Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Ескерту! Тексеруді 3 реттен кем емес қайталайды. Нәжісті бактериологиялық тексеріске алу



бет94/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118
Ескерту! Тексеруді 3 реттен кем емес қайталайды.
Нәжісті бактериологиялық тексеріске алу
Мақсаты: Ішек микрофлорасын тексеру, науқастарды немесе дизентерия, сальмонеллез, брюшной тиф бактерия тасымалдаушыларды анықтау.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауымен.
Жабдықталуы:
Консерванты бар залалсыздандырылған приборка. Мысалы, ағылшын қоспасында қолданылатын дизтопқа нәжісті алу. Залалсыздандырылған сым, дезерітінді.
Жолдама
Қалалық СЭС, бактериологиялық зертханаға
Тексеруге арналған материал: бактериологиялық тексеруге арналған нәжіс.
Аты-жөні, тегі
Жасы
Мекен жайы
Ауру тарихының №
Түскен күні
Бірінші немесе қайта тексеру
Диагноз
Алу күні
Алу уақыты (сағ, мин)
Дәрігердің аты жөні
Мейірбикенің аты жөні
Жіберу күні

ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:


Науқасқа антибактериалдық терапия басталғанға дейін немесе 8-10 сағат бұрын дәрет алғызу.
Нәжісті дәретсауыттан дефекациядан кейін су мен зәр қоспасынсыз, әсіресе патологиялық қоспалар (кілегей, запыран, бірақ қан емес) бар жерден алынады.
Ескерту! Нәжісті бактериологиялық тексеруге амбулаториялық жағдайда тікелей тік ішектен залалсыздандырылған шыбықтың көмегімен алады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасты қырынан аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.

  2. Залалсыздандырылған пробиркадан сым шыбықты алыңыз, құйрықты ашып, бұрама қимылмен артқы тесікке 8-10 см тереңдікке енгізіңіз. Ішек қабырғасының құрамынан зат алуға тырысыңыз.

  3. Сым шыбықты консерванты бар пробиркаға салыңыз.Жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз. Мүмкін болмаған жағдайда материалы бар пробирканы салқын жерде сақтаңыз.



Науқасты бронхоскопияға дайындау
Мақсаты: науқасты сапалы тексеруге дайындықпен қамтамасыз ету, бронхтардың шырышты қабықтарын тексеру.
Жабдықталуы: залалсыздандырылған: қолғап, бронхоскоп, салфеткалар; транк­вилизаторлар; дезерітінді бар сыйымдылық, сүлгі, ауру тарихы,жолдама.
Бронхоскопияны дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа тексерудің мақсатын және өту барысын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз

  2. Науқастың психологиялық д айындығын жүргізіңіз

  3. Науқасқа тексеру таңертен аш қарынға жүргізілетінің айтыңыз. Тамақ қабылдауын, суды алып тастау, шылым шекпеу.

  4. Тексеру алдында науқастың тіс протезі болса, алып тастауын қадағалаңыз.

  5. Науқасты тексеру алдынан қуықты және ішекті босатуды сұраңыз.

  6. Дәрігердің тағайындауымен науқасқа транквилизаторлармен тексеру алдынан кешке және таңертең анестезия басталғанға дейін 1-1,5 сағат бұрын медикация жүргізіңіз.

  7. Дәрігердің тағайындауымен тексеру алдынан 15-45 минут бұрын медикация жүргізіңіз.

  8. Науқасты эндоскопиялық кабинетке тағайындалған уақытта сүлгімен, ауру тарихымен және жолдамамен апарыңыз.

  9. Науқасты бөлмесіне апарыңыз, тамақ қабылдамауын және 2 сағаттай шылым шекпеуін ескертіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет