71
Айтыс II том
Жиен
қыз тентектікке сала берме,
Қабакең бар қазаққа бірдей батыр.
Ел қорғаған елімнің батыр қызы,
Наркескен, ақ семсердей өткір жүзді.
Қаптаған «Қызыл аяқ» қалың жаудың,
Садақшы қыз Жәнделі шебін бұзды.
Гүліндей жауқазынның нәзік жүзді,
Халқымыз ұмытқан жоқ асыл қызды.
Азаттықтың аққуы – Жәндәлімнің,
Жауға аттанған Сауырда жатыр ізі.
Айбала:
Содан бері көп жылдар өтпеді ме,
Арманы асыл, есіл қыз кетпеді ме?
Қызға сойыл ұстатып, аттандырып,
Ер жігіті еліңнің жетпеді ме?
Ноғайбай:
Ару
қыздан ардақты ат қалыпты,
Кыз болса да, ер ісін атқарыпты.
Ерлік жігер, ар-намыс қызға жат па?
Ел намысын қорғауға аттаныпты.
Айбала:
Ағажан, бойың – мынау, ойың – мынау,
Біраз күн мұнда келіп, тойындың-ау.
Бір
шырпы тигізетін септігің жоқ,
Қапылыста қамаса, еліңді жау.
Ноғайбай:
Бой сұрамас қысқа бой ұзын бойдан,
Ар-инабат табылар ақыл-ойдан.
Домбыраммен мен шықсам,
елмен бірге,
Өзің қайда боласың, оны да ойлан.
Айбала:
Бүйтіп жүріп, сен қайтып оңаласың,
Алдырсаңшы көзіңнің ноғаласын.
72
Қазақ өнерінің антологиясы
Алдырмасаң, көзіңнің ноғаласын,
Қарақұрық болғанда жоғаласың.
Достарыңызбен бөлісу: