Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 131
Б. Қасым,
Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ф.ғ.д.
Т‡РКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ К‡РДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР МЕН
АНАЛИТИКАЛЫҚ ФОРМАЛЫ ЕТІСТІКТЕР
Грамматика – тілдің құрылысын зерттей-
тін тіл білімінің саласы. Грамматиканың не-
гізгі зерттеу нысаны – тілдің
морфологиялық
және синтаксистік ж‰йесі; оның ішінде грам-
матикалық тұлға (форма), грамматикалық ма-
ғына, грамматикалық категория, бір тілдегі
грамматикалық тұлғалардың көріну амалдары
мен сол арқылы айтылмақшы мағыналардың
берілу тәсілдері,
олардың байланысуы, тір-
кесу жолдары мен тәсілдері. Тіл ғылымында
сөз бен сөйлем т‰рленімін, құрылысын
грам-
матика ілімі нақты қарастырады. Грамматика
– сөз бен сөйлемнің нақты, деректі мағы-
насынан тыс құрылымдық, құрылыстық ж‰йе-
сін зерттейтін ғылым. Ол тілдің құрылыстық,
дерексіз мағыналық маңызды сипатын ашады.
Адамның ойлауы, ой
мен ойлаудың дерексіз
т‰рдегі қызметі тілдің грамматикалық құры-
лысында шешіліп, айқындалады. Қай тілде
болсын тілдің грамматикалық құрылысы өмір
тәжірибесінде жинақталып, жалпы сипатқа ие
болады. Тілдің тұлғалық құрылысы да сөздік
қормен, құраммен қатар ж‰ріп, тілдің негізін
жасайды. Сондықтан грамматика мен лексика
өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Сөздік
құрамды толықтыратын
жаңа сөздер тілдегі
бар бұрынғы тілдік бірліктер арқылы жасалса,
сөздердің жасалуы тілдегі грамматикалық
заңдылықпен ж‰зеге асатыны белгілі.
Етістіктің жалпы грамматикалық сипаты.
Етістік арнайы тұлғаландырушы
көсемше,
есімше көрсеткішімен
жіктік, шақтық, рай-
лық; одан басқа
болымды-болымсыздық, етіс
(салт-сабақтылық) категорияларының негізін
беріп, өз алдына жеке сөз табы категориясы
болады. Мұндағы әрбір категория бірінен бірі
туындайды. Сөйтіп,
грамматика сөздердің
ойды жеткізудегі құрылымдық, құрылыстық
орны қызметін ашық қарастырады, талдай-
ды. Жалпы тіл білімінде қалыптасқан ереже
бойынша
грамматика сөздің дерексіз мағына-
сын, грамматикалық қызметін – сөздердің өз-
геру ж‰йесін, тұлғалық ерекшелігін, тіркес-
тік, сөйлемдегі, мәтіндегі функционалдық
қызметі мен қасиеттерін зерттейді. Грамма-
тика саласын тану ‰шін оған енетін бірлік-
терді
– ұғымдарды – т‰сініп білу қажет. Грам-
матикалық ұғымды жеткізетін бірліктер –
грамматикалық мағына, грамматикалық көр-
сеткіш немесе тұлға, грамматикалық кате-
гория.
Сөздердің білдіретін ұғымдық мағынасы –
ішкі мазмұны, сол мазмұн-мағынаны білдіре-
тін белгілі бір дыбыстар жиынтығы сөздің
сыртқы кешенді жамылғышы болады. Тіл ғы-
лымында сөздің
ішкі мазмұны мен сыртқы
жамылғышының байланысы дәст‰рлі тарихи
байланыс деп т‰сіндіріледі. Сөздің ішкі маз-
мұн-мағынасы лексикалық мағына, ал жалпы
дерексіз мағынасы (қимылдық, сындық, зат-
тық, т.б.) грамматикалық мағына болып табы-
лады. Сөздердің грамматикалық мағынасы
белгілі
бір қатынаста, құрылыста ғана көрі-
неді. Грамматикалық мағынаны көрсететін,
білдіретін тұлғалары болады, олар граммати-
калық көрсеткіш немесе грамматикалық тұл-
ғалар деп аталады.
Грамматикалық мағына
мен грамматикалық көрсеткіш, тұлға бір-бірі-
мен тығыз байланысты, екеуінің парадигма-
лық, ж‰йелік бірлігінен грамматикалық кате-
гория құралады.
Достарыңызбен бөлісу: