Айтыс II том «КҮлтегін»


Қадиша (т.ж.? – қ.б.ж? ) – тегі: Орта жүз, Қарауыл, Мүлтіксары, Жауар.  Құдайберген Әлсейітұлымен айтысқан. Оңғар Дырқайұлы



Pdf көрінісі
бет151/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181
Қадиша (т.ж.? – қ.б.ж? ) – тегі: Орта жүз, Қарауыл, Мүлтіксары, Жауар. 
Құдайберген Әлсейітұлымен айтысқан.
Оңғар Дырқайұлы (1859, Қызылорда обл., Қармақшы ауд. – 1902). 1895 ж. Ал-
тын руының ақыны Топжан Байназарұлымен де айтысқан. Тегі: Кіші жүз, Әлім, 
Қаратамыр.
Ырысты қыз (т.ж.? – қ.б.ж.?) – тегі: Кіші жүз, Әлім, Шөмекей, Аспан, Төбет 
аталығынан. Қазалы, Қармақшы өңірінде көшіп жүрген. Ол қарақалпақ ақыны 
Әжінияз Қасыбайұлымен (1829 – 1878) де айтысқан. 
Қызыл жыршы (Мырзабек Байжанұлы) (1870, қазіргі Оңтүстік Қазақстан 
обл., Отырар ауд. Маяқұм ауылы –1945, күз, сонда) – Майлы қожа, Мәделі қожа, 


368
Қазақ өнерінің антологиясы
Нұралы, молда Мұса, Айтбай, Балтабай, т.б. ақындармен айтысқа түскен. 1939 ж. 
Шымкенттегі олимпиадаға қатысып, Алматыға шақырылған, бірақ партиялық цен-
зура: «Алланы көп айтасың», – деген желеумен шетқақпайлық жасаған. 
Классикалық жырау типіне анық келмегендіктен, жыршы деп беруді жөн көрдік. 
Тегі: Орта жүз, Қоңырат, Көтенші, Жаманбай, Қира. 
Әкімгерей Қостанов (1878, бұрынғы Орынбор обл. Бөрте ауылы – 1932, 
Қарақалпақстан, Шымбай қыстағы) –А.Затаевичке ондаған ән мен күй жаздырған, 
жыршы.
Болман Қожабайұлы (1880, Қарағанды обл., Ұлытау ауд. − 26.9.1972, сонда). 
Тегі: Орта жүз, Найман.
Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды обл., Ұлытау ауд. − 1938) – атақты 
Ыбырай Сандыбаевтың туған жиені. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ өнерінің бірінші 
онкүндігіне қатысқан. 
Иманжан Жылқыайдаров (1882, Қарағанды обл., Ұлытау ауд. – 10.8.1973, 
сонда). 
Бибіғали Оңғарбайқызы (т.ж.? – қ.б.ж.?) − Иманжан ақынның жерлесі, ауыл-
дас. 
Кеншімбай Қабанұлы (1865, Қызылорда обл., Сырдария ауд. – 1925, сонда). 
Кейбір деректе: Көншімбай. Өз елінен қуғын көріп, Ор бойындағы Жағалбайлы 
еліне келіп, болыстың хатшысы болып, қызмет еткен. Сол жерде Ақсұлу қыздың 
сұлулығы мен ақындық даңқын естиді. Тегі: Кіші жүз, Байұлы, Жаппас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет