336
Қазақ өнерінің антологиясы
Заман:
Ұмсын-ау, екі дүние сәлемет бол,
Жабулы бойыменен қалсын ол жол.
Бізді сыйлап, қожа деп,
пір тұтсаңыз,
Таңда махшарда имам Ағзам қаумында бол!
Ұмсын:
Дәуіт темір соғады, мылтық ата,
Бір Алладан басқада көп-ті қате.
Заман-еке, сізді біз пір тұтайық,
Ықыласыңмен қол жайып, берсең бата!
Заман:
Мүсәпірдің көңілінде бар дүр сана,
Жаратқан Жаббар Құдай, өзі пана!
Ұмсын-ау, түрегеліп,
қолыңды жай,
Өмір мен иман берсін, иа, Раббана!
Достарыңызбен бөлісу: