Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Науқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау (УДЗ)



бет97/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Науқасты ультрадыбыстық тексеруге дайындау (УДЗ)
Іш қуыс мүшелері (бауыр өт қабы, ұйқы безі) және бүйрек
Мақсаты: Науқасты сапалы тексеруге дайындауды қамтамасыз ету
Көрсетім: іш қуысының және бүйректің аурулары
Жабдықтау: Дәрігер тағайындаған препараттар,орамал,жаялық
Ультрадыбыстық тексеруді дәрігер жүргізеді,ал мейірбике науқастың дайындығын қамтамасыз етеді.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа тексерудің барысы мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

  2. Дайындық ережесін бұзбауын ескертіңіз.

  3. Науқасқа тексерудің ашқарынға жүргізілетінін ескертіңіз

  4. Науқасқа тексеруге 2 – 3 күн қалғанда оның тағамдық рационынан газ түзетін тағамдарды (көкөністер,жемістер,сүт тағамдары,қара нан,жеміс шырындары), іш өткізгіш дәрілерді алып тастау.

  5. Тексеру қарсаңында науқас метеоризм болса, дәрігер тағайындауымен препараттарды қабылдайды.

  6. Тексеруден 18 -20 сағат бұрын науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы қажет.

  7. Тексеріс қарсаңында кешке тазалау клизмасын қойыңыз. Тексеру алдынан шылым шегуге болмайды.

  8. УДЗ - ге науқас өзімен бірге орамал мен жаялық алып кіреді.

  1. Науқасты ауру тарихымен бірге УДЗ кабинетіне жеткізіңіз.

  2. Тексерістен соң науқасты бөлмесіне алып келіңіз.

Кіші жамбас қуысындағы мүшелердің (өт қабы,ұйқы безі,жыныс мүшесі) УДЗ - де :

  • Мұндағы дайындық іш қуыс мүшелері УДЗ-не ұқсас;

  • Науқасқа тексеруден 2 – 3 сағат бұрын 1,5 л сұйықтық (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіңіз;

- Науқастан тексеруге дейін кіші дәретке отырмауын сұраңыз).


Науқасты бронхографияға дайындау
Бронхография – тыныс алу мүшелерінің ауа өткізгіш жолдарын контрастылық зерттеу.
Мақсаты: бронх ағашының жағдайын, бронх қуысын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет