Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы делінеді. Айыру
табалдырығы дегеніміз — түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің мннималдық
айырмасы. Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындагы азғантай ғана, бол-машы
айырмашылыкты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік шамға бір люкс қоссақ, жарықтың
күшейгені байқалады. Демек, бір люкс адамның көз рецеиторы. үшін айыру табалдырығы боладьі екен, Дыбысты
айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі қатынасқан хорға 10 адам қосылса, хор аздап
қана артады. Үстеме күш бастапқы сезімге белгілі қатынаста болып, егер одан аз мөлшерде болса, түйсік сезе алмайды,
Сондай-ақ қолга түсірілетін салмақты 1/30 қатынасқа тең деп алады. 100 грамм салмақты қолмен ұстап тұрьш, оның
ауырлаған салмағын байқау үшін оған тағы да 3—4 грамм , алмақ қосу керек, ал қолда 1000 грамм болса, оның үстіне 34
грамм қосылғанда ғана салмақтың ептеп ауырлағанын түйсіну кинестезиялық рецептор арқылы байқалады. Сезгіштіктің
айыру формуласын Вебер — Фехпер мынадай етіп құрған:
S = К 1g І + С
S — түйсіну қарқыны; I — тітіркендіргіштің күші; К және С — тұрақтылық (константтар)
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді тәуелділік бар екені анық. Мұны —
психофизикалық заңдылық деп атаймыз. Бұл зандылықты тұңғыш рет ашқан — неміс физиологі Э Вебер (1795—І878)
жәнс неміс фнзигі Г. Фехнер (1801 — '887). Сондықтан бұл заң психологияда Вебер — Фехнер заңы деп аталады. Осы
заң бойынша, егер
тітіркендіргіштін күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол тітіркен-діргішті
Достарыңызбен бөлісу: