Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет66/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
VI, Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге
байланысты. Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттёрде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырыа тұратын
сіңірлер мен тарамыста, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық
қатпарында орналасқан.
117


Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецел-тордың
бір мезгілде тітіркенуінен пайда бодады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұщының тітіркенуі
бұлшық еттердің тонусын түйеіндіреді Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын
білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің. қозғалуы, олардың тездігі мен күші,
бұлшык. еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жақында үздіксіз хабар альш отырады.
Кинестетикалық тадағыштың шетте (периферияда) не больш жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері
афферентация деп атайды. Денедеғі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген
мақсатына ,сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған
ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация
— өте керекті шарт. Кинестетикалық талдағыш-тардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның
күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған
қимылдарын белгілі арнаға түсіріп атыруға адамның шамасы келмей қалады.
Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені, ерін, тіл, дауыс
шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізі — кинестетикалық
түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса, жатқа жаза алмайды. Адам өміріндегі
толып жатқан дағдыларды кинестетикалык талдағыштар-сыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларының
барлығына жуығы кинестетикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.
VII. Органикалық түйсіктер адамнын, органикалық қажеттілік-терімен тығыз байланысты. Органикалық
түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің
кызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады, Адам тоқ, дені сау кезінде
немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченев түйсіктердің бұл түрін “көмескі
түйсіктер” деп атаған. И П. Павлов мектебінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей, органикалық түйсіктер адамның “хал-
күйінің” негізі болып саналады. Органикалық талдағыштар адамның көңіл-күйіне ылғи әсер етіп отырады. Осы орайда,
“Тойган жалтырайды, тоңған қалтырайды” деген мақал организмдегі органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.
УШ. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды. Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі кұлақтағы
вестибулярлық аппаратта (кіре берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысың дененің кеңістіктегі орнын,
адамның тең басуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы
ерекше. Мәселен, ғарышкер маман-дарды даярлауда олардың вестибулярлык аппаратын жаттықтырып, оларды көру,
қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытып отыруға баса мән беріледі. Адам 40 секунт ішінде денесіне салмақ түсуді
118


және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынадай үш топқа бөліп
қарауға болады. Бірінші — жүйке жүйесі барынша тезімді адамдар мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші
біреулер тосын тітіркендіргішке кездескенде ынғайсызданьш, тез шаршайды, өңі бозарып, терлейді, жүрегі айниды,
өздерін тиянақ таппай, қалкып жүргенден сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгені-мен, бірте-бірте оран
бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады, Олар өз денесін ерік-жігеріуіен билейді, эмоциялық
төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
IX. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардын ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы
негізгі талдағыштар — түйсіну мүшелеріміз. Төрі мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның
толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді. Ал адам есту қабілетінен айрылса, онда
вибрациялык түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау (керең) адамдар музыканы, әнді күшті
ынта қойып “тыңдайды>. Өйткені, олар дыбысты вибрация-лық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған
әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда
сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Себебі, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка әуенін түйсініп
дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға әдеттенеді, бұрын “тындаған” музыкалык шығармаларын үнінен
таниды.
Соқыр не санырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялык
сезімдері арқылы түйсінеді. Түйсіқтің бұл түрі барлық адамдарда бар. Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды
пайдаланатындықтан, вибрация-лық түйсікті қажет етпейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет