Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет65/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181
Кеншімбай:
Ақсұлу, мұнша сөзді айтпа тасып
Мен саған сөз таба алмай қалман сасып. 
Көрген жоқ, қанша айтсаң да, Жағалбайлың 
Жаппастан бұрын-соңды байлығы асып.
Таласпа біздің Жаппас баласына, 
Айтар ма мұндай сөзді ағасына? 
Үйлер бар Мырқы салған өз күшімен 
Ақмешіт, Перовскі қаласында.


175
Айтыс II том
Ол үйдің әр бөлмесі біткен деді
Отыз бес-қырық мың теңге шамасына. 
Үйлерін сіздің елдің көріп жүрмін, 
Жаппастың жете алмайды қорасына. 
Еліне бес Жаппастың асып айтпа, 
Жаратқан Құдай артық о басында.
Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі 
Меймандос келеді оның барша жұрты. 
Шығады қыз-бозбала серуенге 
Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Нүреке, Жүсіпбегім жүйрік заңға,
Бұл күнде жол бермейді жүрген жанға. 
Тәрбие неше түрлі дәрежесін, 
Көргенде салтанатын қалар таңға. 
Меймандос мырзалығы асып кеткен 
Бөгейді қонақ қонса, жал-жаяға. 
Жақсысын Жағалбайлы көріп жүрмін, 
Пар келер осыларға кісің бар ма?
Ақсұлу:
Жаппасым, мақтай берме Мырқыңызды, 
Алдымен Мырқы бұзар шырқыңызды. 
Байлықпен бар адамын әлек қылып, 
Неше жыл бүліндірген жұртыңызды. 
Етпейді бір-біріне ешбір рақым
Аударып арамдыққа құлқыңызды.
Нүреке, Жүсіпбек пен Әлім болыс,
Біздерге үшеуі де мәлім болыс. 
Сүгір мен Батырбайды ұстап берген, 
Ары жоқ адамдықтан зәлім болыс.
Мақтама Нүрекедей дөң жігітті,
Мақтайсың қайдағы бір кем жігітті.
Жаппасың адасқан жұрт ақылынан
Ақылға таппадың ба мол жігітті?
Жігерлі – қатарынан асқан жігіт, 
Мақтасаң, әні, мақта сол жігітті.


176
Қазақ өнерінің антологиясы
Жарастың болыс қойдың Нүрекесін, 
Әкім ғып Нүрекені тұр екенсің. 
Қай күні Нүреке болыс болғаннан соң, 
Еліңнің алған жоқ па берекесін?! 
Қашанда желіккенді адам санап
Ақылсыз Жаппас деген ел екенсің.
Жаппасым, сен мақтама пәс адамды, 
Мақтайсың қайдағы бір нас адамды. 
Ысырап қайта малын шашып жүрген, 
Мақтама дәулетіне мас адамды. 
Берәлі, Дербісалы, Есқожаны, 
Сен, Жаппас, білмеймісің осы адамды?!
Үйінде кім болса да, кет демейді,
Ешбір жан қайратына беттемейді. 
Кем емес әділдігі Наушаруаннан, 
Біреуден алып пара, ептемейді. 
Жүз кісі маған десе қонақ келсін,
Ұлыққа тапсырма деп, өктемейді. 
Сүгірді, Батырбаймен ұстап берген, 
Нүреке, Жүсіппегің көктемейді.
Сұрасақ ишандар мен молдалардан, 
Тегінде ол кісіні тек демейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет