Айтыс II том «КҮлтегін»


АҚЫНДАР  ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР



Pdf көрінісі
бет150/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181
АҚЫНДАР 
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР


367
Айтыс II том
себепті әкесі Бексары Түркістан өңіріндегі Қоңырат ортасына көшіп келген. Бұл 
жерде де Айқынның ақындық атағы жайылған. 
Сарышолақ Боранбайұлы (1858, Ақтөбе обл., Шалқар ауд. – 1929, сонда, Нияз 
(Құмдық) қорымы ) – ұлт мүддесін көздеп, отаршылдыққа қарсы болған себепті 
есімі де, шығармалары да аталмай, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мұрасы 
халқымен қайта табысты. Атақты Мөңке би – Тілеудің бел баласы, ал Сарышолақ 
Тілеудің Жалтума деген немересінен тарайды. Тегі: Кіші жүз, Әлім, Шекті, Тілеу.
Тоқсұлу (1887, Ақтөбе обл., Мұғалжар ауд. – қ.б.ж.? ) – тегі: Кіші жүз, Әлім, 
Назар.
Бақи сұлу (1862, Ақтөбе обл., Мұғалжар ауд. – қ. б.ж.?) – тегі: Кіші жүз, Әлім, 
Жекей. 
Құлый (1888 − 1909) − тегі: Кіші жүз, Әлім, Тілеу.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858, қазіргі Павлодар обл., Баянауыл ауд., 
Қызылтау – 1931, сонда) – ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. 15 жасынан 
өлең жаза бастады. 1875 ж. біраз уақыт мұғалім болды. 1887−1890 ж. Самарқанд, 
Ташкент, Түркістан, Бұхара, т.б. қалаларды аралап, араб, парсы тілдерін үйренген, 
Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысқан. 
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (1858, Солтүстік Қазақстан обл., Айыртау ауд. 
−1930) – кеңес кезіндегі асыра сілтеу науқанына қарсылық танытқаны үшін «халық 
жауы» атанып, түрмеге қамалған. 
Құдайберген Әлсейітұлы (1871 ?, қазіргі Павлодар обл., Ертіс ауд. – 1935, Ре-
сей, Омбы обл., Шарпақ ауд., Жұмабай ауылы) – Сарыарқаның атақты ақындарының 
бірі, Иса Байзақовтың ұстазы, желдірмені осы Құдайбергендікі деп те орындайтын 
нұсқалары болған. 
1965 ж. «Айтыс» жинағында (1, 542-б.) тегі аталмаса да, қайтыс болған жылы 
1931ж. деп көрсетілсе де, Үкілі Ыбыраймен айтысқан Құдайберген ақын осы екені 
түсінікті.
Құдайберген Әлсейітұлы Қадишамен де айтысқан. Тегі: Орта жүз, Қыпшақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет