МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙ
-
ӚРІСІН,ТІЛІН
КӚРНЕКІЛІКТІ ПАЙДАЛАНА ДАМЫТУ
Каратаева Б. А.,
бастауыш сынып мұғалімі
Балаларды жалпы ӛмірде, кҥнделікті тҧрмыста кездесетін жайларды
дҧрыс танытып, ой-ӛрісін кеңейтіп, сабақты сапалы игеруге және тҥсінгенін
137
айтып беруге, ҥйретуде сабақ тақырыбына лайықты қолданылытын кӛрнекі
қҧралдардың, дидактикалық материалдардың маңызы зор.
Кӛрнекі қҧралдарды пайдалану арқылы балалар алдымен сӛз, содан кейін
сӛйлем ойлап, ойын жҥйелі, айта білуге тӛселеді. Әр балаға жеке-жеке
ҥлестіріліп берілетін карточкалар сӛздік жҧмысын игеруге, сӛз ойлатуға
мақсатталған. Қазақ тілі және оқу тіл дамыту пәндерінде тақырыптарды
қамтитын жаттығу жҧмысына арналған ҥлестірме балалардың тапсырманы
ӛздіктерінен орындауына пайдалануға болады. Кӛрнекіліктің бҧл тҥрімен
жҧмыс барысында оқушының тақырыпты қалай меңгергенін есепке алуға
болады.
Сабақ кезіндегі барлық арналған ойындардың кейіпкерлері «Дым білмес»,
«Бауырсақ», «Қызыл телпек», тағы басқалары балардың оқу еңбектерін
жеңілдетіп, кҥшін жинауға, әрі қарай ой еңбегін жалғастыруға кӛмектеседі.
Сондықтан ҧйымдастырылған оқу әрекетіндегі тақырыпқа байланыстыра
пайдаланылған кӛрнекіліктен ҧтарымыз тиімді.
Мҥмкіндігі шектеулі болалардың тілін дамыту деген- балалардың сӛз
байлығын молайту, дҧрыс сӛйлеуге ҥйрету. Тіл дамыту жҧмысының
нәтижесінде балалардың сӛз байлығы молайтып, олар тілдің фонетикалық
жҥйесін меңгерту. Балалар кӛрнекілікке сҥйене отырып сӛйлеу мәдениетін
игере бастайды. Сӛздерді дҧрыс айту, сауатты жаза білу мәдениетінің басты
талаптарының бірі. Ӛйткені шын мәнісінде сӛздердің айтылуы мен жазылуы
бірдей бермейді.
Балалардың ӛз ойын толық баяндай білуге ҥйрету, байланыстырып
сӛйлеу дағдысын қалыптастыру әр оқытушының парызы. Сӛздік жҧмысы да,
кӛрнекіліктерімен орындалатын тапсырмалар да бала байланыстырып сӛйлеуге
даярлайды. Тиісті затты кӛзбен кӛру, қолмен ҧстау немесе суретін кӛрсету
арқылы жҥргізілетін сабақ есте сақталады.
Сабақ ҥстінде балалардың тілін ҧстартуда ҧйымдастырылған оқу іс
әрекетінде қҧрғақ сӛзбен тҥсіндіргеннен гӛрі, кӛрнекі қҧралды пайдаланып
тҥсіндірген тиімді. Осыған орай, қазақ тілі және оқу тіл дамыту әрбір сағабын
кӛрнекі қҧралды пайдалана отырып ӛткізген жӛн. Олардың кӛлемі, аз-кӛп сабақ
тақырыптарына қарай бӛлінеді. Кейде оқулықтың ӛзіндегі материалды ҥлкейтіп
пайдалануға да болады.
Кӛрнекі қҧралдармен ӛткен ҧйымдастырылған оқу іс әрекетінде
тиімділігі:
а) материалды тҥсіндіруде оқытушы кӛп қиналмайды;
ә) балалар жаңа сабақты, материалды, тез меңгереді;
б) ҧйымдастырлған оқу іс-әрекеті тҥсіндіру арқылы оқушылардың ынтасы
артады;
в) тіл ҧстарту жҧмысы еркін жҥргізіледі;
г) сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды;
д) сурет арқылы екі-ҥш сӛзден сӛйлем қҧрай алады;
е) сурет арқылы жаңа сӛздің мағынасын тҥсіндіруге болады;
ж) оқиғаға қҧрылған сурет бойынша балаға заттың атын, тҥсін жататқыза
138
отырып, қимылына байқағандарына байланысты сӛйлем қҧрғызып, әңгіме
айтқызуға болады;
з) мәтін мазмҧнына байланысты берілген суреттер мәтінде баяндалған оқиғаны
кӛзге елестету арқылы мазмҧнын тҥсіндіруге мҥмкіндік жасайды.
Мәтінмен байланысты жҥргізілетін тіл ҧстарту жҧмыстарында
қолданылатын кӛрнекі қҧралдар:
1. Мәтіннің тақырыбына байланысты тҥрлі суреттер.
2. Мәтінге байланысты сӛздік-плакат.
Кӛрнекі қҧралдың бәрін бір ҧйымдастырылған оқу іс әрекетінде ҥйіп-
тӛгіп қолдану керек деген ҧғым тумауы тиіс. Оқытушы оларды сабақтың
тақырыбына, топтың дайындығына, уақыттың материалды кӛрнекі қҧралдарды
айналдыруға болмайды.
Мәтінге байланысты сӛздерді, сӛйлемдерді оқулықтан, ал тҥрлі суреттер
және мысалдарды қосымша материалдар ретінде басқа еңбектерден алынған
жӛн. Сурет бойынша мазмҧндап та, сайып келгенде мәтін де дайындап қҧруға
болады. Бірақ мҧнда мәтінге қосымша сурет болуы қажет. Сурет бойынша
мәтін қҧрастыру балалардың ойын дамытумен бірге, суреттің мазмҧнын
тҥсінуге ҥйретеді.
Сурет бойынша әңгіменің де ӛз ішінде болады:
1.
Дайын сурет бойынша мазмҧндау. Мҧнда алдымен дайын сурет беріледі де,
сол суреттің мазмҧны бойынша мәтін қҧрастырылады. Дайын сурет бойынша
мазмҧндаманы да тҥрлендіріп жҥргізу керек. Мазмҧндаманың бҧл тҥрі ортаңғы
буын сыныптарында бейнелейтін бір сурет арқылы да,бірнеше сурет арқылы да
жҥргізіледі.
2.
Мәтіннің жҥйесін сурет бойынша реттеу. Сурет бойынша жҥргізілетін
әңгіменің мынандай тҥрлерін де қолдануға болады: орны ауыстырылып
берілген суреттерді мәтін бойынша тҥзету; орны ауыстырылып берілген
суреттерді де, мәтінді де оқиғаның болу ретіне қарай тҥзету. Мҧндай жҧмыс
ҥшін бір сюжетті салынған бірнеше сурет алынады.
3.
Сӛздік жҧмысы да, кӛрнекілікпен жҧмыстары да балаларды байланыстырып
сӛйлеуге даярлау. Дидактикалық материалдарды тақырыптардың жҥйесі
бойынша тапсырмаларға бӛліп беру ҧтымды. Сӛйлей білмейтін балалардың
сӛздік қорын, сӛйлеу тілін дамытуда кӛрнекілік пен ойын әдісін, сӛздік
ҥлгілерін қолдануға болады. Балалардың сӛздік қорын дара суреттер не заттың
нақтылы ӛзін кӛрсету, онымен ойнату және ӛзара сӛйлестіру жолдарымен
байытып, сӛздің дыбысталу жағын дҧрыс айтуды, грамматикалық тәсілдерді,
логикалық жаттығуларды орындату арқылы ӛткізу керек.
Санау сабақтарында қолдануға болатын кӛрнекіліктер:
1. Балаларды он кӛлеміндегі сандармен таныстырғанда сандар ретін қолданған
оң нәтиже береді. Мысалы:1-ден-10-ға дейінгі сандар жазылған топшамалар,
жеке суреттер,муляждар,таратпа карточкалар,тақырыптық ойыншықтар,
ҥлестірмелі қҧралдар т.б.
2. Пішіндермен таныстырғанда тҥрлі-тҥсті пішіндер сонымен қатар пішіндер
тҥстерін айтып кетуге болады.
139
3. Қарапайым есептер жинағы.
4. Математикалық текшелер, арифметикалық мозайка, лото т.б.Кӛрнекі ҥлгілер
балалардың зерттеу қабілетін дамытуға дем береді, олардың назарын заттың
белгілеріне аударады, заттың сенсорлық зерттеу әдістерін анықтауға және
кӛрнекі тҥрде зерттеу нәтижесін нығайтуға кӛмектеседі.
Қорытындылай келгенде, кҥнделікті іс-тәжірибемде кӛрнекі ҥлгілерді
пайдалана отырып біз балаларды мынаған ҥйретеміз:
1. Ақпараттарды табу, зерттеу жҥргізу , ойланған әрекеттеріне анық ішкі
жоспар қҧру, сӛйлеуге ҥйрену.
2. Пікірлерін айту және қҧру, қорытынды шығару.
3. Кӛрнекі ҥлгілерді қолдану сӛздік емес ҥрдістің дамуына оңды ықпал
жасайды: зейін, есте сақтау, ой.
Яғни,
осыдан
қорытынды
жасауға
болады,
бала
(ҥлкендер
жетекшілігімен) жаңа материалдар зерттеп және оны графикалық кӛрсетіп,
ӛзін-ӛзі ҧстауға,шыдамдылыққа, ӛз әрекет жоспарын кӛріп, қабылдауға
ҥйренеді. Онда қызығушылық сезімі және жауаптылық, ӛз еңбегі нәтижесіне
ризашылық жоғарылайды, есте сақтау, ойлау, зейін психикалық процестер
жетіледі, ол тҥзету жҧмыстың нәтижелігіне оң ықпал етеді.
Л.С. Выготский: «Әр баланың ӛзінің деңгейі болатындай, әр балаға
берілетін тапсырманың кӛлемі оның деңгейіне лайықталып беріледі. Әр баланы
ӛзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген екен.
Сондықтан мен әр баланың жан-дҥниесіне ҥңілуден бастап, ӛзіндік
ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң олардың қабылдау деңгейіне қарай
іріктеп, талдап, кӛрнекіліктерді қолданамын. Қандайда ойын ҧйымдастырғанда
ойынға лайықты кӛрнекі заттарды немесе суреттер пайдаланамын.
Мысалы:
1. «Дәл осындай пішінді тап» Бҧл ойынға байланысты бала санына
байланысты қҧлып суреттері, геометриялық пішіндер падаланылады. Бҧл
ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін кеңейту,
пішіндерді атауға, ажыратуға салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қҧлыптың суреттері,
геометриялық пішіндер.Мазмҧны: алдарындағы сиқырлы қҧлыпты ашуды
ҧсыну. Қҧлыптың кілттері де сиқырлы геометриялық пішіндерден қҧралған
екенін айту. Әр бала қҧлыпқа сай келетін кілтті алып, қҧлыпты ашады.
2. «Ҥйдің есігін жабайық» Мақсаты: заттарды ӛлшемі бойынша салыстыруға,
жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның қҧрал-жабдықтары: ҥйдің, есіктің суреттері. Мазмҧны:қағаздан
қиылған есігі жоқ ҥйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді
ҥйдің ӛлшеміне сай келтіріп салуды ҧсыну.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей қорытынды жасауға
болады: тҥзету жҧмысы жҥйесінде кӛрнекі ҥлгі әдісін бастапқы мектеп
топтарындағы балалармен жҧмыста қолдануға болады және қажет.
Қазақ тілі,оқу және тіл дамыту сабақтарында қолдануға болатын
кӛрнекіліктер:
140
1. Әңгімені айтып беру.
Айтып беру-монологиялық сӛз тҥрінің жеңілі, ӛйткені ол шығарманың
авторлық кӛзқарасын ҧстанады, онда дайын авторлық сюжет және дайын
сӛйлеу тҥрлері және әдістері пайдаланылады. Бҧл әдісті бастауыш сынып
жасындағы балаларды оқытқанда қолданамын. Мысалы: бір қысқа мәтінді
балаға дауыстап оқып беріп,кӛрнекілік бойынша әңгімелеп беруді сҧраймын.
2. Сюжетті суреттер сериясы бойынша баяндау әңгімелерді қҧрастыру
Кҥрделігі бойынша тҥрлі әңгімелерді қҧрастыру кезінде ҥлгілеудің және
сюжетті композициялық қҧру. Балаларға суреттер сериясы бойынша әңгіме
қҧру тапсырманы берудің алдында дайындық жҧмыс қажет: серияның барлық
суреттерін зейінмен қарап алу, олардағы ең маңыздысын белгілеу, сюжеттік
сызықты анықтау т.б.
3. Сюжетті сурет бойынша сипаттау әңгімелерді қҧрастыру.
Суретте кӛрсетілген «оқиғаны қҧрастыру», оны одан әрі ӛрбітуді ойлап
табу және ӛз әңгімесін сауатты бітіру балаға қиын, яғни, сӛйлеу материалын
«бастау-оқиғаның дамуы-қорытынды» схема бойынша айтып қҧру. Сюжетті
сурет бойынша сипаттау әңгімені қҧру кезінде логикалық ойға, кӛріп
қабылдауға, есіне сақтауға бағытталған әдістерге ерекше назар аударылады.
4. Тҥпкі ойы бойынша әңгімелерді қҧрастыру.
Мҥмкіндігі шектеулі балалар ӛз еркімен шағын әңгіме, жҧмбақтардың
шешуін сурет бойынша шешу. Мысалы:Жҧмбақты кім шешсе сол зат баланікі
болады.
1. Қолы бар,Саусағы жоқ.
Мойыны бар,Басы жоқ. (Кӛйлек)
2. Ерте тҧрдым да
Қос жолға тҥстім (Шалбар)
Мен,Астана қаласындағы арнайы тҥзету мектеп-интернатында 2010-2011
оқу жылынан бастап жҧмыс істеп келемін. 2015-2016 оқу жылында 3 «А»
сыныбында 7 оқушы болды. 6 бала екінші тип бағдарламасы бойынша, ал 1
бала бірінші тип бағдарламасы бойынша оқыды. Әр сабақтың қҧрылған
жоспарына байланысты тақырыптық тҥсті суреттерді, заттарды,сюжеттік
ойындарға байланысты ойыншықтарды падаландым.
Қорыта айтқанда балалардың ой-ӛрісін, сӛйлеу тілінің кӛрнекі қҧралы
ретінде балаларға арналған ертегілерді, жҧмбақтарды мҧғалімнің ауызша
айтқанынан жаттап алу ҥшін тӛрт жолды қысқа ӛлеңдерді әңгіме сабақ ӛткізу
ҥшін оқу кезеңінде кеңінен пайдаланылады. Балаларға ертегі мазмҧны тҥсінікті
болу ҥшін кӛркем суреттер немесе оқытушы кӛмегімен сахналап ойнау жеңіл
болады.
Мысалы: «Шалқан» ертегісін балалар ертегі кейіпкерлерін сызба
суреттері бойынша ретімен қойып қысқа әңгімелеп айтуға ҥйренді.
Ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету сабағында сюжетті «Дҥкен» ойынын ойнау
барысында балалар дҥкенші, сатып алушы ролдеріне бӛлініп сӛредегі заттарды
дҧрыс атап, ӛзіне қажет тағамды сатып алу ережесін меңгерді.
Санау сабағында оқулық суреттерін және санауыш заттарды, «Фребель»
141
қҧралын кҥнделікті қолдандым. Кӛрнекі бейнелі ойлау-заттар мен
қҧбылыстардың тікелей ӛздері емес,олардың есте қалған елес тҧрпаттарын
пайымдаумен орындалады. Бҧл заттың тҧтастай сипаты толық, әрі жан-жақты
кӛрініс. Кӛрнекілік ойлаудың іс-әрекеті кӛзіне шынайы заттармен
пайдаланылады. Бала әр тҥрлі заттарды пайдаланғанда, адамдармен қарым-
қатынас жасағанда , жан-жануарларды танып білгенде ӛзіне тәжірибемен қоса
олар туралы кӛп мәлімет, білім жинайды. Ал бейнелі ойлаумен қатарласа
жҥретін кӛрнекі сҧлбалық ойлаудың кҥрделенуі бала алдындағы тҧрған есепті,
мәселені шешу ҥшін кӛз алдындағы заттарды пайдалана алмайды. Олардың
бейнесін кӛз алдына елестете отырып ойланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / // Бастауыш мектеп. – 2006.
- №5.
2. Абдрахманова К. Тӛменгі жастағыларды оқыту ерекшеліктері // Бастауыш
мектеп. – 1989. - №9.
3. Дефектология журналы №1 2011ж. «Оқу ҥрдісінде кӛрнекіліктерді пайдалану
жолдары».
4. Дефектология журналы №7 2014ж «Даму мҥмкіндігі шектеулі балалардың
танымдық қабілеттерін кӛрнекіліктер арқылы дамыту»
5. Т. Қ. Оспанов.Математика оқыту әдістемесі Алматы 1997 жыл.
6. Байтҧрсынова А. А. «Арнайы педагогика: проблемалар мен даму болашағы»,-
Алматы,2008
ҚАЗАҚТЫҢ
ТҮРКІ ТІЛДЕС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
-
САЯСИ
КӚЗҚАРАСТАРЫ ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Қҧлахметова Р. М.,
«Қазақ технология және бизнес университеті»
АҚ колледжінің педагог-психологі,
педагогика ғылымдарының магистрі
Қазіргі заманғы қарым-қатынастың мазмҧнын, сипатын және тҥрлерін
зерттеуде оның дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін білмеу кӛптеген
қиыншылықтарға апарады. Ендігі біздің мақсатымыз - тҥркі әлемі ойшылдары
мен қазақ ғҧламалары шығармаларында айтылған ой-пікірлер бойынша қарым-
қатынастың халық арасында жанама жҥргізу негіздерін анықтау болып отыр.
Егер ғалымды ӛткен мен болашақты біріктіретін, материалды және
рухани мәдениетті жаңғыртатын жаңа білімдердің қайнар кӛзін дамытушы
ретінде қарастырсақ, ол дҥниеден ӛткеннен кейінгі кезеңге баға беру арқылы
оның даралығын тҥсіне аламыз. Біріншіден, кейінгі буын ғалымдарының
еңбектеріне ықпалын айқындаймыз; екіншіден, ғалымның ғылыми еңбектері
тәжірибеде қай салада қолданылатынын анықтаймыз; ҥшіншіден, әр
142
кезеңдердегі оның ғылыми мҧрасына қатынасын тҥсінеміз. Нәтижесінде оның
еңбегінің болашақтағы орнының қандай екендігін бағалай аламыз. Жалпы
ғылымда уақыт пен сол кезең мҥшелері арасында байланыс бар. Бҥгінгі кҥнде
болашақты болжау мен жоспарлау ғылым мен техниканың дамуы мен
жетістіктерімен тығыз байланысты.
Бҧл тҧста қазақтың тҥркі тілдес философиялық кӛзқарастарын
қалыптастырған, орта ғасырлардағы мҧсылман әлемі ғҧламаларының
еңбектеріндегі идеяларға мән беру арқылы, олардың ӛз заманына тән қоғам
қажеттілігіне қатысты қҧндылықтарын айқындай аламыз. Енді әл-Фарабидің
«Қайырымды қала тҧрғындары», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сӛздері»,
Жҥсіп Баласағҧнның «Қҧтты білік», Қожа Ахмет Ясауидің «Даналық кітабы»,
Махмуд Қашқаридың «Тҥркі тілдерінің сӛздігі», Ахмед Йҥгінекидің «Ақиқат
сыйы», Сҥлеймен Бақырғанидың «Ақырзаман», «Бибі Мәриям», Мҧхаммед
Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» атты еңбектеріне сараптама жҥргізіп
кӛрелік.
Жалпы қоғамның даму сатыларына, әсіресе, біздің ӛткен тарихымыздағы
қоғам мҥшелері ҥшін данышпандардың сӛздері жоғары дәрежеде ӛз әсерін
тигізді. Ӛлең, толғауларда елдің қорғаныс қабілетін нығайту, ел іргесін берік
ағайындар ҧжымымен кҥшті болуы насихатталды. Ӛмір туралы, атамекен,
туған елдің әлеуметтік және қоғамдық жағдайы жырланып, жағымды,
жағымсыз тҧстары, қатерлері мен мҥмкіндіктері суреттелген керемет
туындылары бҥгінгі кҥнге дейін жеткендігі кӛңілімізді қуантады.
Әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа
тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді» деп тҧжырымдай келіп, Қайырымды
қаланың келбетін аша тҥсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған
қалаларды классификациялап бӛледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің
ӛзара жәрдем кӛрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана
бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық
жолы ерекше дейді [2].
Ғалымның «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сӛздері» атты трактатында
қалаларды қалай басқару керектігі туралы, олардың кӛркеюіне, ондағы
тҧрғындар тҧрмысының жақсаруына кӛмектесу, оларды бақыт жолына
бағыттап отыруға қатысты ерте заман ойшылдары айтқан кӛптеген негізгі
қағидалары қамтитын нақыл сӛздер берілген.
«Қайырымды қаланың тҧрғындарының кӛзқарастар жайындағы»
трактатында әл-Фараби Бірінші Тҧлғаға тӛмендегідей сипаттама береді: «...
барлық жеке біткеннің ӛмір сҥруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана
кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде – Одан басқасында – ең
болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні алатын
болсақ, ол мҧндай кемшіліктің бәрінен ада, ӛйткені оның тіршілігі кәміл және
болмысында басқасының бәрінен озық...» [1, 220 б.].
Ж. Баласағҧнның моральдық-этикалық мәселелерді кӛтеретін «Қҧтты
білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, қарым-қатынастардағы
адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар тҥрлі ережелер мен
143
заңдарды, әдет-ғҧрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде
жазылған кӛркем туынды болып табылады. Ж. Баласағҧн ӛз шығармасында
заманның бҧзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол
адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста
жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы
қасиеттің қалмағанын ӛкіне баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып,
ӛкініп, қарттық туралы да айта келе, ол ӛзіне ақыл-кеңес беру арқылы, қоғам
мҥшелеріне ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына
сӛздері:
«Сӛзді тура, ащы, қатты сӛйледім,
Тҥзу сӛзді ҧғар тҥзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, кӛрінгенді термедім!» [4], - оның шын мәнінде ел
жағдайына немқҧрайлы қарамағандығын кӛрсетеді
Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық
кӛріністері ӛлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада
деп ойлаймыз: 1. Адам баласының қадір-қасиеті – білім мен ақылда. Ол адам
кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу – мҧсылманның бір парызы;
2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік – адамзат ҥшін ең қажетті қасиет;
4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тҧрмайды; 5. Әділеттің жолын
қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкӛздіктен аулақ бол; 7. Иттердің басшысы
арыстан болса, иттер де арыстандай кҥркірер, ал арыстандардың басшысы ит
болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса,
уәзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Ӛз пайдаңнан гӛрі ел пайдасын ойла.
Қайырымды бол [5].
Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның кӛрнекті ӛкілі,
заманының танымал ақыны, «Тҥркістан пірі» атанған Қ. А. Ясауи ӛзінің
«Даналық кітабы» жырларында әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық,
шыншылдық, тазалық секілді игі істерге ҥгіттейді. Аталмыш еңбегі арқылы
негізгі тӛрт мәселеге мән береді: шариғат (ислам дінінің заңдары мен әдет-
ғҧрыптардың жинағы); тарихат (сопылықтың идеясы, мҧрат-мақсаты,
сопылыққа жеткізетін жол); хақиқат (Қҧдаймен бірігу, оған жақындау);
мағрифат (дін жолын танып, оқып білу). Оның ойынша, шариғатсыз тарихат,
тарихатсыз мағрифат, мағрифатсыз хақиқат болуы мҥмкін емес. Бҧлардың бәрі
екіншісіне ӛту ҥшін қажетті басқыш болып табылады [6].
Жалпы хикметтер – адамға ӛзінің Жаратушысы Аллаһты танытатын
жырлары. Осы хикметтері арқылы Ясауи кемелдену жолында адам бес
нәрседен сақтануы тиіс: Алланың ақ жолын мойындамау; менмендік пен
тәкаппарлық; арамдық; еріншектік; дҥние-мҥлік жолында арын сату. Бҧл да
адами мәдениеттілік барысындағы қарым-қатынас жасаудың кӛрсеткіші деп
кӛрсетсек қателеспесіміз анық.
М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазған «Тҥркі тілдерінің сӛздігі» еңбегі
Орталық Азия ӛркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек кӛздерінің бірі
болып табылады. Бҧл еңбек тҥркі тайпаларының мҧсылман әлеміндегі ірі
144
әскери-саяси жетістіктері дәуірінде жазылды. Сондықтан тҥрік тайпаларының
тілі мен мәдениетінің байлығы мен алуан тҥрлілігін кӛрсетіп қана қоймай, оны
насихаттау ретінде бҧл еңбек ӛз жемісін берді. Еңбек мазмҧнына, әсіресе, оның
алғы сӛзінде Аббасид халифы әл-Мҧқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол
сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын кӛрсетеді.
М. Қашқари «Тҥркі тілдерінің сӛздігі» еңбегін жазу барысында сол
дәуірдегі тҥркілердің қоғамдық ӛмірі мен рухани дҥниесін, ойтанымын сан
алуан ӛзіндік сипатын әр жақты қамтып және негізгі материалдарын бес салаға
бӛліп қарастырған: белгілі бір тайпаға тән мәндігі дәл кӛрсетілген сӛздер қоры
(лексикасы); тҥркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер;
тҥркі тілдерін топтастыру; тҥркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы
мәліметтер; тҥріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы
жайындағы мәліметтер [6, 233 б.].
А. Йҥгінекидің әлеуметтік-саяси кӛзқарастары оның «Ақиқат сыйы»
еңбегінде кӛрініс табады. «Білімдінің сӛзі ҥгіт, насихат, ҥгіт-ӛнеге», - дейді бір
сӛзінде білімдар ақын. Бақыт жолы білім арқылы білінетіні, білімді азамат
қоғам ҥшін бағалы, ал білімсіз наданның қҧны жоқ екендігі туралы баян етеді.
Демек, білімді салғыртсынбай ҥйрену арқылы қоғам ӛмірінің алға
жылжитындығына кӛзімізді жеткізеді. Азаматтарға сӛзбен ықпал ету тек
білімдінің қолынан келетіндігін тҥсінеміз.
«Егер ӛкіметке қолың жетсе, мақтанба», «Бастық болсаң, жайсаң бол,
кәріге де, жасқа да қҧрмет кӛрсет», - деген пікірлері сол кезеңдегі басшыларға
айтылған кеңесі секілді. Бҥгінгі кҥнде лидерлік мәселесі барлық ғылымдарда
толыққанды
зерттелуде.
Мәселен,
психология
лидердің
тҧлғалық
ерекшеліктерін зерттейді. Әлеуметтану лидерлікті әлеуметтік жҥйенің негізінде
қарастырады.
Әлеуметтік
психология
лидерлікті
әлеуметтік
және
психологиялық факторлардың ӛзара қызметтік процесі ретінде зерттейді.
Сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың
бірі, ойшыл, ғҧлама, ақын, Ясауидің атақты тӛрт шәкіртінің бірі, халық
арасында «Әкім ата» деген атпен белгілі Сҥлеймен Бақырғани сопылық
поэзияны жалғастырып, діни хикметтер жазған және ел-жҧртын имандылыққа,
адамгершілікке ҥндеген. «Ақырзаман» дастанының мазмҧндық желісін Тажал
мен Мәдінің кҥресі, ақырзаман белгілері, махшар кҥні мен Мҧхаммед
пайғамбардың (ғ.с.) ӛз ҥмбеттерін тозақ отынан қҧтқаруы қҧрайды. Ал «Бибі
Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сҥйіспеншілік, Аллаға
қҧлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мҧхаммед, Иса
пайғамбарлардың (ғ.с.) ҥмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ҧсталған.
Мемлекет қайраткері, әскербасы, тарихшы, ақын, жаратылыстанушы,
этнограф, дипломат М.Х. Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі Орта Азия
халықтарымен қоса, Ҥндістан, Тибет, Ауғаныстан, Иран секілді мемлекеттердің
халықтарының тарихи, географиялық, топономикалық, этнологиялық жағын
зерттеуде деректік мәні зор.
Қазақ халқының ӛз заманының ойшылдары дҥниенің, болмыстың,
ӛмірдің, адамның жай-кҥйін жете тҥсінуге ҧмтылған. Нақты ӛмірден бастау
145
алатын қазақтың философиялық кӛзқарастары қоғам мен табиғат туралы
пікірлерге толы. Міне, осы қоғамдық қатынастар турасындағы кейбір
тҧжырымдамалар бҥгінгі кҥнде адами мәдениеттілікті насихаттау сипатына ие.
Қазақ халқының философиялық кӛзқарастарының қалыптасуының
алғашқыларының қатарындағы Қорқыт ата мен Асан қайғы, ағартушы-
классиктер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қҧнанбаев, Ахмет
Байтҧрсыновтың еңбектеріндегі тҧжырымдар мен Бҧқар жыраудың
жырларындағы ойларға да сараптама жасауды ниет еттік.
Қорқыт ата – қазақ ойшылы, исі тҥркіге ортақ дана. Қорқыт атаның ел
аузында қалған кӛптеген нақыл сӛздері әлі кҥнге дейін ӛз ӛзектілігін
жоғалтпайтыны анық. «Қҧмды қанша ҥйгенмен тӛбе болмас, Қара есектің
басына жҥген таққанымен тҧлпар болмас», «Кҥңге сарыпай шапан жапқанмен,
бәйбіше болмас», «Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас», «Ананың
кӛңілі балада, баланың кӛңілі далада», «Сырын білмеген аттың сыртынан
жҥрме», «Ең сҥйкімді әйел – отбасының қҧты болған әйел» [5, 32 б.], - секілді
қанатты сӛздері қазақ халқының мақал-мәтеліне айналды. Осы нақыл сӛздердің
жолдары арқылы отбасындағы ананың рӛліне ерекше назар аударылғандығын
байқаймыз. Бҧл да адами мәдениеттіліктегі қарым-қатынас кӛрсеткіші.
ХV ғасырда ӛмір сҥрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының
тағдыры шешілер тҧста ӛмір сҥрді. Ол шығармаларында тарих пен қоғам
алдындағы ӛзінің жауапкершілігін тҥсініп және мҧны әр адамға ой салар мәселе
ретінде қояды:
... Ауылдағы жамандар,
Ел қадірін не білсін?
Кӛшіп-қонып кӛрмеген,
Жер қадірін не білсін [7]!
Қазақ
қоғамдық
ой-пікірлерінің
тарихында
ағартушылық
кӛзқарастарымен ерекшеленетін шығармалардың маңыздылығы ӛте жоғары.
Қазақтың ірі әдебиетші-ғалымы, драматург, қоғам қайраткері М. Әуезовтың
жиырма томдық шығармаларының он тоғызыншы томында жазушы мынадай
пікірде: «Қазақ ССР тарихының ӛткен ғасырын еске алсақ, кӛзге толық, кӛңілге
медеу ҥш адамды алдымен айтамыз. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан
ӛлкелерінен шықса да бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар: ҥшеуі ҥш
мҧнарадай болған Шоқан, Ыбырай, Абай.
Шоқан орыстың алдыңғы қатарлы демократиялық озғын мәдениетін
меңгермесе, Шоқан болмас еді. Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса,
Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесі, орыстың
адамгершіл, прогресшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса,
Ыбырай болмас еді. Солар сияқты Абай да Крылов, Пушкин, Лермонтов,
Салтыков-Щедрин қалдырған әдебиетік мҧраны ҧғып, меңгермесе Абай болмас
еді» [8].
Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғҧлама ғалымы және
ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық
кӛзқарастары бҥгінгі кҥнге дейін ӛз қҧндылығын жоғалтпайды. Оның
146
«Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір
қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария
очерктері» [9] атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы
баяндайды.
Қазақ мектептерін Европа жолына, ӛнер жолына бҧрып бастаған ең
тҧңғыш жаңашыл оқытушы, тарихта ӛшпестей із қалдырған педагог, ақын,
жазушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметке қосқан ҥлесі мен
еңбегі зор. Ыбырай жастарды оқу-білім, ӛнерге ҥндегенде қҧрғақ насихатқа
ҧрынбайды, қайта ӛз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ҧмтылады. Айтпақ пікірді
оқушы зердесіне еркін сіңіру ҥшін әр алуан ҧстаздық амал-тәсіл қолданады.
«Бай мен жарлы баласы» атты әңгімесі ӛзге шығармаларынан жеке дара
тҧр деп айта аламыз. Жоқшылық кӛрмей, тек дайынға ҥйренген бай баласы
Асанның ӛмірге икемсіздігін, ал бҧған қарсы еңбексҥйгіш, тәжірибелі кедей
баласы Ҥсеннің қиын сәтте икемділігін нанымды етіп сипаттайды. Сол арқылы
ӛмірдің кҥрделілігін аңғартып, қандай қиыншылықты болса да еңбек пен
тәжірибе жеңеді деген байсалды пікір ҧсынады [8, 8-17 бб.].
Қазақтың ҧлы ақыны, философ, жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Абайдың әлеуметтік-саяси, антропоцентристік, гуманистік кӛзқарастарының
орны ерекше. Оның әрбір поэмалары, қара сӛздері, ӛлеңдері мен
аудармаларының негізгі мәнін тереңінен тҥсіне алсақ, ӛткен заманды, елдің
жайын, халық тағдыры мен арманын ҧғынамыз. Сол арқылы қазіргі кезеңді,
кешегі мен бҥгінді, болашағымызды айқындай аламыз.
Ҧлы Абай ӛзінің бірінші қара сӛзінде: «қалған ӛмірімді қайтып
ӛткіземін», - дей келе, «ел», «мал», «ғылым», «дін», «бала» бағамын ба?», - деп
сауал тастайды. Ақыры: «... ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім
ішінен керекті сӛз тапса, жазып алсын, я оқысын...» [10] - дейді.
Кӛрнекті қазақ ақыны, ағартушы-демократы, әдебиет зерттеушісі,
аудармашы, қазақ эстетикасының негізін қалаушы Ахмет Байтҧрсыновтың
ғылыми және ақындық мҧрасы ҧлт игілігіне қызмет етіп келеді. Ақын
шығармашылығынан да біз насихаттық сипатқа ие ҧрандарға кездесеміз.
Себебі, А. Байтҧрсынҧлы айтқандай: «Халық тҧр Қҧдайдан соң саған сеніп»,
«Жігіттер біле білсең анаң – халық, Келіңіз ана сҥтін адалдалық», - деп
басталатын «Азаматқа» деген ӛлеңі ақынның замандастарына – Алаш
зиялыларына тастаған ҧраны іспеттес. «Жҥргенің хан ҧлындай халық арқасы.
Мінезді қадір білмес қолданбалық» деуі бҥгінгіге қажет ой: қалың қазақ
қолдамаған ер хан ҧлындай ӛзін сезінуі мҥмкін бе?!
Ӛз заманының ҥздік ҥгітшісі Бҧқар жырау қалың қазақтың рухани
талабына қызмет етті. Ол қарым-қатынас жолында адалдыққа, адамгершілікке,
ерлікке, бірлікке шақырып, кҥнделікті ӛмірдің мерейлі де шуақты қағидаларын
уағыздады.
Қазтуған жырау ӛмір туралы, атамекен, туған ел мен әскери тақырыптағы
туындылар
жазса,
Доспанбет
жырау
шығармаларында
кӛшпенді
жауынгерлердің бейнелік тҧлғасы, батырлық кейпі кӛрінеді. Жорық жыршысы
болған Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа біріккен мықты феодалдық
147
мемлекет қҧру идеяларының ҧраншысы қызметін атқарса, шонжарлар
тҧқымынан шыққан Жиембет жырау хан ҥкіметіне қарсы болады. Ақтамберді
толғауларында атқа қонуды, ойраттарға қарсы соққы беруге, жҧртшылықты
ерлікке ҥндеп, қарсы келген жауға қорықпай шабу насихатталады.
Айтылған пікірлердің барлығы қарым-қатынас пен адами мәдениеттілікті
зерделеуге кӛп септігін тигізері анық. Ӛз заманы ойшылдарының әлеуметтік-
саяси кӛзқарастары арқылы қазіргі қоғам мҥшелерінің санасына жанама тҥрде
ақпал жасауға болатыныны анық. Сондықтан бҧл тақырып тӛңірегіндегі
зерттеулер алдағы уақыттың еншісінде деп ойлаймыз.
Қазақ данышпандарының қоғам мҥшелеріне ӛз шығармалары арқылы
ынтымақтастыққа, бейбітшілікке, ізгілікке, сауатты болып, ғылым қууға ҥгіттеу
жҥргізгендіктері байқалады. Сондықтан қазақтың барша ғҧлама ғалымдарының
пікірлері бҥгінгі кҥнде де қҧндылықтары мен ӛзектілігін жоймайтындығы
ақиқат.
Әдебиеттер:
1.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 220 б.
2.
Мекежанов Б.У. Әл-Фарабидің адамдар қоғамдастығы жайындағы
классификациясы // «Әл-Фарабидің шығыс халықтарының мәдениеті мен
ғылыми тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияның материалдары. – Алматы, 1994. – 3 б.
3.
Әлемдік философиялық мҧра. Жиырма томдық. 4 – том. Әл-Фараби мен
Ибн-Сина философиясы. – Алматы: Жазушы, 2005. – 177 б.
4.
Қҧтты білік / Кӛне тҥрк тілінен аударған, алғы сӛзі мен тҥсініктерін жазған
А. Егеубай. –А, Ӛлке, 2006. – 622 б.
5.
Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. –
Алматы, 2008. – 185-187 бб.
6.
Жҥншеев Р.Е., Тӛкенов Ӛ.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия.–Тараз, 2007.–231 б.
7.
Толысбай К. Асан қайғы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 11 б.
8.
Ыбырай Алтынсарин тағылымы. / Қҧраст. М. Жармҧхамедов. – Алматы:
Жазушы, 1991. – 20-21 бб.
9.
Шоқан Уәлиханов. Мақалалары мен хаттары. – Алматы: Қазақтың біріккен
мемлекет баспасы, 1949. – 169 б.
10.
Абай (Ибраһим) Қҧнанбайҧлы. Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. – ІІ том. – Алматы: Жазушы, 1995. – 158 б.
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ
МЫЗҒЫМАС ИДЕЯЛЫҚ ТҦҒЫРЫ-«МӘҢГІЛІК ЕЛ»
Қҧлбекова Н. Қ.,
Астана қаласы №82 «Дарын»
мамандандырылған лицейі тарих пәні мұғалімі
«Мәңгілік Ел» — жалпы қазақстандық ҧлттық идея. Бабаларымыздың
148
асыл арманы. «Мәңгілік Ел» сӛзінің терең тарихи тамыры және ҥлкен
мағыналы мәні бар. Тҥрік шежіресінде «Мәңгі» сӛзі «Тәңір», «Қҧдай», «Алла»
сӛздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла
Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ҧлттың уақытпен
шектелмеген тҧмары болады деуге толық негіз бар.
Зерттеуші ғалымдар «Мәңгілік Ел» идеясының тамыры тереңде екендігін
дәлелдеп,мерейімізді асқақтатып отыр.
Қаржаубай Сартқожаҧлы ( Түркі тарихын зерттеуші, филология
ғылымдарының докторы, профессор): «Мәңгілік ел-тҥрік жҧртының данагӛйі,
ҥш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкӛк негізін қалаған идея...»-
екендігін жазған .Елтеріс Қҧтлық қаған қағанатын қҧрғаннан кейін Тоныкӛк
«Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел-мақсаты тҥрік елінің билігі деп
осыдан 13 ғасыр бҧрын мәңгілік идеясын ҧсынған. Сол идея, бҥгінгі қазақ
елінің бас ҧранына айналды. Орхон ӛзенінің бойында Тҥрік қағанатының
Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ӛзегі
болған екен. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін тҥрлі тайпалар
қорғап тҧрды. Ҥшінші шеңберде он-оқ Тҥркештер тҧрды. Қырғыздар,
Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да ҥшінші шеңбердің қорғаушысы
болды. Осы ҥш шеңбер тҧтас империяны қорғап тҧрды. Тҥріктер осы 3
шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.
Қорқыт бабамыздың мәңгі ӛмірге ҧмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол
замандағы билеушілердің, елдің мәңгі ӛмір сҥруін қалағандығын білдіреді.
Асан Қайғы ӛз халқы ҥшін ең қолайлы, ең қҧнарлы жерді іздегендігі
белгілі. Асан қайғының жерҧйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге
қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған.
Кӛне тҥркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы ҥш негізден тҧрады:
1)- кӛне тҥркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы,
2)- Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасы,
3)- Жҥсіп Баласағҧнның осы идеяны негіздеген «Қҧтты Білік» дастаны.
Тоныкӛк ескерткішінде мемлекеттің тҧрақты болуы ҥшін билікті ҧстап отырған
қаған мен ақылгӛй дана бірауыздылығы, сӛз бен істің ажырамауы, елдің
тҧтастығы ҥшін ынтымақтың, барлық кҥштердің ҧйытқысы болу қажеттігі тҥп
нысана ретінде айтылады
Сонымен қатар, бҧл жерде «Мәңгілік Ел» ҧғымы, тәуелсіздік рухы,
азаттық идеясы бір-бірімен ҥндесіп тҧр.
Әл-Фараби тҥркі дҥниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық
негіздемесін жасап берді. «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін
«Қайырымды қала тҧрғындарының кӛзқарастары туралы», «Мемлекет
билеушінің нақыл сӛздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды.
Жҥсіп Баласағҧнның «Қҧтты білік» шығармасында, X–XI ғасырлардағы
Жетісу жерінде тҧрған тайпалардың салт-санасы, әдет-ғҧрыптары, наным-
сенімдері кӛп жырланған. «Қҧтты білік» кейіпкерлерінің есімдері де бҧрынғы
тәңірілік дін нанымдарына қатысты. Басты бейне Кҥнтуды — әділ ел басшы.
Бҧл бейне «Кҥлтегін» жазуларынан басталып, әл-Фараби мен Қожа Ахмет
149
Иассауи армандаған тҥрік мәдениетіндегі ҥлгі, мҧрат тҧлғаның бастысы. Жҥсіп
Баласағҧнның басты кейіпкер қылып Кҥлтегінді кӛрсетуі тҥркі мәдениетін
жалғастырушы, мәңгілік ел бағдарының қолдаушысы екендігін айқындайды.
XVIII ғасырда Қазақ жоңғар соғысында жоңғарлар тарих сахнасынан
мҥлдем жойылып кетті. Абылай хан елді біріктіріп, қазақ елін аман сақтап
қалды. Бҧл Аблай ханның «Мәңгілік Ел» идеясын жалғастырушы екендігінің
дәлелі.
Л. Н. Гумилев (ғалым, тарихшы-этнолог «От Руси к России» )еңбегінде:
«Еуразия қҧрлығы ҥш рет біріктірілді» -дейді
1) Ҧлы Тҥркі қағанатын қҧрған кӛне тҥріктер біріктірді.
2) Шыңғыс хан бастаған монғолдар
3) Ресей
Елбасы Н. Ә. Назарбаев (2000 жылы 14-желтоқсанда) латын алфавитіне
кӛшу мәселесіне ӛз пікірін білдіріп, латын алфавитіне кӛшетінімізді айтты.
Тоныкӛк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші,
жандандырушы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына кириллица емес, латын
әрпіне кӛшудің қажеттілігін айтты. «Тарих толқынында» атты еңбегінде:
«Тҥркі халықтары жҧмылған жҧдырықтай болып біріккен кезде геосаяси ӛмірге
тең қҧқықты субъект ретінде ықпал ете алады, мәдени әлемдегі ӛзара қарым-
қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент ретінде емес, ӛзгелермен
терезесі тең тҧлға ретінде бой кӛрсете алады. Бҧл бағыттағы алғашқы игі қадам
ортаазиялық одақтың қҧрылуы болды. Оның шеңберінде біздің бәрімізге ортақ
мәдени ҧқсастығымызды жете сезіну арқылы деңгейіміздің кӛтеріле тҥсетіні
сӛзсіз» - деп тҥрік бірлігінің болашағына зор ҥмітпен қарады.
Қазіргі кезде, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жҥргізілген
тҥркі тілдес мемлекеттерді жақындастыру саясаты, елімізді Орталық Азияның
кӛшбасшысына айналдыру идеясы ӛз жемісін берді. Оған Тҥркістандағы Ясауи
атындағы Халықаралық Қазақ-Тҥрік университетінің ашылуы, 2009 жылы
Тҥркияның «Тҥрік ошақтары» қоғамдық ҧйымынан Н.Ә.Назарбаевқа «Тҥркі
әлеміне қызмет» марапатының берілуі, Астанада Тҥркі академиясының
ашылуы, сонымен қатар, Анкара қаласындағы «Генчлер» саябағына
Н. Назарбаев ескерткішінің орнатылуы.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада «Мәңгілік Ел»
салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік
идеологияға айналғандығының бір дәлелі. Баяндаманы елбасымыздың
«НҦРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» халыққа жолдауында айтқан
ҧрандарымен аяқтағым келіп отыр
«Біз Жалпыҧлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп,
тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нҧрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы
еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нҧрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп,
аянбай тер тӛгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші кҥші, ешқашан
таусылмас қуат кӛзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI
ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тҧғыры! Жаңа
Қазақстандық патриотизм дегеніміздің ӛзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан
150
қоғамының осындай ҧлы қҧндылығы.
Ӛткен тарихымызға тағзым да, бҥгінгі бақытымызға мақтаныш та,
гҥлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген қҧдіретті ҧғымға сыйып тҧр.
Отанды сҥю - бабалардан мирас болған ҧлы мҧраны қадірлеу, оны кӛздің
қарашығындай сақтау, ӛз ҥлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ҧрпаққа аманат
етіп, табыстау деген сӛз. Барша қазақстандықтардың жҧмысының тҥпкі мәні -
осы!»
НАЦИОНАЛЬНАЯ ИДЕЯ «МӘҢГІЛІК ЕЛ»:
ПРАКТИКА И ПЕРСПЕКТИВА РЕАЛИЗАЦИИ
В
УЧЕБНО
-
ВОСПИТАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ
Магомедова А. С.,
учитель русского языка и литературы
ГУ «Школа- лицей №62» города Астаны
Сегодня Казахстан является состоявшимся молодым государством,
страной, чьи достижения, также как и инициативы, признаются мировым
сообществом. Наша страна имеет огромный потенциал и перспективы развития.
«Казахстан ХХI века-страна, созданная с «нуля» талантливым, трудолюбивым,
толерантным народом! Это наше общее детище, которым мы гордимся! Это
наше великое творение, которое мы беззаветно любим!» -говорил в своем
Послании наш Президент.
Основная цель, которую ставит Глава государства в своем Послании – это
то, что к 2050 году наша страна должна войти в тридцатку самых развитых
государств мира. В Казахстане объявлена новая экономическая политика,
Нурсултан Назарбаев назвал ее «Нурлы жол». Президент страны поставил
четкие и достижимые цели, еще раз продемонстрировав глобальный подход,
глубину мышления и политическую дальновидность. В Послании получила
обоснование ключевая идея консолидации наших устремлений и усилий,
нашего неустанного труда – Мәңгілік Ел.
Самая главная задача – это сохранение всего, что было достигнуто за
годы суверенитета, продолжение устойчивого развития в XXI веке. Мәңгілік Ел
– это наша ответственность перед поколениями народа Казахстана, наша
стратегия развития достойного и великого Казахстана. Сейчас перед нами
поставлены задачи на десятилетия вперед, а это значит у нашей страны
большое будущее.
В патриотическом акте «Мәнгілік ел» представлена национальная идея, в
основе которой лежат все ключевые ценности, о которых мечтали наши отцы,
наши предки. Подрастающему поколению предстоит сохранить наши ценности
и построить будущее страны.
Президентом в первую очередь ставятся и рассматриваются самые
насущные вопросы образования, науки, здравоохранения и социальной защиты
151
казахстанцев, обозначены вопросы воспитания молодежи для сохранения
духовности и культуры народа, принятия Патриотического акта «Мәңгілік ел».
В «Плане нации - 100 шагов по реализации пяти институциональных
реформ», 85 и 89 шаги посвящены идее Мәңгілік Ел в виде задачи по созданию
проекта патриотического акта и задачи внедрения ценностей Мәңгілік Ел.
Один из таких потенциалов доверил Президент нам, учителям, и я
считаю, что мы не имеем право перед нашим народом не выполнить
поставленных перед нами задач.
Учителя должны играть важную роль в реализации программы «Мәнгілік
ел», озвученной Президентом, и мы в первую очередь ответственны за
продвижение национальной идеи среди подрастающего поколения. Так в
прошлом учебном году мною проводились мероприятия по реализации задач,
поставленных в Послании Главы государства. А именно: классные часы в 10
классе на тему «Мәңгілік ел- біздің кҥш қуатымыз», «Мы – достойная смена
наших отцов», был проведѐн конкурс сочинений среди учащихся 5-8 классов по
теме «Моя Родина - Казахстан»
Данные мероприятия способствуют формированию у учащихся
гражданственности и патриотизма, воспитания чувства любви к своей Родине,
уважения к ее истории и культуре, бережного отношения к природе родного
края, гордости за достижения современного Казахстана.
В современных условиях особую значимость приобретает гражданско-
патриотическое воспитание обучающихся, возрастает роль организаций
образования в воспитании юных граждан Республики Казахстан. С этой целью
на классных часах мы с ребятами провели диспут по теме «Как ты понимаешь
идею Мәңгілік ел?» и конкурс слайдовых презентаций «ЭКСПО -2017».
При проведении классных часов продуктивно применяю новые
технологии преподавания и активные формы обучения, в качестве ресурсов
использую
примеры
из
отечественной
литературы,
кинематографа,
публицистики, поэзии, собственные сочинения обучающихся о своей
жизненной позиции.
Я уверена, что все мероприятия, организованные для реализации
программы «Мәңгілік ел», будут направлены на формирование человека
образованного, обладающего развитыми лидерскими качествами, готового
самостоятельно принимать решения в ситуации выбора, способного к
сотрудничеству и межкультурному взаимодействию, обладающего чувством
ответственности за судьбу страны, активно участвующего в достижении
главной цели Стратегии «Казахстанский путь-2050: единая цель, единые
интересы, единое будущее».
Каждый из нас, педагогов, все свои усилия направляет на то, чтобы
вырастить человека творческого и талантливого, любящего родных и близких,
свой народ, свою Родину, настоящего гражданина своей страны. Для
достижения эффективности необходимо не только дать знания и умения,
способствующие формированию соответствующих идеалов, принципов и
мировоззрения, но и развивать необходимые личностные качества, духовный
152
мир учеников, чтобы они стали достойными гражданами нашей
многонациональной страны.
Быть гражданином и патриотом своей Родины, значит, иметь активную
гражданскую позицию, грамотно пользоваться своими правами, честно и
добросовестно исполнять свои обязанности. Быть трудолюбивым для
поддержания достойного уровня собственной жизни и заботиться о тех, кто
нуждается в твоей помощи и защите, ощущать свою ответственность и
сопричастность к прошлому, настоящему и будущему своей страны.
МӘІҢГІЛІК ЕЛДІҢ МҰРАТЫ –
ТӘУЕЛСІЗДІК
Маратова Л. Н.,
Учитель истории
СШ №16 им.Т.Айбергенова
" Жизнь народа прирастает с каждым следующим его поколением.
Поэтому нет мечты выше, чем мечта о Вечности Народа. Мәңгілік Ел – это
идея, которая открывает завтрашний день, выражает веру в будущее, это
символ необратимой и прочной стабильности...
Мы, граждане Казахстана, исходя из высших интересов общества и
государства, связанные одной судьбой и исторической памятью на древней
казахской земле, являясь продолжителями славной истории и традиций Ҧлы
Дала Елі – Страны Великой Преображенной Степи, осуществив мечту многих
поколений о Независимости и осознавая свой священный долг перед будущими
поколениями, важность мира и согласия, единства и сплоченности, в год 25-
летнего юбилея Независимости Республики Казахстан».
С момента обретения независимости наша республика, совершила
стремительный полет по уникальной траектории, называемой Казахстанский
путь. Особое значение сегодня ей придает идея Мәңгілік Ел, которая на
протяжении ряда лет претерпевала определенные изменения. Пожалуй, впервые
Достарыңызбен бөлісу: |