Алматы №1 (135) 2012


Кәсіби қазақ тілін ‰йретуге арналған



Pdf көрінісі
бет347/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   446
4. Кәсіби қазақ тілін ‰йретуге арналған 
шығармашылық жаттығулармен жұмыс. 
Шығармашылық жаттығулар  студент-
тердің кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіп-
танымдық ақпараттарды саралап, зерделеу 
арқылы, өз пікірлерін микротоптың басқа м‰-
шелерімен талдай алу, өзара бірлесе іздену-
шілік іс-әрекет жасау дағдыларын қалыптас-
тыру, соның нәтижесінде кәсіби тілдік қа-
тынасқа еркін т‰су қабілетін жетілдіруге 
бағытталған жұмыс т‰рі. 
Студенттерге қазақ тілін мамандыққа қа-
тысты кредиттік технология арқылы ‰йретуде 
шығармашылық жаттығулардың келесі т‰р-
лері қолданылды: 
«Тақырыптық Бәйтерек» әдісі: жаңа та-
қырыпқа байланысты жаңа сөз алынып, ол 
әрт‰рлі сөздермен қосарланып айтылады.
«Сөздерді жұптастыр» әдісі: жаңа сөз-
дер жұптастырылады. Сөз тіркесін, м‰мкінді-
гінше, сөйлем құруға болады.
«Инсерт» стратегиясы: берілген сөздер 
график арқылы беріледі сол сөздердің сәй-
кестігін табулары жөн. Мәтінді бекіту ‰шін 
ұтымды әдіс. 
«Баспалдақ» әдісі:
 
бір сөз беріліп, сол сөз-
дегі әріптермен сөз, тек осы сөздермен сөз 
тіркесін, м‰мкіндігінше, сөйлем құратуға
болады. Студенттер бұл әдіс арқылы сөз 
тіркесі мен сөйлемдерді қызығушылықпен құ-
рады. 
«Сөздер сыры» айдары: кәсіби лексикаға 
байланысты сөздер ішінен бірнеше мағына 
беретін омоним сөзді алып, т‰сіндірмелі және 
фразеологиялық сөздіктен тауып қолдануға 
баулу жөн. Студенттер сөз сырына терең ‰ңі-
ліп, қазақ тіліндегі тағы бір омониммен таны-
сады.


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 277 
Ғылыми әдіс: студенттерге сабаққа байла-
нысты терминдер беріліп, оның мән-мағына-
сын студенттер табуы жөн. Терминдердің ма-
ғынасы ашылады. Бұл сабақтың ғылымилы-
ғын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет