Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет3/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
ЖАМБЫЛ МЕН САРБАС 
Сарбас:
Мен келдім домбырамды қолыма ала,
Бір сөзді өзім тұрып айттым жаңа.
Мен келген соң бұл жерде неге тұрсың,
Қара сирақ, қалбағай, қара бала. 
Ішінде Қасқараудың Сарбасың – мен,
Шапырашты кенеңнен, Дулатым – кең.
Домалақтай* енеңе тіл тигізсең,
Аруақ пен Құдайға жолықтың сен.
Қасқараудың ішінде атым – Сарбас,
Жақсылап сөйле дейсің, алдияр бас.
Бұл жерден жарты ауыз сөз алдырмаймын,
Былжырамай, сен өзің, еліңе қаш!
Дулат деген ел едім,


7
Айтыс II том
Мені байқап қарасаң,
Орнап жатқан көл едім.
Шапырашты ел ме екен,
Ойқастау саған жөн бе екен?
Мен – Майкөттің сегіз ұлының бірімін,
Мен сендейдің бәрін де,
Жаныштап, жастап жүр едім.
Шақырған соң қауымым,
Бұл жиынға кеп едім.
Нағашым Жалбыр, Он Қабан,
Осал жерден шықты демегін.
Қабанның арғы атасы – Әлік Аман,
Біреу жүйрік болғанда, біреу шабан,
Біреу жақсы болғанда, біреу жаман,
Қара баланы әдейі жалтақтатып,
Сақтап па едіңдер, бектер, маған?
Сыртыңнан сені бағармын,
Қазықтай жерге қағармын.
Талай-талай мінің бар,
Іздеп жүріп, табармын.
Көптігімді айтайын:
Жарықшақтың үш ұлы –
Дулат, Албан, Суанды.
Қоңырбөрік ішінде,
Кездестірдің жуанды.
Ұзынағаштағы егінші,
Бұл араға келгенге,
Неменеге қуанды?!
Шапырашты сенен – Дулат көп едім,
Бәрі бай, мырза, бек едім.
Тіленшінің құнындай,
Берекесіз ел едің.
Үміт қылып келіпсің,
Мені алдырар демегін.
Төрт Дулаттың баласы,
Албан жатыр алыста,


8
Қазақ өнерінің антологиясы
Суан жатыр Арыста,
Менімен түстің жарысқа,
Өңкей бектер қарап тұр,
Бәрің бірдей қалысқа.
Озбаспенен жарыспа,
Күш жетпеспен алыспа!
Дулаттап ұран шақырсам,
Ноғайбай мен Байбұлан,
О да келер намысқа.
Құр бекерге жарбаңдап,
Болмас жерде жабыспа!
Елімнің шетін айтайын,
Жаркентті барып жерлеген,
Малы жерді кернеген.
Байлық пенен көптікке,
Ешкімге намыс бермеген.
Сарбас ақын бұл жерде,
Көл дүкендей орнаған.
Нағашы атам – Мақтамазам әулие,
Қысылған жерде қолдаған.
Домалақтай енеме,
Тіл тигізген оңбаған.
Бейнет айдап келді ме,
Шапырашты, осында.
Сарбас ақын қасында,
Аз елге, сірә, күн бар ма?
Бұл сөзімде мін бар ма,
Мен бір жүйрік бәйгілі,
Шапқанымда сын бар ма?!
Төрт Дулаттың баласы,
Жер дүниеге сыймаған.
Айдап, малын жинаған,
Ерегіскен дұшпанды,
Еңкейтіп жүріп, қинаған.
Есепсіз қылып мал берген,
Қисапсыз қылып жан берген.
Дулат деген еліңмін,
Асуы жоқ беліңмін.


9
Айтыс II том
Көптігіме қарасаң –
Тастаса, ине жерге түспейді.
Бектігіме қарасаң,
Жаман тамақ ішпейді. 
Кербездігі осынша –
Ат үстінен түспейді.
Ақылына қарасаң –
Қайратпенен істейді.
Көшсе, түйе тіздеген,
Дұшпанды көрсе қарысқан,
Алтыннан қылыш сілтеген.
Қалың Дулат ішінде,
Бай десең де, менде көп,
Бек десең де, менде көп,
Көп десең де, менде көп,
Жер қайысқан мал да көп,
Ақыл айтар шал да көп.
Бестеректен шыққан Сәлімбай,
Бендеден тілін тартпаған.
Бетінен қаны тамылған,
Сөйлескен кісі жағынған,
Қорыққан кісі бағынған.
Ерлігіне қарасаң –
Кіреуке сауыт жамылған.
Кербездігіне қарасаң –
Етек, жеңін қағынған.
Сағаты жеткен ер екен,
Көрген кісі сағынған.
Күнту деген елінен –
Намаз деген ер шыққан.
Төмен жатып құмсаған,
Қырық жігітті жұмсаған.
Қан көрмесе қылышы,
Қылышы жаман сусаған.
Күнтудан шыққан ер Намаз,
Дұшпанның қолын шегелеп,
Естіген кісі шошынған.
Талапкер болған жігіттер,
Кеткен емес қасынан.


10
Қазақ өнерінің антологиясы
Үшінші Ботбайға келейін,
Атасы болған Ботбайдан,
Жеті жылдай қыз қарап,
Сұлуды құшқан оқтайдан.
Бұл Дулатқа тіл тигізбе,
Адам татқан, жұрт ерің,
Бейіс шекер тақтайдан!
Үсенбай шықты жасынан,
Майемердің қасынан –
Көрген кісі шошынған,
Бұлбұлдай тілі сайраған.
Елдің қамын ойлаған,
Аңырақайды жерлеген.
Тілегі бар ма бермеген?
Қасқарауда Қарабай,
Жасынан шыққан бөлініп,
Туған айдай көрініп,
Тартқан жайдай керіліп,
Майлыбайдың ұлы еді,
Кәрім шықты жасынан,
Қайратын жұрттан асырған.
Елін жауға бермеген,
Сөзін дауға бермеген.
Кісісі жоқ батырдың,
Сөзіне ешкім ермеген.
Батырлықпен ол кетті,
Шешендікпен ол кетті,
Ана пішкен тон кетті.
Жау ашпаған есігін,
Кеудесін тұнық жаратқан,
Шешен өзі кісі екен,
Жанды аузына қаратқан.
Кәрім батыр атанып,
Елдің шетін шетінетіп,
Ерегіскен дұшпанға,
Даяр болып ержетіп,
Кебекпай шықты жасынан.
Қызыл тілі сүрінбей,
Ер сасатын жерінде,


11
Айтыс II том
Ақыл тапқан бүгілмей.
Ерегіскен дұшпандар,
Кеткен емес кездессе,
Бір жанынан түңілмей.
Жан таң қалған сөзіне,
Кім шақ келген өзіне?!
Заманында болған жан,
Уақытымен толған жан,
Сөйлеп кетсе сөзіне,
Келтірсе Құдай кезіне,
Дуа берді өзіне.
Жақсы көрген кісіге,
Оң көзімен қараған.
Нәсілі нұрдан жаралған.
Үлкен сиез, топ болса,
Жан аузына қараған.
Жақсы көрген жігітті,
Өз көңіліне санаған.
Ерегіскен дұшпанды,
Көктырнадай талаған.
Тәуір болған жігіттер
Кебекеңе жараған.
Жылағанды күлдірген,
Әділдігін білдірген.
Әділдікке келгенде,
Қара қылды қақ тілген.
Бір Құдайды хақ білген,
Ақылы толып кіріскен,
Атты мінген жүрістен,
Сұлуды құшқан, сүйіскен.
Тамағына бал жеген, –
Шекер менен күріштен.
Топ ішіне барғанда,
Сөз бастаған дұрыстан.
Заманында ешкім аспаған,
Әділсіз сөзді айтпаған,
Айтқан сөзден қайтпаған.
Жамбыл, сенің дәмеңе –
Айтысам деп келгенге –


12
Қазақ өнерінің антологиясы
Жалпы Дулат күледі.
Шапырашты ел едің –
Үш жүз үйге толмаған.
Қыдыр мен бақ ол баста,
Саған, тіпті, қонбаған. 
Егескендер менімен,
Бармақтарын тістеген.
Теңім болса, айтар ем,
Оңым келсе, байқар ем,
Қара бала, көнбесең,
Қысылады тақымың.
Жарылқамыс, Жанту ұлымын,
Басылады қарқының.
Ерегіспе менімен –
Езіледі алқымың.
Ерегіссең менімен,
Ісім түссін сенімен.
Тілімді алсаң, қор болмай,
Жүре бергін жолыңмен.
Енді не деп айтасың,
Алдырмаймын қайтесің?
Алатұғын жеріңді айт,
Ішіңдегі шеріңді айт,
Кетпейтұғын жөніңді айт!
Жеңетұғын еліңді айт!
Ат жүздіріп келемін,
Айдын шалқар көліме.
Менің күлкім келеді,
Шапырашты еліңе.
Еліме енді қарасаң –
Адам ұлы батар ма!
Шабынып қылыш шабар ма,
Шамырқап мылтық атар ма!
Мұның бәрін есітіп,
Тірі адам тыныш жатар ма?!
Мен жетпестен қоймаспын,
Өзім айтқан сертіме.
Жүйрік пен жорға жетелеп,
Сөз сөйлеші төтелеп,


13
Айтыс II том
Көп Дулаттың ішінде,
Мен туып ем өктеген.
Шапырашты сықылды,
Қолы қысқа мен емес.
Қысқа жібі шолтаңдап,
Күрмеуіне жетпеген.
Бағып едің Салықты,
Бір көрмедің жарықты.
Жүгіремін алысқа,
Жүйрік тартар дабысқа.
Терісінде шелі жоқ,
Керіліп жатқан елі жоқ,
Құр бекер не айтады,
Іштеменің жөні жоқ.
Кеңірдектен алайын,
Саған тісті салайын,
Айтып қара еліңді,
Қай айтатын елің бар,
Қай сөйлейтін жөнің бар?
Айта алмасаң еліңді,
Дыбысыңды шығарма.
Кетпеймісің қасымнан,
Ерегіссең менімен.
Шапыраштым, абайла,
Жеңбей тұрман қасыңнан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет