Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет66/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181
Кеншімбай:
Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың
Аузыңа келген сөзді талғамадың. 
Әкесін, шешесімен нандырады 
Көп болса өтірігі қыз баланың. 
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін, 
Білмесе қыз бен жайын біз баланың.
Ақсұлу, қайыспайтын жас баласың, 
Тәңірі алғыр, болмашыны еске аласың. 
Патшаға Қоран болыс ұстап берген, 
Кінәсіз Боранқұлдың бес баласын. 
Айдатқан қысастықпен алты адамын,
Еліңнің білмейсің бе масқарасын?! 
Балтамен шапқандай мін басында тұр
Мініме пышақ жонбас көз саласың.


177
Айтыс II том
Мініме назар салма пышақ жонбас, 
Сіздің ел біздің елдей, сірә, болмас. 
Патшаға өз жақсысын ұстап берген, 
Екі бірдей дүниеде Қоран оңбас.
Жазылып молдалардың хаты қалған,
Өзі өлсе, жақсылардың аты қалған.
Білемін Дербісәлі, Есқожаңды, 
Әр шендерін ер құнына сатып алған. 
Кісі бар сіздің елде Мәмбет деген
Ол шенді беделі елден асып алған. 
Есепсіз қайраты да асқан адам, 
Жылқысын Қазыбектің тартып алған. 
Бұларға ешбір адам таласпайды, 
Бәріне орыс, қазақ даңқы барған.
Емберген, Шілдебай мен Қалыбай да, 
Бұл елде ол байлардың малы қайда? 
Байларын сіздің елдің көріп жүрміз, 
Қыс – қызыл, жаз қымызға жарымайды.
Алады ағаш кесіп, авансы деп, 
Он сомға сатады оны базарға әкеп. 
Шанаға екі мәстек жегіп алып
Жүргені ол ақшаға арақ іздеп.
Мас болып, тапқан пұлмен арақ ішіп, 
Балықтай торға түскен жатады ыршып. 
Қалпыңа қазақшылық бұл дұрыс па? 
Кетеді көрген адам мазақ қылып, 
Тоқтарсың осыныма санаң болса, 
Қайтеміз бұдан әрі ұзаттырып.
Ақсұлу:
Жаппасым, өтірік айтпа, дінің күйер, 
Халқымды жамандасаң, тілім тиер. 
Баласы бес Жаппастың жайы мәлім
Сенің де мінезің жоқ Құдай сүйер. 
Сыр бойлық, сен ежелден ғарып едің, 
Сен қашан қыр еліндей жарып едің? 


178
Қазақ өнерінің антологиясы
Бір жылы сіздің жақтан дәм бұйырып,
Мен-дағы Сыр бойына барып едім.
Жағалай Сырдың бойы халық екен, 
Ішкені су, жегені балық екен. 
Кәсібі болғаннан соң балықшылық 
Кигені аяғына шарық екен. 
Кедейлер Сыр бойында толып жатыр. 
Жаппасты бай ел деген дәріп екен. 
«Бәленің мыңы Сырда, бірі – қырда», – 
Деген сөз, көзім көрді, анық екен.
Келеді күн шыққан соң арығына, 
Барады түстен кейін балығына. 
Бір тыным қысы-жазы көрмейді екен, 
Жаппастың көңілім қайтты қылығына. 
Жаққаны кешке дейін қамыс екен, 
Өткізіп шуда жібін шарығына.
Тары көже ішеді тұзын салып, 
Ішіне сапырады мұзын салып. 
Жабады нақақ жала бір-біріне
Отырар жақынына көзін салып.
Жаппастың штаты бар және қызық,
Штатқа жиналады өңшең бұзық. 
Біреуі біреуіне бәле салып, 
Жатқаны күні-түні қағаз сызып. 
Патшаға мақтанбаққа ұстап берер, 
Айдатып, азаматын қойдай тізіп.
Болыс болдым дегені мал береді, 
Жаямен, кім барса да, жал береді. 
Ақшаға он сөлкебай дінін сатып
Нақақтан бір-біріне жан береді. 
Бұл жақта ондай істер болмаған соң,
Біздің ел сіздің елді таң көреді. 
Қоймаса, егер халықтың өзі қалап, 
Әкімдік сатып алғанды ар көреді. 
Мақтанғаның Қалыбай мен Шілдебайың, 
Білемін мақтасаң да, оның жайын, 


179
Айтыс II том
Арқадан бір теңгеден алып келіп,
Сатады үш теңгеден Сырға шайын. 
Секілді сусыз арық қайыры жоқ, 
Бермейді қонақасы, аттың майын.
Баласы Меңдіқұлдың Ермағамбет, 
Нияз бен жұртқа мәлім Меңдібайым. 
Жеріне Жаманқала мешіт салып, 
Бір мың сом қайыр берер әр жыл сайын. 
Байлығы, мырзалығы, әділдігі
Алашта жан бар ма екен солардайын? 
Жаппастың түрлі міні толып жатыр, 
Бұл жерде бәрін айтып, не қылайын?!
Шығады не жақсылық Есбергеннен, 
Келеді сараңдықпен ес білгеннен. 
Үйіне жалғыз қонақ қондырмайды, 
Жұрт бар ма оның жайын естімеген?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет