пятилетка мен бесжылдықтықтыңарасы-
нан қандай жаңалық іздеуге болады. Тағы бір
айырым белгі – жаңа сөздердің варианттары
болмайды. Жаңа қолданыстар жаңа сөздің
баламасы ретінде тілімізге енгенші бірнеше
нұсқада ұсынылып, соңында біреуі ғана әдеби
тілге енеді (ықшамаудан – шағын аудан –
мөлтек аудан). Сонымен қатар, жаңа сөздердің
жасалу жолдары болмайды (олар дайын
к‰йінде келеді). Осы к‰нге дейін зерттеу ең-
бектерінде ұсынылып келе жатқан әдістер –
жаңа сөздің емес, жаңа сөз қолданыстардың
жасалу жолдары. Тәуелсіздік алған жылдар-
дан бастап жаңа сөз қолданыстардың жасалу
жолдары ғылымның т‰рлі саласындағы тер-
миндердің жасалу жолдарымен ауысты.Жаңа
сөзден қазақша жаңа тер- минжасау ‰дерісін
ойлап таптық. Айырмашылығы- жаңа сөздің
орнына басқа тілден енген термин, жаңа сөз
қолданыстардың орнына қазақшаланған тер-
мин тіркестерін ұсынғанымыз ғана. Термин
сөздер мен неологизмдердің екі бағыттағы
сала екенін естен шығармағанымыз жөн. Жаңа
сөзді қабылдаудағы мақсатымыз бен термин
сөзді қабылдаудағы мақсатымыз да – екі бө-
лек. Алайда, жаңа сөздер мен жаңа сөз қолда-
ныстардың айырым белгілерін терминжасам
‰дерісіне тиімді пайдалана білсе,терминжасам
ж‰йесіндегі жарыспалы варианттардан ары-
луға болады.
_______________________________________
1. Джоглидзе Л. Новые слова в современном русском
языке.Автореферат к.ф.н.,Тбилиси-1979.
2. Намиткова Р. Авторские неологизмы, Л:1987.
3. Кеңесбаев І. Мұсабаев Ғ,Қазіргі қазақ тілі, Алматы-
1975.
4. Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы, Алматы-
1979.
5. Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер, Алматы-
1971.
6. Алдашева А. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа қол-
даныстар. Автореферат, ф.ғ.к., Алматы-1992.
К. Кадыркулов НЕОЛОГИЗМЫ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ В статье дано определение новых слов и новых выражений, показано их различие, проанализированы
неологизмы в свете современных направлениий их изучения. Рассматривается повторное появления историзмов
в современном казахском языке.