«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет27/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

НҰРСҰЛТАН ҚОЖАБЕКОВ
Аңдатпа:
Алаштың ардақты азаматы М.Жұмабаевтың «Мен 
жастарға сенемін» деген өлеңі жігерлі де, жа-
лынды жастардың ұранына айналғандығы сөзсіз. 
Ақын бабамыз болашақтың кілті мына жастардың 
қолында екендігін білсе керек. Қолға қалам ала 
отырып, мен де осы жырды жалғастырып, өзімше 
өлеңмен өрнектедім. Ата-бабамыз осынау ұлан-
ғайыр жерді қорғаймын, деп ерлікпен қан төксе
біздер – жас ұрпаққа, еліміздің гүлденуі үшін ең-
бекпен тер төгуіміз, қасиетті парыз. «Ерім дейтін 
ел болмаса, елім дейтін ер қайдан туар» демекші, 
жас буынға мына «Жастар жылында да» және әр 
уақытта сенім мен қолдау аса қажет дегім келеді.
Аннотация:
Стихотворение «Я верю в молодежь» алашевца 
М. Жумабаева, несомненно, стало лозунгом энер-
гичной и пылкой молодежи. Великий поэт знал
что ключ к будущему находится в руках молодых. 
Взяв перо в руки, я также хотел сотворить стихот-
ворение, сохранив этот посыл. Зная, сколько кро-
ви пролили наши предки, защищая нашу землю, 
мы – молодежь обязаны сохранить и развивать 
ее для будущего поколения. Как говорится: «Если 
сын не чтит свой народ, то откуда народу чтить 
своего сына», и в этой связи верю что, молодежи 
всегда нужна доверие и поддержка.
Abstract:
The poem «I Believe in Youth» by alashevcha M. 
Zhumabaev undoubtedly became the slogan of 
energetic and ardent youth. The great poet knew that 
the key to the future lies in the hands of the young. 
Holding the pen in my hands, I also wanted to create 
a poem, keeping this message. Knowing how much 
blood our ancestors shed, protecting our land. We, 
the youth, are obligated to preserve and develop it 
for the next generation. As the saying goes: “If a son 
does not honor his people, then where are the people 
to honor his son”, and in this regard, I believe that 
young people always need trust and support.


64
65
* * *
Мен жастарға сенемін, айбыны мол,
Жастары көп қазақтың байлығы мол.
Сарқылмайды сенімім ұланғайыр,
Топты жарып шықса да қай күні ол.
Мақтанамын ашық көк аспаныммен,
Бақыттымын шат көңіл достарыммен.
Ата-баба армандаған Тәуелсіздік,
Жетті бізге желтоқсан жастарымен.
Жастық шақтан басталар арман, мақсат,
Жастарыма керек емес жалған жақсы ат.
Жалын атып тұрмаса жас көздерден,
Байтақ жерге ие болған қалай қазақ.
Болашаққа бастайтын бүгінгімен, 
Еңбек десе ерінбей түрілген жең.
Арманға жол бағыт алып жүре берсек,
Шығысымнан күн шығар күлімдеген. 
Жасампаз талай сарай салынады,
Жастарға барша биік бағынады.
Қай белес болса-дағы дүниеде6
Таң қалдырар әлемнің бәрін әлі.
Мен жастарға сенем, деп, Мағжан ақын,
Жас буынға сеніммен болған жақын.
Жайша емес сенімін білдіргені,
Ойлағаны шығар жұрттың болашағын.
Сенім болса көңілде маңыздысы,
Серік болар жақсылықтың бар ізгісі.
Өткеннің өсиетін ұмыт қылмау,
Бүгінгі жас ұрпақтың парыз ісі.
Бір болсақ алпауыт күш секілдіміз,
Самғасын кең құшақпен көгімде құс.
Мағжан атам жалғыз сенсе жастарыма,
Біз жастарға сенеміз, сенімдіміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет