Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет149/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181
Айтыс II том
ҒЫЛЫМИ 
ҚОСЫМШАЛАР


366
Қазақ өнерінің антологиясы
Жамбыл Жабаев (1846, 28.02, Жамбыл обл. маңы, Шу өзенінің бойы – 1945, 
22.06, Алматы обл. Ұзынағаш) – екі дәуірді көрген қазақ поэзиясының алыбы. 15 
жасында Сүйінбай Аронұлынан бата алып, ақындық талантын шыңдаған. Тегі: Ұлы 
жүз, Шапырашты, Екей.
Айкүміс (т.ж.? – қ.б.ж.?) − Жетісудағы әйгілі ақын қыз, әзірше өзге мәлімет 
белгісіз. 
Сарбас Майкөтұлы (1849, Жамбыл обл., қазіргі Қордай ауд., Долаңқара, 
Мәтібұлақ – шамамен, 1914) − Кенен Әзірбаевтың ұстазы, аталас ағасы. Тегі: Ұлы 
жүз, Дулат. Жалайыр ақыны Қабан (Қабылиса) жыраудың жиені. 
Досмағамбет (Доспамбет) (1883, Алматы обл., Қаратал ауд. − 1910, сонда ) – 
тегі: Ұлы жүз, Жалайыр, Балғали. 
Құлмамбет (1826/1840, қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауд., Күрметі 
аулы − 1903/1906, Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауд., Түрген) − Жетісуда Сүйінбай 
бастаған айтыс мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Әкесінің есімі ел есінде 
сақталмағандықтан, Құланаян Құлмамбет атанған. Тегі: Ұлы жүз, Албан, 
Қызылбөрік, Құланаян. 
Ноғайбай Сүлейменұлы (1855, маусым, Ертіс жағалауы ? – 1919/1923 ?, Ал-
тай, Бурылтоғай өңірі). Ол туралы 1888 ж. «Қырғыз халқының ақын-жырауы 
Ноғайбай» атты мақала «Этнографическое обозрение» басылымында жарияланған. 
Мақала авторы А.Ивановский ақынмен Зайсан көлінің жағасындағы Қарабатпақ 
жайлауындағы Көлденең судың бойында Садықан Ақатұлы деген қазақтың аулын-
да 1888 ж. жазында кездескен, бұл кезде ақын 33 жаста болған. Зағип болған деседі.
Ноғайбай Сүлейменұлының басқа да айтыстары бар. 
Жарылқасын Сырманұлы (1857, Қызылорда обл., Жалағаш ауд. – 1905) – 
көрнекті ақын Омар Шораяқұлы ұстаз тұтқан.
Айқын, лақабы – Айымторы, Бексарықызы (1859 – қ.б.ж.?) –мәлімет 
сақталмаған. Атажұрты Сарыарқадан, бірақ айттырған адамына қыз көңілі толмаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет