174
Қазақ өнерінің антологиясы
Жақсысын сіздің елдің көріп жүрмін,
Білмейді сыпайылықтың ешбір парқын.
Парықсыз
істеріңді баян етсем,
Тартпай ма мәлел келіп көңлің салқын.
Тең құрбым өнеріме тең келмеген,
Бұл жаққа келген жоқ па менің даңқым?!
Жүйрікпін өрге шапқан өнеріммен
Белгілі Кеншімбай ғой менің атым.
Ақсұлу:
Кеншеке, айтар сөзге кен екенсің.
Еліңнен шығып жүрген ер екенсің.
Арамза, аңқау елге заңқой болған,
Кеншімбай деген ақын сен екенсің.
«Кенді төкпе, елді сөкпе» деген қайда?»
Байқадым
ақылыңды, кем екенсің.
Атадың Иса менен Қаракөзді,
Айтасың маған неге жаман сөзді?
Еліңе сыймай жүріп жалғыз басың,
Осының лайық па көрер көзге?!
Сен, үйтіп, біздің елмен болма қасты.
Қас болсаң, салар жөнге сендей масты.
Парықсыз деп ешбір адам айтқан емес,
Аралап жүрген жігіт алты алашты.
Жаппастан
біздің елдің байлығы асты,
Садақа, қайыр-зекет болмаған соң,
Береке сіздің елден Қыдыр қашты.
Еш мінді біздің елден таба алмассың,
Болмаса, сендей Жаппас жалғыз басты.
Достарыңызбен бөлісу: