Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
52
деген ел ардақтаған Асан Қайғы, Әбілқайырдың
жырау толғауын тыңдамай
кетуіне намаз емес, басқа себеп бар екенін бірден сезді. Сондықтан да ол ханға
қадала сөйледі.
Әбілқайыр Асан сөзінің маңызын ұққысы кеп, кенет тоқтай қалды.
— Шабытына мінген жырау, ат сабылтып
шауып келе жатқан аңшы тәрізді,
бекер тоқтаттың, хан ием, — деді Асан қалың қабағын түйіп, сөйтті де ар жағынан
келіп қалған ызасын ұстай алмай түксиген қабағынан қыраулы қыстай кәрін төгіп,
көптен бері айтайын деп жүрген өкпе-ашуын толғай кетті.
Сара жолдан жаңылған
Ханға зират қазылмас.
Сөгілгелі тұр қабырғам,
Кеселдімін жазылмас.
Тарқат, ханым, шерімді,
Намазыңа асықпа.
Құрыштан берік елімді
Ала ауыздықпен жасытпа!
Бітеу өскен қауынды
Тұрсың босқа жарғалы,
Досыңнан іздеп жауыңды
Тұрсың жалғыз қалғалы!
Ұмыттың қазақ даласын,
Ұлғайттың жаным жарасын,
Бір атаның баласын
Екіге бөліп барасың!
Жолын, ханым, таппасаң,
Бүлінеді барлық жұрт!
Таң боп қайта атпасаң,
Басқалы тұр қара бұлт!
Көптің көкейінде жүрген тілекті Асан Қайғы айтты.
Хан ақын толғауының ар
жағында өзіне деген халықтың наразылығы жатқанын әбден ұқты.
Бұған қандай жауап беру керек? әділетке келсек, әрине жырау сұрағы жөн.
Бірақ оған хан қандай жауап бере алады? Өзі шетінеткен бөгетті қайта жамай алар
ма? Жоқ, енді кеш. Бөгеттің ернеуінде лықылдап асау толқын келіп тұр. Бүгін
болмаса ертең ол бөгеттің быт-шытын шығармақ. Ханның бар қолынан келері сол
толқынның астында қалмау. Жолын тауып жағаның бір жағына шығу. Ал Асанға
жауап бермей кетуге тағы болмайды. Оның сөзінің ар жағында қолында тобылғы
сапты, бұзау тіс қамшы, күлге көміп солқылдатып алған қайың сойылы бар Дәшті
Қыпшақ елінің әбден ұшталып қалған мүддесі тұр...
Әбілқайыр жауап бергенше, кенет әлдекімнің үрейленген даусы шықты.
— Бұл кім екен? — деді дауыс. — Орда аман болса жарар еді?
Жаугершілік заман, қандай мықты хан болса да өздері жоқта Орданы шабатын
жау жүрек қастары табылатын шақ. Жұрт та жігіт көрсеткен жаққа үрейлене
қарады.