Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет64/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124
23-сурет. Құлақтың құрылысы
1-құлақ қалқаны, 2— сырт-есту жолы, 3 — балғашық, 4- төс, 5 — жартылай ирек каналдар, 6 — есту жүйкесі. 7 
иірім түтік (құлақтың құрышы) , 8 — үзенгі, 9— Евстахий түттігі, 10 — дабыл жарғағы.
Ішкі құлақтың құрылысы өте-мөте күрделі. Ішкі құлақты кейде лабиринт деп те атайды. Құлақтың бұл бөліміне, ең
алдымен, спиралдық сүйектен құрылған иірім түтік (улитка) жатады. Бұл — өзінің негізгі бел ағашынан бастап екі
жарым айналым жасайтын ирек қуыс. Осы қуыс ұзынынан тартылған перде арқылы екі каналға бөлінеді.Каналдың
біреуі үзенгінік табаны жауып тұратын сопақ тесіктен басталады. Иірім түтік арнасың екіге бөліп тұратын перденін бір
бөлігінде негізгі мен брана орналасқан. Негізгі мембрана әр түрлі ұзындықтағы көлденекінен керілген 24 000-дай жүйке
талшық тарьшан құрылады Үстіне иілген доға сияқты сезім-тал нейрондары бар осы талшықтарды физиологияда кортл
органы деп атайды Иірім түтігі ішінде есту процесін іске асыруға жәрдемдесетін эндолимфа деитін сүйық зат болады.
Адам денесінің кеністіктегі қалпын және қимылын түйсініп отыратын мүше бар Ол — жартылай имек каналдар.
Олардың міндеті — денеміздің тепе теңдігін сақтау
Есту түйсігі ауа толқынының дабыл жарғағына әсер етуінен басталады. Ауанын шайқалуы йірім түтігіндеп сұйық
затта күшіне қарай толқын тудырады. Сол толқындар корти мүшесінің сезімтал нейрондарына жеткенде қозу пайда
болады. Сырттан жеткен толқындар әсерінен 24 000 жүйке талшықтарының бәрі бірдей қоз-бай, эндолимфада пайда
болған толқын күшіне орай мембрананың кейбір топтары ғана қозады. Мембрана ерекшелігіне байланысты есту
жайында Гельмгольцтің резонанс (жадғырық) теориясы бар, Бұл теория дыбыс тітіркендіргіштерінің күші мен жиілігі
корти мүшесіндегі электр толқынының күші мен жиілігіне сай келеді деп анықтайды. И. П. Павлов лабораториясында
итгің негізгі мембранасыкың ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда, төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы
113


келмеген. Ал қысқа талшықтарды кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған Мұндай тәжірибе
Гельмгольцтіқ жаңғырық теориясының дұрыстығын айқындайды
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл процестің екінші жолы — дыбысты
сүйек арқылы есту Мәселен, құлаққа мақта тығьш қойьш, дірілдеп тұрған камертонды бас сүйегіңс тақасаң, дыбыс
айқын естіледі Сондай-ақ бұл камертонның дыбысын оны тістеп тұрьш та естуге болады. Ды- быстың сүйек арқылы
бсрілуі ауа арқылы емес, дыбыс шығарьш тұрған зат пен сүйектің жанасы нәтижесінде естіледі. Мысалы, қатты шыққан
дауыстарды, жай сөздерді су астында бұғып отырып та ести аламыз.
Тіл есту талдағышының дамуына күшті әсер етсд.Ана тілінің дыбыс құрылымындағы нәзік айырмашылығын
ажырату — адамның жастайынан бергі негізгі қажеті. Есту түйсігін дамытуға баланың жас кезінен бастан қамкорлық
жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала нақышты болуы мен оның
әр сөзді дұрыс айтуы да есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдет-бала ақыл-ойының дұрыс дамымай,
көңілінің жа-болуын, сабақ үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүкістігінен деп санау керек
III. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының- теріге әсер етуінен туады. Тию мен
басу түйсігі, суықты, жылылықты, ауруды түйіну де тері түйсіктеріне жатады 1 см
2
-дегі рецепторлардың жұмыс істеу
қабілеті сан жағынан үнемі ауысып отырады. Бір бөлігі жұмыс істесе, екіншісі демалыста, ал үшінші бір бөлігі жұмыс
істеуін доғару не оған кірісу жағдайында болады- (Терінің микроскопиялық құрылысы 24-суретте көрсетілген). Терідегі
афферентік жүйке талшықтарының ұшында түйсіктердің респторлық функциясын атқаратьш түрлі аппараттар бар.
Адамның бойында, шамамен тию мен басуды түйсінетін 50000 рецептор бар. Терінің 1- см
2
не 25 рецепторға дейін
орналасатындығы анықталған. Адам зат-тың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарды сипап біледі.
Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана кызметі емес, бұл — күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс
рецепторлары да қатысады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасымен іске асады.
114


24-сурет Микроскоппен қарағандағы терінің құрылысы. 1- түкше (шаш). 2— тері безінің өзегі, 3 — тығыз дәнекер
тканьді қабат, 4 — май безі 5 — түкшені көтеретін еті, 6— болбыр дәнекер тканьді қабат,7 — түктің, (шаштын) түбі, 8—
тер безі, 9 — эпидермис, 10 — дерма, 11 — май клеткаларының тобы, 12— ет ткані
Кол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшш де күшті рөл атқарады. Заттардын формасын,
үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы ажыратамыз Сезім мүшелері сау
адамдардың сипау түйсігі, әдетте, онша көп жетілмеген. Түйсіктің бұл түрі, әсіресе, құлағынан айрылған, көзі көрмейтін
адамдарда ерекше дамыған- Мысалы, өзі соқыр әрі саңырау, сақау, американдық әйел Елена К еллер мен Мәскеудегі
Ольга Скороходова тері түйсіктерің жетілдіру нәтижесінде
Л. Браиль жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алған. О И. Скороходо, ва “Мен айналадағы дүниені
қалайша танып білемін” деген (І974, 1956) еңбектер жазып, белгілі дефектолог маман болды.
Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің сипау сезімінің жетекші рөл атқаратыны күмәнсіз.
Тері (тактильдік) талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаснаған. Арнаулы зерттеулер-мен
анықталған мәліметтер бойынша түйсік ноқаттарының есебін мынадай санмен көрсетуге болады: тию нүктелері — I
млн.-дай, ауру нүктелері — 4 млн.-дай, суықтық нүктелер — 250000-дай, жылылық нүктелері — 30 000-дай. Мұндай
тактильдік талдағыштардың ең көп орналасқан жері ерін, тіл мен саусақтың ұштары. Біз мұны мүшелеріміздің
сезгіштігінен байқауымызға болады. Психологияда тактильдік түйсіктің. кеңістік табалдырығың және нүктелер
арасындагы қашықтықты эстезиометр аспабы арқылы өлшеп білуге болады {25-сурет).
115


25-сурет. Спирменнің эстезиометр аспабы.
Эстезиометр аспабымен анықталған ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің ұюында болады (1,1 іим). Ауру
рецепторы (нерв үштары) терінің көптеген жерлерінде орын тегікенін ауру ноқаттарының санынан байқауға болады
(4000000).
Терідегі температуралык өзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор бар. Оның бірі — қызулықты түйсінетін
руффини клеткалары, екіншісі — төмендеп, салқындауды түйсіетін краузе қолбалары. Сау адамның денесіне тән
температураны шартты түрде “физиологиялық нөл” деп атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы
физиологиялық нөлден төмен түсе бастаса, краузе колбалары тітіркенеді, егер де нөлден көтеріле бастаса, руффини
клеткалары қоза баетайды.
Адам терісіндегі температуралық нүктелер орта есеппен терінің 1 см
2
кеңістігінде 6—23 суықтық рецепторлары, 3
жылылық рецептор болады. Дененің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері — қарын терісі, ең, нашар жері — аяқ
терісі. Аяқ терісінің суықты сезгіштігі бет терісінікінен екі есе нашар, жылылықты сезгіштігі төрт есе кем болған,
Температуралық талдағыштың ми жарты шарларының қабығында тұрақтаран жері — сыртқы орталық қатпардың бойы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет