Көрсетім: бронхоэктатикалық ауру, бронх ағашының өсуінің аномалиясы, ауыр бронхит, бронхөкпе кисталары, бронхтардың және өкпенің ісіктері және т.б.
Қарсы көрсетім: дененің жоғары температурасына әкелетін өкпенің жіті аурулары; өкпелік емес қызба жағдайлары, жүрек ақауы, өкпеден қан кету.
Асқынулар: контрастылық затқа аллергиялық әсер
Бронхографияны дәрігер жүргізеді.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқаспен сенімді қатынас орнату.
Науқасқа тексерудің мақсатын және өту барысын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.
Таңертең тамақ қабылдамау, су, шылым шекпеу (тексеру ашқарынға өткізіледі)
Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен бірге рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинеттің мейірбикесінің іс әрекет алгоритмі: Науқасты орындыққа отырғызыңыз.
Барлық қажеттерді жоғарғы тыныс жолдарының анестезиясына мұрын арқылы (ауыз) дайындаңыз.
Ауызға анестетик шашыңыз.
Контрастылы затты йодолипол жергілікті анестезияда бронхқа енгізіңіз.
Асқазанды және он екі елі ішекті рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау Асқазан және он екі елі ішек рентгенологиялық тексеру Бұл рентген сәулелерімен қуыс ағзаларды контраст затты қолдану арқылы тексеру (барии сульфаты)
Мақсаты: асқазан және он екі елі ішектің көлемін, ұзындығын, орналасуын диагностикалау, рентгеноскопия және рентгенография,эрозия, жара, ісіктер анықтау; асқазанның шырышты қабатының функционалдық жағдайын; эвакуаторлық қабілетін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Көрсетім: асқазан және он екі елі ішек аурулары.