Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том Сізбенен мына ғашық он бес болды, Артылды бұрынғыдан біреуі асып. Бибіғали қыз



Pdf көрінісі
бет63/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   181
Айтыс II том
Сізбенен мына ғашық он бес болды,
Артылды бұрынғыдан біреуі асып.
Бибіғали қыз:
Түйе мал арықтаса, мешеу болар,
Тасқыны қайтса, дария кешу болар.
Сұраймын білмек үшін, ақын бала,
Атасыз жаралғандар нешеу болар?
Иманжан:
Атамыз Адам, Хауа бұрын өткен.
Халилге түсті қошқар келіп көктен.
Біреуі Хәзрет-Муса асасы еді,
Ғайсаны Мәриям тапты құдіретпен.
Бибіғали қыз:
Сұраудың уақасы жоқ білмегенге,
Қиын сол қараңғылық көрмегенге.
Айтып бер, анық білсең, ақын інім,
Мақал бар ел аузында зіл деген не?
Иманжан:
Білмесең, мен айтайын, апекежан,
Жаратқан дүниені Қадір-Мәулан.
Жаратып, алты күнде тамам еткен,
Өрбіген бұл дүниеге алты мың жан.
Басып тұр дүниенің төрт бұрышын,
Кішкене өзі ауыр зіл деген аң.
Денесі зор аңдардан сонша кіші,
Ауыр жоқ мұнан артық жаратылған.
Қозғалтпай дүниені басқандықтан,
Халыққа ауырлығы мақал болған.
Апеке-ау, маған кезек бересіз бе,
Сұрайтын сауалым бар ойыма алған?
Бибіғали қыз:
Інішегім, құр емессің сен өнерден,
Жасыңнан шешен болып, сөзге үйренген.
Қариядан естігенді сұрап тұрмын,
Жасымнан жан емеспін мектеп көрген.


170
Қазақ өнерінің антологиясы
Аузыңа етегіммен құм құймасам,
Адамға жеңдірмессің қызыл тілден.
Иманжан:
Бар болса, түстік өмір, мал жи кештік,
Артылса, жаздық жиған қалсын қыстық.
Құм салып, етегіңе көтергенде,
Көрінді емшек, кіндік және төстік.
Сыйың ба көпшілікке тартқан, апа?
Қылдың ба барлығына мақтан, апа?
Ұялмай, көп алдында көйлек түріп,
Халыққа сыйың ба ол тартқан, апа?
КЕНШІМБАЙ МЕН АҚСҰЛУ 
Кеншімбай:
Сиыр жыл Сырдан шығып, бардым Орға,
Хат жаздым темір қалам алып қолға. 
Жағалбайлы елінде бар екен деп
Есіттім ақын қыздың даңқын сонда.
Ор өзенін жағалап, Рай келдім, 
Аулын ақын қыздың сұрай келдім. 
Сол қызбен айтыспаққа құмар болып, 
Аулында таныс болып, бір ай жүрдім.
Әдемі мінген ат пен киген киім. 
Білгенше қыздың мінін болды қиын. 
Бір адам қыздың сырын айтып берсе,
Бергендей болып жүрмін түрлі бұйым. 
Құмар боп айтыспаққа бардым іздеп, 
Әйтпесе, жұмысым жоқ жалғыз тиын. 
Жиналып, көп әлеумет әр тараптан. 
Той болып жатыр екен ұлы жиын.
Жұрт маған: «Мына тойды баста!» – деді, 
Айтысып, ақын шықса, баспа, – деді. 
Бір қыз бар, аты – Ақсұлу біздің елде,
Он жеті осы биыл жаста, – деді. 


171
Айтыс II том
Айтысып, осы қызды жеңе алмасаң, 
Сен онда ақындықты таста, – деді.
– Қойып па ең, ақыныңды маған сақтап. 
Қашады айтысудан қандай ақымақ?!
Жағалбайлы – Жетіру, жаман елсің, 
Шуылдап, бір қызыңды сонша мақтап.
Бір жігіт сонда маған келді шеттен,
Ол қызбен егес екен бұрын көптен. 
Бұл да бір ақынсынған жігіт екен, 
Екі рет қыз айтысып, жеңіп кеткен.
– Бұрын да неше ақындар келген, – деді, 
Бәрін де қыз Ақсұлу жеңген, – деді.
Ол қызбен айтысам деп, әуре болма, 
Болмасаң өнеріңе сенген, – деді.
Сенің де бастан-аяқ оқиғаңды, 
Есітіп қыз да бұрын жүрген, – деді. 
Қайыны Есерқожа – Адай, – деді,
Лайық берген жері оған, – деді.
Бес жүздей бір аулынан жылқы өреді, 
Байлығын сұрасаңыз солай, – деді. 
Аққожа, Балқожадан асқан бала 
Өзі де артық көркем, шырайлы еді. 
Сымбаты өзге қыздан озығырақ, 
Аққұба, бидай өңді, қынай белді. 
Ол қызбен айтысам деп әуре болма, 
Айтысып, жеңе алмайсың оңай, – деді.
Ол қыздың еш міні жоқ өз басында, 
Қарасаң, хор қызындай тұлғасы да. 
Он-он бес (қошаметке сәндік үшін), 
Ереді, барса, тойға қыз қасына.
Дәрежесі өзімен тең болмаса, 
Керіліп, сөз айтпайды болмашыға. 
Өзіне сенген адам айтысады 
Жетсе көзі, жеңіліп қалмасына.


172
Қазақ өнерінің антологиясы
Көрген жан ішпей-жемей болады мас
Ақкұба, бидай өңді, бір қиғаш қас. 
Өзі нақ осы биыл он жетіде,
Бойында жалғыз міні – күйеуі жас.
Болғаны күйеуі жас – жалғыз міні, 
Жарымжан қыздың көңлі осы күні. 
Және де түсі қара, ерні жырық, 
Айтыссаң, бір тоса гөр, айтып мұны.
Ал сонда мұны есітіп, қалдым ойға, 
Мін тағып, сөйлетпес деп жүрдім бойға. 
Сол жерде көп жамағат ортаға алып, 
Еріксіз не қылсам да, бардым тойға.
Баласы Балқожаның Төлеміс-ті, 
Жігітке өнер деген керек іс-ті. 
Айтысын екі ақынның көреміз деп, 
Үш жігіт, төрт-бес қызбен жөнелісті.
Үш жігіт, төрт-бес қызбен барып келді, 
Ақынды Ақсұлудай алып келді. 
Қызығын екі ақынның көреміз деп, 
Жиылып, тамашаға халық келді.
Қарасам, қыздың түрін енді байқап, 
Манағы жігіт сөзі анық келді. 
Отырмын жүрексініп айтысуға, 
Артықша қыздың өзі дәріпті еді. 
Ақсұлу әлеуметке сөйлей келді, 
Халқы да қошаметтеп, көңіл бөлді.
«Сен едің, қыз да болсаң, алтын дарақ. 
Айтысып, жаным, сені жеңемін деп. 
Тілімен біреу отыр орып орақ.
Өзі де ақынмын деп мақтанады, 
Біз әзір көрген жоқпыз сөзін сынап»,–
Жақсы деп, әлеуметке бір сөз айтып, 
Қыз сонда өлеңменен берді жауап.


173


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет