Қалмахан Ержан Сейтұлы


арқылы) барлық кӛздерді кӛреді»



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата10.03.2023
өлшемі407,48 Kb.
#73166
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
imammaturidi

арқылы) барлық кӛздерді кӛреді» («Ҽнғам» сүресі, 103-аят),- деген аятты 
оқыды. 
2. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) ертең болатын 
нҽрсені біледі десе, ҿтірік айтқан болады, деп «Ешкім ертең не істейтінін 
білмейді» («Луқман» сүресі, 34-аят),- деген аятты оқыды. 
3. Кім саған: «Мұхаммед (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) уахиден бір нҽрсе 
жасырып қалғанын айтса, ол ҿтірік айтқан болады, деп: «Әй, Пайғамбар! 
Раббың тарапынан тҥсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік 
міндетті жалғастырмаған боласың» («Майда» сүресі, 67-аят),- деген Құран 
аятын оқып жауап береді» (Муслим, Иман-287),- деді. 
Олай болса, біз де Пайғамбарымыздың Миғражда Раббысын тікелей емес, 
тек перде арқылы нұрын ғана кҿргендігі жайында айта аламыз. Бірақ, 
Пайғамбарымыздың Миғражда Аллаһтан Жҽбірейл періштенің кҿмегінсіз 
тікелей уахи алғандығы рас.
Бір күні Ҽбу Зҽрр ҽл-Ғыффари (р.а.) Пайғамбарымызға (саллаллаһу алҽйһи 
уҽ сҽллҽм) «Сен Рабб Тағаланы миғражда кҿрдің бе?», - деп сұрайды. Сонда 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алҽйһи уҽ сҽллҽм) оған: «Ол нұр ғой! Мен Оны 
қалай кҿремін»,- деп жауап берген еді (Муслим, Иман, 261). 
Құранда Жаратушыға иман ету мен иман келтірмеу тұрғысынан 
адамдардың діни дҽрежесі ҽр түрлі болатындығы анық баян етілген.
 
Имам Матуридидің басқа да ҧстанымдары: 
 Ақыл – илҽһиҽт (құдайлық) пен нубууатты (пайғамбарлықты) түсіну 
мен ұғынудағы қайнар бұлақ. 
 Құранда, хадисте жҽне тілде астарлы мағыналы сҿздер бар. 
 Иманды жан екенін білдіру үшін «Иншаллаһ мүминмін» (Құдай қаласа 
мүминмін) деп айтуға болмайды, оның орнына «Ҽлхамдулиллҽһ, мен 
мұсылманмын» (Аллаһқа шүкір мен мұсылманмын) деп айту керек. 
 Адам баласы жаны алқымына келгенде тҽубе ететін болса, қабыл 
болады. Бірақ, жан алқымға келгенде иман етсе, қабыл болмайды. 
 Аллаһ Тағаланың субути сипаттарының саны сегіз. Олар: 1. Хаят (Тірі 
болу); 2. Илм (Білу); 3. Самиғ (Есту); 4. Басар (Кҿру); 5. Ирадҽ (Қалауы болу); 
6. Құдырет (Күші жету); 7. Кҽлам (Сҿйлеу құдыреті болу); 8. Тҽкуин (Жарату, 
жоқтан бар ету). 


34 
Жеке дара ерік туралы: Матуриди бойынша адам жеке дара ерікке ие. 
Олай болса адам баласы ҿзінің қалауы арқылы бір істі жасауға нақты шешім 
қабылдап, оған бет бұрғанда, Аллаһ Тағала ол істі сол адам үшін жаратады. 
Аллаһ Тағала бұл істі жаратуға мҽжбүр болғандығы үшін жаратпайды. Адамға 
жауапкершілік жүктеумен қатар, оның еркін ҽрекет жасай алуы үшін бұл істі 
жаратады. Аллаһ Тағала қаласа адамның нақты қалаған нҽрсесін жаратпауы да 
мүмкін. Алайда Аллаһ Тағала адам баласына жеке дара ерік берген. Сол 
еркіндігінің нҽтижесінде Аллаһ Тағала жасаған амалдарына қарай оны 
тозағымен жазалайды не жұмағымен сүйіншілейді.
Бір нәрсенің жақсы (сүйкімді) не жаман (сүйкімсіз) болуы туралы: 
Кҽлам ғылымында жақсы мен жаманды беске бҿліп қарастырған. Олар: 
1. Мақсатқа сай болған жақсы, болмаған жаман. Ҽділдіктің жақсы, 
зұлымдықтың жаман болғаны секілді. 
2. Табиғатқа бейім болған жақсы, болмаған жаман.
3. Кемел сипатқа ие болған жақсы, болмаған жаман. Ілімді болу жақсы, 
надан болу жаман болғаны секілді.
4. Мадақ пен мақтауға лайық болу жақсы, жамандауға лайық болу жаман. 
Жомарттықтың жақсы, сараңдықтың жаман болғаны секілді.
5. Аллаһтың мақтап мадақтаған нҽрсесі жақсы, жамандауы жҽне 
азапталуға себепкер болатын нҽрселер жаман. Имам Матуриди бойынша ҽрбір 
затта жақсы мен жаман деген нҽрсе бар. Ол жақсы мен жаманның ҿлшемін 
ақылмен білуге болады. Аллаһ бір нҽрсенің жақсы болғаны үшін ҽмір етсе, 
жаман болғаны үшін тыйым салған дейді. 
Аллаһты тану туралы: имам Матуриди адам баласына діни уағыз 
жетпесе де Аллаһты ақылымен тани алады дейді. Себебі Қасиетті Құранда: 
«ақылға салмайсыңдар ма?», «ойланбайсыңдар ма?», «пікір жүгіртпейсіңдер 
ме?» деген мазмұндағы аяттар ҿте кҿп. Мысалы, тау басында ҿмір сүрген адам 
Аллаһтың бар екенін ақылымен тауып, оған сенуі керек. Ал дінді оған ешкім 
үйретпегендіктен діни міндеттерден жауапқа тартылмайды. Бірақ Аллаһқа сену 
мҽселесінде сұралады. Себебі соны түсінетін ақыл берілді. 
Жарату сипаты туралы: Жарату, жоқтан бар ету (Тҽкуин) – Аллаһ 
Тағаланың субути сипаттарының бірі. Матуридилік мектебі бойынша бұл сипат 
Аллаһта ҽзҽли, яғни ҽуел бастан бар жҽне құрастырылмаған, тікелей Аллаһқа 
негізделген, Оған ғана тҽн. Шексіз құдірет иесі Аллаһ Тағала тҽкуин сипатымен 
қалаған нҽрсесін жаратады, жоқтан бар етеді. Ҽлемде Аллаһтың жаратуынсыз 
пайда болған ешбір нҽрсе жоқ. Тҽкуин сипаты – жарату, рызық беру, азап беру, 
тірілту, ҿлтіру, нығмет беру секілді т.б. сипаттарды қамтитын аса ауқымды 
ұғым. Аллаһтың Құдірет, Ирадҽ деген жеке-жеке сипаттарының болғаны 
тҽрізді, Жарату да сол сипаттардың бірі. 
Пайғамбарлық туралы: Ғұламалар пайғамбарлардың жай адамдар 
арасынан таңдалғаны туралы ортақ шешімде болғанымен, ҽйел затынан 
пайғамбардың шыққаны – шықпағаны жайлы мҽселеде біркелкі ымыраға 
келмеген. Имам Матуриди пайғамбардың ер адам болуы шарт деген. Ҿйткені 
пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Пайғамбарлық жүктелген жан қашан да қалың 


35 
қауіп-қатер мен небір қиыншылықтардың бел ортасында, қылыштың жүзінде 
жүреді. Пайғамбарлар – адамзат баласын тҽрбиелейді. Пайғамбар хақ дінді жаю 
жолында Аллаһ тағаламен жҽне адамдармен тығыз байланыста болады. Ал 
нҽзік жанды ҽйел затының бұған шамасы ҽркез жетпейді. Осы тұрғыда имам 
Матуриди ҽйел кісілерден пайғамбар келмейді деген. 
Аллаһ Тағаланың пендесіне күші жетпейтін нәрселерге жауапты 
етіп-етпеуі туралы (Тәклифи ма-ла иутақ): Имам Матуриди бойынша Аллаһ 
Тағала адам баласына күші жетпейтін нҽрсені жүктемейді жҽне оны күші 
жетпейтін нҽрсеге жауапты етпейді. Себебі, Құран Кҽрімде: «Аллаһ кісіге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет