Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет71/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124
ХІІ-тарау. ҚАБЫЛДАУ
§ 1. Қабылдау және оның физиологяялық негізі
Адам түйсік аркылы заттар мен норселердің жеке қасиеттерін, мысалы, “салдымнан бір нәрсе жалт -етті”, “маған
суық бір нәрсе жармасты” деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас
бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау — затты тұтас
бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау — шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы.
Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жяьштығымен
қосылып, сезім мүше-леріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың физиологиялық негізі — үлкен мн сыңарлары қабындағы күрделі шартты рефлекторлык
байланыстар, олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше
талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы
нәтижесінде бейнеленеді. Мысалы, біз раушан гүлі-нің бейнесш қабылдағанда, ед алдымен, оның әдемі түрін, тамаша
түсін көреміз. Гүлдің жұпар исін иіскеп, жұтамыз, ұстап көріп, оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенін сезінеміз.
Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидық қабығында қосыльш, біртұтас болып бірі-геді. Сөйтіп, біз бұл заттын раушан
гүлі екенін білеміз. Бұл жерде ес продесі орын алады. Гүлдің исі бізді шаттандыръш, жақсы бір сезім тудырады.
Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып, біз раушан гүлінің қай сортка жататыны туралы ойланып, өзімізше
қарапайым қорытынды жасаймыз. Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу және
кимыл-қозғалыс, кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.
124


§ 2. Апперцепция жэне оныц қабылдаудағы рөлі
“Апперцепция”— латын сөзі, қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Латынша “ап” — үстеме
жұрнақ, “перцепцно”— қабылдау.Адамның психологиялық жәй-күйі мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын
қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін
атқарады.Апперцепцияның тұрақты және уақытша дейтін екі түрі бар. Тұрақты апперцепция адамныа қызыруы мен
дүниетанымына, мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Мысалы, “түбір” деген сөзді филолог пек
биологтыа, математик пен химиктіқ қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы (иллюзия)
салдарынан жансақ пікірлер туғызады “Иллюзия” — латын сөзі, мағынаеы — алдану. Алдануда қабылданған нәрселер
мен заттар біріне-бірі сәйкес келмей, бұрмаланады Стақан ішіндеп суға қасықты салғандағы кескіннің кесінді болып
көрінуі де — алданудың бір мысалы. Әдетте, қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе-тең адекватты больш
келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда алданулар болып тұрады. Мына төмендегі сызба-суреттерде заңдар алдануы,
параллелограмм -дануы, кесінділер алдануы тәрізді басқа да түрлер көрсетілген.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туады Осы орайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет