Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 6. Түйсіктердің өзара байланысы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет70/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
§ 6. Түйсіктердің өзара байланысы мен дамуы
Түйсіктердің өзара байланысы ~- психофңзиологиялық зандылықтардың бір түрі. Белгілі бір тітіркендіргішті
сезгіштің сол бойда сезіліп тұрған баска тітіркендіргіштерге тәуелділігін түйсіктердің өзара байланыеы дейді. Әдетте,
сыртқы әсерлер талдағыштардың жеке түрімен ғана емес, өзара байланысты түрде түйсіну процееін тудырып отырады.
Мысалы, тамак ішкенде адам-ның дәм,. тактильдык, температуралық, иіскеу талдағыштары бір мезгілде жұмыс істейді.
Денеге бір нәрсе тисе, тактильдік, температуралық, кейде көру рецепторы қатьшасады. Түйсіктін бір түрінің
басқаларьша әсер етуі ми орталықтарындағы қозудың үдеуіне байланысты.
Түйсіктердің өзара байланышн айқын елестетін жайт — түйсіну қарама-қарсылығы (контрастыры). Мысалы, әуелі
тәтті кәмпит жеп, содан кейін ізінше алма жесеяіз, алма кышқыл дәмді болып түйсініледі; егер алманы бірден жесеңіз,
ол тәп-тәтті көрінер еді. Қарама-қарсыға байланысты көршілес және бірімен-бірі жалғасып келетін түйсінулердін.
айырмашылығы күшейеді.
Мұндай жайт нәрселердің қасиеттерін қабылдау үшін маңызды- Өйткені, түрлі тітіркендіргіштер бірінен-бірі
оқшауланып әсер етсе, нәрселердің жеке қасиеттері анық түйсініледі.
Түйсіктердің дамуын өзге де психикалық процеетермен байланысты түрде қарастыра отырьш, оныц барлық
психнкалық процестердін негізі болатындығын аңғарамыз. Талдағыштар неғұрлым жақсы қызмет атқарса, адам сыртқы
ортадан соғұрлым анық хабарлар алып отырады. Белтілі дәрігер ғалым С. П. Боткин (1832— 1889) түйсік адамның
өмірлік токусын белгілі дәрежеде сақтап отыратын процесс екендігін өзінің тәжірибелік зерттеулерінде айқыңдап берді.
Бала түйсіктерінің дамуы оның дүниеге келген күиінен басталады. Ол туғаннан кейін бірнеше күннен соң қант
қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция тудырады. Осы
жайттар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамыды. Үш айлық бала
123


анасының еркелеткен даусын естіп көңілденеді, ал жекіріп қатты сөйлесе, ол кемсеңдеп жылайтын болады. 5 айлық бала
алдымен заттын, түріне, біртіндеп онын көлеміне, одан соң бояуына көңіл аудара бастайды.
Түйсік түрлері адамның іс-әрекетіне, мамандығына, өмір тәжірибесіне байланысты айқын сипатталады.
Түйсіктерді тәрбиелеп жетілдіру адам талдағыштарының рөлін күшейтіп отыруға байланысты Медицина мен жол
көлігі, авиация мен теңіз флоты, телеграф, телефон, музыкалык мамандықта бір сөзбен айтқанда, адам тіршілігшщ түгел
дерлік салаларында сезім мүшелерінің қызметін дамытып отыру — түйсіктердің барынша нәзік, әрі өткір болып
тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, адамның сезім мүшелерінің жұмысын жоғары сатыға көтеріп, мәдениетін
арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет