Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет116/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   596
Құндылықтар
Әлеуметтік ғылымдардағы құндылықтардың рөлі туралы Америкадағы зама-
науи әлеуметтанулық ой-пікірлер Вебердің бейтарап әлеуметтану түсінігін 
жадағай және белгілі бір деңгейде қате түсіндірудің негізінде қалыптасты деу-
ге болады (Hennis, 1994; McFalls, 2007). Вебердің көпшілік таныған пікірінше, 
әлеуметтанушылардың жеке қасиеттері олардың ғылыми көзқарастарына әсер
етпеуі қажет. Біздің байқайтынымыздай, Вебердің құндылықтар туралы еңбек-
тері күрделілігімен ерекшеленеді, сондықтан оларды тек «әлеуметтану мен құн-
дылықтар жүйесін ажырату қажеттілігін айқындайтын» қарапайым пікірмен 
шектеуге болмайды деп түйіндейміз (Tribe, 1989:3).
Құндылықтар және оқыту. Вебер ([1903–1917] 1949) мұғалімдердің сынып- 
тағы жеке құндылықтарын бақылау қажеттілігі туралы анық айтты. Оның көз-
қарасы бойынша, академиктер өздерінің жеке құндылықтарын сөз сөйлеуде, 
баспасөзде және т.б. білдіруге құқылы, бірақ білім алушылар үшін дәріс залы-
ның орны бөлек. Вебер үкіметтік артықшылығы бар, бақыланбайтын, талқы-
лау арқылы тексерілмейтін, қайшылықтар туындамайтын дәріс залдарында


133
4-тарау

Макс Вебер
«ғылыми атақ үшін соңғы сұрақтарға баға беруді» уағыздаған мұғалімдерге 
қарсы болды. «... Дәріс залы қоғамдық пікірталас алаңынан бөлек болуы керек» 
([1903–1917] 1949:4). Қоғамдық талқылау мен академиялық дәріс арасында-
ғы маңызды айырмашылық аудиторияның сипатына қарай анықталады. Дәріс 
оқушыны бақылап отыратын адамдар тобының сонда болуына мүмкіндік береді 
және олар кез келген уақытта кетіп қала алады. Бірақ, егер студенттер табысқа 
жетуді қаласа, профессордың құнды мағлұматтарын мұқият тыңдаудан басқа 
амалы жоқ. Вебердің бағалау пайымынан еркін болуға қатысты ұстанымының 
осы аспектісінде аздаған екі түрлі мағына бар. Академик аудиторияда жеке құн-
дылықтарды емес, «фактілерді» айтуы керек. Дегенмен оқытушыларды құн ды-
лықтарды насихаттау қызықтырса да, өйткені ол дәрісті қызықты етуге мүм-
кіндік береді, құндылықтарды қолдануда сақ болулары тиіс, өйткені мұн дай 
құндылықтар «студенттердің салауатты эмпирикалық талдауындағы тал ғамда-
рын әлсіретеді» (Weber, [1903–1917] 1949:9). Тек ендігі мәселе «профессорлар 
өздерінің презентацияларынан көптеген құндылықтарды алып тастауы шыны-
мен мүмкін бе» деген сауалдың туындауына байланысты болды. Вебер бұл ұс-
танымға қарсы болған жоқ, себебі ол факті мен құндылықты бөлу мүмкін деп 
сенді. Дегенмен Маркс онымен келіспейтін еді, өйткені, оның пікірінше, факті 
мен құндылық бір-бірімен диалектикалық түрде өзара байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет