Айтыс II том «КҮлтегін»


АЙҚЫН ҚЫЗ БЕН ЖАРЫЛҚАСЫН ҚОЖА



Pdf көрінісі
бет17/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   181
АЙҚЫН ҚЫЗ БЕН ЖАРЫЛҚАСЫН ҚОЖА
Айқын:
Қожеке, есенсіз бе, сәлем бердік,
Мүбәрәк дидарыңды жаңа көрдік.
Жүзіңде рақымың бар жан екенсің,
Жоқ шығар көңілінде такаппарлық. 
Өзің біл сөйлескенде не деріңді,
Әлік алып, қолыңды көрісерлік.
Жарылқасын:
Жарқыным, сәлем берсең, сәлемет бол,
Жетеді мұратына өлмеген құл.


74
Қазақ өнерінің антологиясы
Сіз сәлем берсеңіз, біз әлік алдық,
Сүндеті пайғамбардың қазулы жол.
Көріссең, көрісем деп айтқан сөзің
Әрқашан шариғатқа теріс емес бұл.
Таранған тотықұстай бала екенсің
Және де екі бетің – алқызыл гүл.
Порымың қатарыңнан артық екен
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл.
Ат біліп, жүз танымақ бір ғанибет
Абзал-дүр сөйлеспекке атың білдір!
Айқын:
Бексары – әкем аты, Айқын – атым,
Сүйгеннен Айымторы дейді халқым.
Бекмұрат бірге туған жалғыз ағам,
Осылайша айтайын сөздің салтын.
Осындай түсіндіріп тамам еттім,
Шұбалтып, не қылайын сөздің артын?!
Көңілімді қалдырар деп ойламаймын,
Секілді сөзің – жібек, жүзің – алтын.
Адамзат айтса, білер, ашса, көрер,
Білмейді бұл жақтағы сізді халқым.
Қожеке, өзің айтып, білдірмесең,
Қожаңның кім біледі қазақ, сартын?
Жарылқасын:
Ойлап ем бір бала деп жүзің жарқын,
Тілің – кілт, кеудең – сандық, ақылың – алтын.
Ақылың көп те болса, шашың ұзын,
Жібердің келістірмей сөздің артын.
Қыз Торы, мына сөзің не дегенің
Қожаның білмеймін деп қазақ, сартын?
Қазының сондай жақсы баласымын,
Еліңде жөн білетін жоқ па қартың?
Айқын:
Қожеке, сөзің – шырын, жүзің – алтын,
Тартты ма малал келіп, көңілің салқын.
Айтты деп мұндай сөзді көңіліңе алма,
Айтып ем әшейін-ақ сөздің салтын.


75
Айтыс II том
Қылатын елді таныс қосшы еді
Сұрамай, қайдан білсін сізді халқым?
Баян қыл, тақсыр, маған өз затыңды,
Бабаңа кір келетін жері бар ма,
Атаңның айтсаң маған қойған атын!?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет