Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаитар мен шарттар мектепте бірізділікпен жүйелі түрде
жүргізіліп отырылуы қажет және ондай талаптардын, мақсат-міндеті — шәкірттердің танымдық -терін неғұрлым
жетілдіре түсу болуы шарт. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:
1. Көрнекі кұралдарды қолдану (модельдер, суреттер мен кестелер, коллекциялар мен муляждар, сызбалар т. б-).
2. Қабылданған нәрселердің мән-жайын, жалпы, ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру. Әдебиеттегі жеке
кейіпкерлер-дің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау.
3 .Қабылданған нәрселерді салыстырып отыру.
Осы әдістің білімдік-тәрбиелік мәнін толық пайдалану.
4. Қабылданған нәрселердің мән-мазмұнын, түр-сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап,
толықтырып отыру,
5. Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру. Ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру. Дұрыс
қабылдауға әдеттендіру-
Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен (ойлану, сөйлеу, есте
сақтау, сезім-эмоциялармек) тығыз ұштастырылъш, жалпы, баланын дүннетаным шеңберін кеңейтІп отыруды талап
етеді. Қабылдау түйсікпен салыстырғанда, әлдеқайда күрделі және ол адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей
таным процесіне жатады. Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен
тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Ұлы
Абайдың “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” дегені осыны білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: