«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет28/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Туған жер
Туған жер күндей ыстық бар адамға,
Ондай жерді әлемнен таба алам ба?
Туған жер деп тырулап тырналар да,
Жай тапқандай қуанар оралғанда.
Жалғыз жүрек секілді Отан жалғыз,
Оны сүю бәріне болған парыз.
Ата-бабам қорғап қалған туған мекен,
Ата жауға берместен қолдан намыс.
Өзен көлім тауларым жақын бәрі,
Бұлақтағы суы да жанға дәрі.
Жырлап өткен Отанын тебіреніп,
Бар әлемнің шайыр мен ақындары.
Тай-құлындай жарысып туған жерде,
Балалықпен көбелек қуған кезде.
Қандай бақыт керегін білмеймін мен,
Керек емес ештеңе бұдан өзге.
Отан деген бәрінен биік екен,
Ол жердегі бәрінің үйі көркем.
Қарсы келсе бәрінен сені қорғап,
Туған жерім сені мәңгі сүйіп өтем!


66
67
АЗАМАТ ҚАЖЫБАЕВ
Аңдатпа:
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, елдік мүдде тұрғы-
сында бас көтерген дүмпу жастардың толқыны 
екені, жастардың ықпалы екені аян. Сол себептен 
өлеңдегі негізгі мазмұн жастардың күш-қуаты тек 
ұлттың ертеңіне қызмет қылсын деген үндеу еді. 
«Мен – жастарға сенемін!..».
Аннотация: 
По истокам истории четко складывается истина, 
что в каждой эпохе есть следы влияния молодежи, 
когда речь шла о благе народа. Так, содержание 
стихотворения повествует о том, как важно напра-
вить силу и созидание молодежи на будущее стра-
ны. «Я верю в молодежь!..».
Abstract:
At the source of history, the truth clearly emerges that 
in every era there are traces of the influence of youth 
when it came to the welfare of the people. So, the 
content of the poem tells about how important it is to 
direct the power and creation of youth to the future of 
the country. “I believe in youth! ..”.
* * *
Боз қырау шалып бұғаулық болған дәуірді,
Арайлы таңмен бастырып тастап дауылды.
Атойлап шыққан алғыр ерлердің екпіні,
Жаңғыртып жатты азаттық, деген, жан үнді.
Жастардың күші азаттық берген ұлтқа шын,
Еркін елдікті сақтай алмасақ жұртқа сын.
Жігері тасты құм қылып, мұзды жібіткен,
Ерлермен бірге ұстайық елдің тұтқасын!
Тәуелсіз елдің жастары менмін, мына біз,
Қазақтығымды жыр қылып өту мұрамыз.
Азаттығыммен күлімдеп тұрсын Күн-Абыз,
Төрінде біздер тұрамыз.
Жастықтың оты жалындап бойды шарпысын,
Жастардың күші көтеріп кетер тау мүсін.
Жасындай жастық аспанды тіліп өтпейме,
Жасыл жай дәурен даярлап қояр шалғы ісін.
* * *
Мен өмірге келген күн –
Тәңір құйған тіршілікке тылсым жыр,
Тұңғиыққа батып кеткен көк сүңгір.
Алапат үн кеңістікті жаңғыртып,
«Ақын!» – депті, дүр сілкір.
Мен өмірге келген күн –
Алтын күннің арай нұры шашырап,
Қара жерге төгіліпті тамшы бақ.
Үркер ауып, үп еткенде үміт жел,
«Ақын!» – депті, шамшырақ.
Мен өмірге келген күн –
Мұзарт шыңдар басын иіп төменге,
Бар биіктер тізерлепті көгенге.
Төрт тағанға табиғатта құлапты,
«Ақын!» – депті, төбемде.
Мен өмірге келген күн –
Кәрі уақыт қол беріпті тік тұрып,
Тарих шалға қақ төріне құтты іліп.
Қашап тұрып, атын жазып кететін,
«Ақын!» – депті, ұқтырып.
Мен өмірге келген күн –
Ұя салған санасына сан ілім,
Әр сөзінде аңқып тұрар тағылым.
Ғалам сырын ғайып тілмен жеткізер,
«Ақын!» – депті, Тәңірім!


68
69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет