Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет72/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124
галлюцинация деп аталатын жағдай бар Бұл термин қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы
дәрілерді қолданған адамдарда, маскүнемдікке салынған кісілер мен нашарқорларда жиі кездеседі. Ондай адамдар жүйке
жүйесінің ауруына ұшырау салдарынан әрбір нәрсені бұрмалап қабылдайды да, өзінен-өзі отырса да айқай-шу естиді,
үстінде не кеуде сінде бір нәрсе жорғалап бара жатқандай болады. Сондай-ақ жүйке жүйесі ауруына душар болғандарда
шнзофрения не шизофрениктер деп аталатын қабылдаудың. айрықша бұрмаланған түрі де болады Әдетте, мұндай
науқастардың көз алдына қауіпті адам елестеп, өмір-іне ол зиян келтіретіндей күй кешеді. 
125


26-сурег Параллелограмм алдануы АҒ және ҒД кесінді сызықтар мөлшері кандай?
*
27-сурет Зандар алдануы а дөңгелегі мен б, с дөнгелектері ортасын- дағы дөңгелектер қалай -бодып көрінеді?
Галлюцинация мен ши-зофрения ауруына ұшыраған адамдар жүріп келе жатып, шалшықты не ойдым жерге
жиналған аз ғана суды көрсе, “мынау не деген шалқып жаткан көл еді, мен бұл судың арғы жағына жүзіп өтетін болдым”
деп, киімдерін шешіне бастайды.. Қеле жатқан жолында көлденең жатқан ағаш шыбығын көріп, “мынау не деген жуан
бө-рене (ұзын ағаш кесіндісі) еді, бұл бөренеден әрі қарай әрмелеп өтейін” деп, келе жатқан жолына етбетінен жата
қалады... Алдану, галлюцинация, шизофрения — бұлардың бәрі қабылдау процесінің өз қалпынан ауытқуын көрсететін
жалған көріністер.
126


§ 3. Қабылдаудың вегізгі ерекшеліктері
Сезімдік таным пдоцесі ретінде қабылдаудың езіне тән ерекшеліктері бар:
а) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай. бөлшектеніп,
ажыратылып тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек
тұрғанымен А, оларды ұшбұрыш деп білеміз. Немесе Мәриям Жагорқызының “Дударай> әнінен үзінді еститін болсақ та,
сол әннін, мазмұнын толық қабылдаймыз.
ә) Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған объект тұтас болады, оның мән-жайы сөзбен беріледі, мазмұны
тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі — тану Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және
даралық тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда
заттар мен құбылыстарды білу анық толық түрде болады. Мысалы, адам көп кимнің ішінен өз киімін таниды, немесе көп
адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сәбн де бірнеше адамның ішінен өзінің ата-анасын, жақын
туыстарын тани алады.
б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін тандап алудан керінеді. Мұның мәнісі әрбір
нәрсенің сапасын, қасиетін қабылдау болып табылады. Қабылдаудын таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік —
заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мәнінің болуы. Мұны контур деп атайды. Бұл заттың кескіні (фигурасы)
мен фонын қабылдау аралығындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы, мұғалім кластағы оқушылармен жұмыс істейді.
Жақсы жауап бері оқушы фигура, ал қалғандары оның фоны болып есептеледі. Қабылдаудың тандамалылық
ерекшелігінде зейін сияқты сананың бір нәрсеге бағытталуы және адамның сол нәрсеге қызығып зер салуы, ынталанып,
таньш-білуге ұмтылуы айрықша рөл атқарады.
Қабылдаудың таңдамалылығында объективті {заттың өзіндік ерекшеліктері), субъективтілік (адамның сол нәрсеге
қызығуы мен ықылас-ынтасъш аударуы) жағдайлары да ерекше маңызды. Бұл орайда,обьектілерді қабылдаудың екі
жақты көріну дейтін түрінің мәні зор. Мысалы, ваза мен адам профилі, қоян мен үйрек балапанының суреттері бар
көріністер. Бұл суретерде {№№ 29, а, ә, 30 а, ә, б) кескін мен фон жаксы ажыратылады.
127


29-сурет. Екіжақты көріну. А. Қоян және үйрек Ә. Профнль және ваза .
30-сурет Ә Келіншек- 
А. Қелшшек, Кемпір Б.Кемпір
в) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы). Сырткы жағдайдың езгеруіне қарамастан, заттар сол
күйінде, өз қалпында қабылданады. Мысалы, телеграф бағаналары, үлкен зал ішіндегі колонналардың жақын
тұрғаны биік, алыстағысы кіші болып көрінеді. Бірақ, біз олардың бәрінін. бірдей екендігін біліп, дұрыс қабылдаймыз.
Темір жол рельсі ұзақтаған сайын бірігіп истетін сияқты. Мұндай жағдайда алыс пен жақын арасы сол күйінде бір
қалыпты болып қабылданады. Балалардың қабылдау тұрақтығы 2—4 жас арасында қалыптасады.
128


Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тәжірибесіне байланысты болып отырады. Әрбір
зат сөзбен, өз атауларымен атальш, сана мен ойлау процестері байланысып жатады. Қабылдауда ес процесі де шешуші
рөл атқарьш, бұрынғы қабылданған – нерселердің бейнесі қайта жаңғырады. Тәжірибе мен көріп білген нәрселер өзара
ұштасып, әсерленген бейнелер туын-дайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет