Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 301 іздене меңгеруге қажетті қабілетін дамыта
алатынына сенуге болады. Өйткені қазіргі ке-
зеңдегі қазақстандық жастар нарықтық эконо-
мика билеген елде өмір с‰ріп жатыр, олар өз
бетімен ізденген білімнің ғана тереңнен тамыр
алатынын т‰сінеді, сондықтан өзінің ізденім
қабілетінің дамуына ықпал ететін оқу әдісін
де қызығушылықпен ‰йренуге ұмтылады.
Гуманитарлық бөлім студенттерінің адам-
дық құндылығын басты назарда ұстай оты-
рып, оның адамгершілік негізде білім алуына
жол ашу арқылы жобалау технологиясының
да лингводидактикалық құндылығын арттыра
т‰суге белгілі бір дәрежеде ‰лес қосуға бо-
лады. Жалпы белгілі бір ж‰йе арқылы оқыту-
да оқушының немесе студенттің жеке басы-
ның адамдық қасиеттерінің жетілуін басты на-
зарда ұстау керектігін қазақ тілін оқыту әдіс-
темесінен ғылыми-зерттеу жұмысын ж‰ргіз-
ген ғалымдар атап көрсетеді. Мысалы, жоба-
лай оқыту технологиясының ең басты мәні оның
адами тілдік қатынасқа негізделуі болса, оның
адам өміріндегі мәнін ғалым Ф.Оразбаева бы-
лай тұжырымдайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу
тілі арқылы ұғынысу, т‰сінісу дегенді нақты-
лай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен
гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік
орны бар, қоғамның дамуы ‰шін ең қажетті
қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиын-
тығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір
алмасуы, адамдар қатынасының т‰п қазығы
дегенді білдіреді» [4].
Ал тілдік қатынастың адамның ойын қоз-
ғаушы к‰ш ретіндегі рөлі туралы Қ.Қадашева
былай дейді: «Адамның ойлауы белгілі бір
ойға т‰рткі болатын, ойды қозғайтын нәрсеге
байланысты. Ой сұрақтарға байланысты қоз-
ғалысқа т‰седі. Тілді ‰йрену ақыл-ойдағы сұ-
рақтарға жауап табуға бағытталғандықтан да
‰лкен мағынаға ие болады. Сондықтан да бел-
гілі бір тақырыпты ‰йрету ‰шін, алдымен, осы
тақырыпқа байланысты логикалық, танымдық
сұрақтар берілуі керек. Осы сұрақтарға жауап
алу мақсатында тіл ‰йренушінің қызығушы-
лығын арттыру қажет. Бұл сұрақтар ойды
оятушы сұрақтар т‰рінде берілген жөн» [5].
Студенттің педагогикалық ‰деріс бары-
сындағы негізгі іс-әрекеті оның болашақ өмі-
рінің сенімді жолына айналуы ‰шін оған қа-
жет дағдыны қалыптастыратын оқыту техно-
логиясын қолдану қажеттілігі айқындалады.
Жоғары оқу орнында жобалау технология-
сы ж‰йесімен білім алған студенттің өз беті-
мен іс-әрекет ету дағдылары дұрыс қалыпта-
сып, өмірде, кәсібінде де, жеке жағдайында да
өздігінен дұрыс шешім қабылдау қабілеті са-
тылы т‰рде дамиды.
Жеке тұлға (личность) – әлеуметтік қарым-
қатынастар мен саналы іс-әрекеттің біртұтас-
қан субъектісі. Студент – ерекше әсерленгіш
және жинақылыққа бейім келетін әлеуметтік
топ, жоғары білім беру мекемесінде оқитын
ерекше адамдардың жиыны. И.А.Зимняяның
атап көрсеткеніндей, студенттік кезде адам
физикалық және психологиялық қасиеттерін
барынша дамытуға құштар келеді. Осы шақ-
тағы студенттің ерекше байқалатын қабілеті –
оқып, білім алу қабілеті. Осымен де байла-
нысты, студент ‰шін маңызды мәселе – оқы-
тушылардың баяндаған білімін тыңдау ғана
емес, өзі білім алуға дағдылану [6]. Сондық-
тан қазақ тілін оқытуда студентті білім маз-
мұнын жалаң жаттауға емес, әрбір жекелеген
сөзді «өмірден тауып ала білетіндей» қабі-
летке ие ететін жобалай оқыту технологиясын
қолданудың антропологиялық ерекшелігі осы-
дан танылады.
Қазақ тілінен сапалы білім алу – болашақ
мамандардың тілдік тұлға ретінде қалыпта-
суына негіз қалау. Осымен байланысты, қазақ
тілін оқыту барысында студент болашақ ма-
ман ретінде өзінің тұлғалық болмысын жан-
жақты дамытудың, қалыптасудың сапалы әдіс-
тәсілдерін ‰йреніп, бойына сіңіреді.
_____________
1. Черноволенко В.Ф. Престиж профессии и проблемы
социально-профессиональной ориентации молодежи. –
Киев: Наукова дума, 1979. – 214с.
2. Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школь-
ников. – М.: Просвещение, 1988. – 269 с.
3. Чистякова С.Н. Основы профессиональной ориен-
тации школьников / Учеб. пособие. – М.: Просвещение,
1983. – 112 с.
4. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдіс-
темесі. – Алматы, 2000. – 208 б.
5. Қадашева Қ. Тілді ‰йренудің деңгейін бақылау мен
анықтаудың жаңа т‰рлері // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс
мектебінде. – 2001. – №1.–30-35 б.
6. Зимняя И.А. Ключевые компетенции – новая пара-
дигма результата образования // Высшее образование се-
годня. –2003. –№5.