«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Күзгі хандра
Сұрғылт аспан көңілдің шынысындай,
Жадырамас бұл жүрек мұңы сынбай,
Түндерінде ызғарлы Қарашаның,
Дірілдеп бара жатыр тынысында ай.
Баққа қарай баспадым ақыры адым.
Кеудеде күзбен үндес жатыр әнім.
Жол бойында күттің бе, әлдекімді?
Жаныма кеп жайғастың жапырағым...
Сырыңды айт, ағыңнан жарыл енді,
Күз сенің алып кетті тағы неңді?
Жанымның жылуымен жылытайын,
Сарғайып кетіпсің ғой, сабыр енді...
Мен отырмын сәулесіз тауып күйді,
«Күз ағам» тағы сары сауыт киді.
Іздеген тәтті әуенім бұл емес қой,
Құстар неге нотадан ауытқиды?
Сырғанақ мұң көңілден тайып кетші,
Күз – өзімді кінәла, айыпты етші...
Бәйшешектің нәзіктеу сұлбасын сап,
Жаңбырменен жүректі шайып кетші!


48
49
ЖҮНІСХАН АЙТОЛҒАН
Аңдатпа:
Бұл өлең ақынның арда мұның мұңын, асқақ рух-
тың азабын сезінгенде туған жыр. Қара өлеңнің қа-
рапайым болмысын аңсап, сағынышпен сырлас-
қан сәт. Өткенге өкініш білдіре отырып, болашақ 
жалғанған. Кейінгі ұрпақ ақиық ақынмен тілдеспе-
се де, жырымен үндеседі...
Аннотация: 
Это стихотворение, рожденное в порыве чувств 
сострадания и боли. Момент желания изложить 
душу четверостишьем, которого томительно ждал. 
Сожаление о прошедшим, думанье о будущем. 
Если даже следующему поколению не суждено с 
автором побеседовать, то суждено быть в гармо-
нии с его произведением...
Abstract:
This poem is born in a fit of feelings of compassion 
and pain. A moment of desire to expound the soul 
with a quatrain, which he longed for. Regret about 
the past, thinking about the future. If even the next 
generation is not destined to talk with the author, then 
it is destined to be in harmony with his work ...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет