Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет62/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   181
Бибіғали қыз:
Жігітке қыз келе ме іздемесе?
Алар ма таңдап тауып көздемесе?
Үйіңде жатар ма едің шал болғанша,
Өзіңді сүйетұғын қыз келмесе?
Иманжан:
Осы ма, жаның ашып, айтқан себің?
Іздеме, өзің қам қыл, менің мұңым.
Әдейі ерден безіп шыққансыз ба,
Өзіме жар болар деп өлең-жырым?
Көрінед асқан жасың жиырмадан,


167
Айтыс II том
Ойлашы, боп жүрмесін өлең қиын.
Отызда от басында отырарсыз,
Кәрі атақ алып қалсаң, бітіп сыйың.
Мен әлі, жиырмаға жеткенім жоқ,
Сізден көп кіші, жүрмін жасым кейін.
Бибіғали қыз:
Шаяндай шағып-сорып барад тілің,
Атымды Бикенім деп атайды елім.
Сен үшін қалай, құрбым, қысыламын,
Түсті ме ел таусылып, саған күнім?
Мүше алар жас санап орын емес,
Түсейік қара өлеңге, ақын інім.
Мақпұзда Хақ жазғаны болар деген,
Сіз оқып, көрмеп пе едіңіз Құран сөзін?
Жаманға сағың сынар, сан соғарсың,
Болмаса, шын сүйетін өмірлігің.
Жолдасым оң жағымда қайтыс болып,
Алғалы үш жыл болды, шіркін, өлім.
Орнында інісі бар он бес жаста,
Ата, анам деп айтады соған берем.
Баруға ырза емен жас балаға,
Мен үлкен, ол кіші ғой, не деп сенем?
Көз жасын екі жұрттың қимай жүрмін,
Болмаса, таппай ма жас іздеп теңін?!
Иманжан:
Бибікен, жаңа таптым, сөз расын,
Бұза алмай жүр екенсіз ымырасын.
Мақпұздың басындағы жазуы да
Жазбаған қосылуға шын жолдасың.
Жүректің өзі білер нақ түйінін,
Біреудің біреу білмес тоқ пен ашын.
Базарлы бақытқа бұл кім қызықпас,
Миуалы пісіп тұрған жас алмасың.
Жас өсер, жіті кесер деген бар ғой,
Қайтесің жауықтырып ел арасын?
«Он бесте – отау иесі» дейді халық,
Ата, анаң тәрбиелер өз баласын.


168
Қазақ өнерінің антологиясы
Бибіғали қыз:
Атыңды естуші едім, құрбым, көптен,
Кез болдық арқасында тіріліктің.
Құтылар дау-жанжалдан құлақ тыныш,
Жасында бойға жетпей, өліп кеткен.
Сұрайын молда болсаң, ақын інім,
Дүниеде неше қатын байсыз өткен?
Иманжан:
Апайдың қандай оймен сөз сұрасы,
Айтылар сөйлей берсе, сөз расы.
Екі әйел дүниеде ерсіз өткен,
Біреуі – Биби-Мәриям – Ғайса анасы.
Пірғауын қатысқан жоқ деп айтады,
Өтіпті қыз қалпында Әсиясы.
Пірғауынға бір жын қызы қатын болған,
Жатқанда Әсияның нақ ұқшасы.
Мәриям Ғайса ұлын ерсіз тапқан,
Нұрынан пайда болып Күн шұғыласы.
Махшарда Мұхаммедке қосад деген,
Елдің бар айтып жүрген дабырасы.
Дүниеде ерсіз өткен дейді осылар,
Ерінбей тұрып қалар, бар шыдасы.
Бибіғали қыз:
Айырып, талдап бердің сөзімді ашып,
Сұрасам, берер ме едің бәрін ашып?
Қосылып өткені бар, қосылмаған
Өтіпті бізден бұрын қанша ғашық?
Иманжан:
Апеке, оқыпсыз ғой кітап ашып,
Біреуге боп жүрсіз бе ғашық-мағшұқ?
Ішіңнің от жалынын білдірдіңіз,
Жүрегің өртенгендей қайғы ұласып.
Апеке, сұрасаңыз, мен айтайын,
Өтіпті бізден бұрын он төрт ғашық.
Жетеуі дүниеде қосылмапты,


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет