Қалымбек Аян Советұлы



бет20/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Құлыншақ пен Бота
Өмір көші не деген салқын еді, -
деп біз жүрдік, - қайда еді тұмалы әнім?!
Анасының ботасы ол, алтыны еді,
Құлыншағы едім мен бір ананың.
Тағдырымның тар сүрлеу тастағында,
Басына да түнедім жотаның көп.
Салдырмадым бұғалық басқа мұңға,
Сүйеу болдым ботаның қасына кеп.
Тасқа ұрсам да тұрамды ақсамадым.
Ес болардай ботаға сол өрлігім.
Сүюші едік даланың ақ самалын,
Даланың қимайтынбыз семер гүлін.
Жолымызды айырып ұрыншақ күн,
Қапияда қоштастық, күдер бекем.
Ой мен қырға шапқылап құлыншақтың,
Іздеп жүргенін бота білер ме екен?!
Гүлғайша
Ауылымның аршалы, тоған-қармақ,
Көркі болған Ғайша қыз қалам бармақ.
Орамалын кестелеп талай берген,
Жорамалмен жыр жаздым оған да арнап.
Мен сүйетін қадалса жанар маған,
Қояр ма екен жанымды таба алмағам.
Бір түнге сыйып кеткен арманымыз,
Бір таңның уызына қана алмаған.
Қанжығамнан түспеген жыр көнегі,
Бозбала едім.
Ал, құрбым үлкен еді.
Алып қашты бір күнде «бөтен ғашық»,
Сырға әкетті батырып бірте мені.

Шоқ жұлдызым топ елден артық көрген,


Ғайып болды, асты да барқыт белден.
Орамалға қалдырды төрт жол өлең,
Төрт тағанын тағдырдың тартып берген.
Бақытымнан мен қашан баян көрем,
Суындыршы, Сырға көл, саяңда өлем!
Көкірегімде сол бір кеш қалды мәңгі,
Арманындай Ақанның аяулы өлең.
* * *

Көктем күліп құшақта


салады еске өткенді.
Қайта оралған көгершін
«саған хат жоқ» – деп келді.
Тағы бір гүл тым ерте
солар ма екен, япыр-ай,
Төге салсам жасыма
сіңіп алған өкпемді.
Өлі көктем тағы да
жансыз-жансыз сыр ақтар.
Сағаныш ол сағыныш
келер, кетер, жырақтар.
Сәулесінен шырақтың
шашыраған жалғыздық,
Жалғыздықтың көзінде
күреңіткен шырықтар.
Шегір көзді шырақтай
сәрі құшып өшем бе?!
Өткен күннің баянын
жарамайды кеш өңдеу.
Түнім, түнім, досым-ай
жұбанышым, мұңлығым.
Таң атпайды білсеңіз
менің ғана көшемде.
Әлі де ұзақ қараймын
әне-міне келердей.
Сағынамын, сағынам...
сорлы жүрек семер ме, ей?!
Көкірегі шер сыздап
түн асылса арқама,
Балапаным, сен бе деп,
селк етемін өлердей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет