Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет67/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181
Кеншімбай:
Ақсұлу, Жағалбайлы, Жаппас қандай, 
Жаппастан ел өтпейді мақтасқандай. 
Әлемге әл білмеген таң болады, 
Сен – бота, ойнақтаған от басқандай.
Ор менен мен де көрдім Жайығыңды, 
Саласың Жайығыңа қайығыңды.
Артық мін айта берсе, толып жатыр, 
Жимаймын айтты екен деп айылымды. 
Сен кімге теңгересің Байұлымды, 
Сөзіңді өзің айтқан қайырмалап, 
Білгенше мен де айтармын айыбыңды.
Жағалбайлы – Жетіру – арпа ішеді
Шамалап, тақыл-тұқыл тарта ішеді. 
Қаспағы қазанының екі елі боп, 
Жумай-ақ, кір ыдыстан қайта ішеді.
Белгілі Жағалбайлы бойдақтары, 
Қызы көп, кірлі мойын бейбақтары. 
Жүреді алтай жазға пішен шауып. 
Қап-қара балшық болып сирақтары.


180
Қазақ өнерінің антологиясы
Таласқан Нияз бенен Меңдібайың, 
Шашылған ысырап боп қанша малың?
Екі айда үш қайтара штат құрған, 
Тынымбай, Қоранменен болар мәлім, 
Ант беріп, он бес кісің судьяға, 
Бекерге олардың да күйді жаны.
Меңдіқұл, Ермағамбет, Төлемісің, 
Соларды мақтайын деп келемісің?
Еліңде мен білмейтін кісің бар ма 
Айтпасаң, өтірікті өлемісің?
Меңдіқұл мешіт салса, бір қалаға, 
Ол үшін сен мақтанба құр далаға. 
Мекке мен арғы шеті Мәдинеге 
Салдырған Мырқы мешіт әр қалаға. 
Мың сомдық әрқайсының дағбыры бар,
Сауабы пайғамбардың аруағына.
Жылгелді болыс болды он бес жаста, 
Жайылған оның даңқы алты алашқа. 
Халық билеп, он екі жыл әкім болды
Тиген жоқ еш залалы қарындасқа.
Тағы асқан оның жұрттан салтанаты, 
Көргендер өнеге ғып, алған нұсқа.
Бұл ерді ешбір адам қылмайды өсек, 
Жақсыны күнә болар жаман десек. 
Үйінде алтын аяқ, күміс табақ,
Жинаған қазынада болмас есеп. 
Тай сойып, қозы орнына қонағына, 
Төсейді қалы кілем, қымбат төсек. 
Бұларға ешбір адам таласпаған, 
Болмаса Қара Мәмбет, Қабақ Есет.
Айрықша Жылгелдінің салтанаты, 
Нашарға және қандай мархабаты. 
Байлығы, мырзалығы – бәрі сай кеп,
Патшаға Петрборда білінді аты.


181
Айтыс II том
Әкесі бай Тұрғанбай Мекке барған, 
Жаппастан байлықпенен жеке барған. 
Дабысы Орынбор мен Теке барған, 
Жырауға бірлі-жарым ат мінгізіп, 
Сонымен жақсымын деп кете барған. 
Байлығың, мырзалығың, әділдігің,
Жоқ екен біздің елге жете қалған.
Ақсұлу:
Жаппасым, біздің мекен – Құмақ пен Ор, 
Екі су – Еділ, Жайық – онан да зор. 
Әлемге әл білмеген таң болады, 
Ер жігіт әлін білген болмайды қор. 
Кеншеке, бұл жерлерде не ғып жүрсің? 
Ер жігіт елден шықпас ақылы мол. 
Болмаса, ел қыдырған сыншымысың, 
Сапарың осы жүрген не деген жол?
Еліңде бар шығар ғой жақсы адамдар, 
Зейін сап, менің айтқан сөзімді аңғар.
Қорғалап қойыныма күн көреді, 
Елінен қашып шығып жүрген мұндар.
Жаппасым, маған мәлім барлық ісің, 
Менімен ерегіске шығармысың?
Еліңде қадірің бар жақсы болсаң, 
Ол жақтан не ғып келдің қашып түсің?
Қаштым деп Ақмешіттен Арқа келдің, 
Алыстан арып-ашып, зорға келдің.
Арамза аңқау елге заңқой болып
Келдің де, біздің елге күнің көрдің.
Қадірлі жігіт болсаң, нешік қаштың? 
Жазғы су жалаң аяқ кешіп қаштың,
Өкіметке орасан жазықты боп 
Патшаның палитсасын кесіп қаштың. 
Еліңе жарты тиын қадірің жоқ, 
Келдің де, біздің елге көзіңді аштың.
Білмедің ел қадірін, сыйлағанын, 
Көз салдың қайда сұлу ажарлыма. 


182
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұл елде болыс та жүр, мырза да жүр, 
Мас болдың жазған қағаз-қаламыңа. 
Мен сенің бұл мініңді айтар ма едім,
Отырсаң әлің біліп манағы да.
Барады басымыздан дәуір өтіп,
Жат елді жүрдің қанша бауыр етіп?
Елінен ауып жүрген мүсәпір деп,
Сыйлаған халқым сені тәуір етіп. 
Сырыңды жасырынды білсе-дағы, 
Патшаға көрсеткен жоқ зәбір етіп. 
Баласын Сопекемнің алып қаштың, 
Бірталай қыздың басын әуре етіп. 
Масқараң бұл сияқты болса-дағы, 
Бөтенге білдірген жоқ дабыра етіп. 
Әшейін бір қаталық іс болды деп, 
Сыртқа жұрт шығарған жоқ дабыл етіп. 
Сопы мен қадірлі еді Тынымбай да. 
Аузыңнан шыққан сөзің қабыл етіп. 
Жарымес екеніңді және айтайын, 
Отырсаң бір азырақ сабыр етіп.
Жаппасым, осы қылған мақұлың ба, 
Болмаса, біліп қылған ақылың ба? 
Бір үйдің баласындай болып жүріп, 
Көз салдың қызы менен қатынына. 
Бар ма екен сопылардың әдетінде
Жақсы адам көз салатын жақынына? 
Жетіру Жағалбайлы мінін айт деп, 
Еліңнен сені мұнда шақырды ма? 
Қоймасаң бұл сияқты әдетіңді, 
Табарсың мұнан кесел ақырында.
Песір боп тұрдың тәулік Тынымбайға. 
Болып ең мұндай адам бұрын қайда? 
Біреудің ақ некесін айырыпсың 
Берер ме ақыретте мұның пайда? 
Білмедің ел қадірін, сыйлағанын, 
Жүрмесін кесір болып өз басыңа. 
Білмейтін ел қадірін есер болсаң, 
Бұл елде, қолыңды әкел, тұрмасыңа!


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет