Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет73/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
§ 4. Бақылау және бақылампаздық
Бақылау не байқау дегеніміз — белгілі мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Көріп кана қою жеткіліксіз, затты
білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау — әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс, арнайы жүргізілетін әрекет. Ой жүгірту,
зейін қою — бақылаудағы негізгі әрекеттер. Ұлы физиолог ғалым И. П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп,
лабораторнясының маңдайшасына бақылау” деген сөзді үш қайтара жазып қойған.
Бақылампаздық — адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет. Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені, сапаны,
ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін
мысалдар көп. 
а) Ы. Алтынсариннің “Үш жолаушы” деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп
алып, жоғалған малын із-деп келе жатқанын айтады. Жолаушылар малдың ақ-сақтығын, бір көзінің соқырлығын және
құйрығы шолақ екендігін айтып береді... Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шаруа, өмір тәжірибесі мол адамдар
екенін білдіреді. ә) Мал бағып тіршілік еткен қазақ жұрты әрбір мал түлігінін, мінез-құлқы мен қылығын, ауа райы мен
жер жағдайына бейімделіп тіршілік етуін жақсы білген. Осы орайда, қазақтар жоғалған малдың ізіне түсіп іздестіріп
тауып алатын болған. Бұл ретте, олар мал қай күні жоғалды, сол күні ауа райы қандай болған еді деген мәселелерге
ерекше мән берген. Өйткені, уақ мал (қой-ешкі) желді, жаңбырлы, суық күндері ықтап кетеді де, ал жылқы керісінше
желдеп кетеді. Осындай жайттардан жақсы хабардар жандар жоғалған түліктің қайсысын қайдан, қалай іздеу керектігін
де анық білетін болған. б) Сыр бойының жұртшылығына танымал Қыпшақбай деген қария ошақта кешке жағылған от
пен оның сенген шоғына қарап, ертеңгі күнгі ауа райының қандай болатынын тура айтқан. Сондай-ақ, қыс кездері мен
жаз айларындағы ауа райын салыстырып, жаңбырлы, қарлы және кұрғақшылық болатын күндерді анық болжаған.
Өмірде мұндай мысалдар көп. Малдың мінез-құлқы да ауа райының қандай болатындығын білдіретіндігі елге ерте
заманнан-ақ белгілі-
Бакылаудың физиологиялық негізі — “Бұл не?” деген таңдану рефлексі. Мысалы, Аветралиядағы абориген
тайпасының адамдары шөл даладағы мың-сан “белгілерді” қатесіз оқи алады (ізшілдік, құпия сырларды ашу, адамның
129


ізіне қарап салмағын, бойын білу). Сондай-ақ, ұстаздар мен тәрбиешілердің, шеберлер мен тә-лімгерлердің оқыту, тәлім-
тәрбие істерінде үнемі бақылау жүргізіп, шәкірттердің психикалық дамуын белгілі жүйелілікпен байқап отыруы да— өз
жұмыстарында табысқа жетудің кепілі. Бақылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті
болып саналса, бақылампаздық —- адамның жеке басына тән, та-нып білуге қызығу мен кұмарту қасиеті болып
есептеледі. Кабылдау — түйсікке қарағанда күрделі процесс. Бұл процесте бірнеше талдашштар. бірлесіп жұмыс
атқарады. Жүйелі, мақсатты бақылау — кез-келген жұмыста табысты болудың, шарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет