надан, еліңде бар ма молда? 
Жастайыңнан жарытпас түстің жолға. 
Жар басына шыққандай шалқаясың, 
Күңіренген қу тақтай алсаң қолға.
Ноғайбай:
Тумай жатып, Құдайым көзімді алған
Қолдан келмес нәрсенің бәрі де арман. 
Көзім соқыр болса да, ойым – ояу, 
Бұтакеңнен сақтасын, көңілі надан.
Айбала:
Ақшаарал, Ақаралмен жерің байтақ
Ылай судан өте алмас адам аттап.
Қалың қамыс, қопадан жол таба алмай, 
Жақындарың адасқан жүр ғой қаптап.
Ноғайбай:
Бұтакең жер шұрайын алған таңдап, 
Айналыпты тақырға жері шандақ. 


70
Қазақ өнерінің антологиясы
Сасайдың қуысына қуып тастап 
Еліңді тозғындатты жаудай шарлап.
Айбала:
«Терісайырық» – теріс аққан бұлақ екен, 
Кең өріс, жері шүйгін құнарлы екен. 
Қойнынан төрт түлік мал арылмаған 
Ырыс қонған ауылдың тұрағы екен.
Майшілік, Қандысудың жағасында,
Ақ астық Шіліктінің даласында.
Тәңірім өзі ұйғарып, бөліп берген,
Бес Саты, алты Жұмық баласына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет