Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 333
қайта аталды. Атап айтқанда, Солт‰стік Қа-
зақстан облысындағы Совет ауданы – Ақ-
қайың, Сергеев ауданы – Шал ақын, Целин-
ный ауданы – Ғ.М‰срепов ауданы Батыс Қа-
зақстандағы Орда ауданы – Бөкей ордасы
болып өзгертілген, Шығыс Қазақстан облы-
сындағы Лениногорск қаласының ежелгі Рид-
дер атауы қайтарылған. Осы секілді Қазақ-
станның т‰рлі облыстарындағы көптеген елді
мекендер бабаларымыз қойған байырғы поэти-
калық атауларына ие болды. Мысалы, Заря –
Ақжар, Георгиевка – Кеңт‰бек, Просторный –
Ақ ой, Пролетар – Ақт‰бек, Жаңатұрмыс –
Сынтас, Полевод Көкжиде, Қызыләскер –
Аққұм, Вторая Пятилетка – Қасқасу, Галинко
– Зертас, Қызыл Октябрь – Керегетас, Комин-
терн – Береке, Октябрь – Құйған, Мичурин –
Нұрлы жол т.б. болып өзгертілген.
Бұрынғы Яисан – Жайсаң, Челкар – Шал-
қар, Кинжалы – Кенжалы, Дарья – Дария, Би-
рюк – Б‰йрек, Монадырь – Мыңадыр, Щер-
бакты – Шарбақты болып өзгерген.
Қазақ ономастикасының ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық болмысы немен құнды
дейтін болсақ – жер-су атауларында, адам
есімдерінде т.б. жалқы есімдердің т‰рлерінде
халқымыздың тарихы, д‰ниетанымы, рухани
байлығы, наным-сенімдері, ой-санасы, ша-
руасы, рухы тілдік ақпарат ретінде сақталып,
ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын асыл
қазына, тарихи жәдігер болуында.
Қазақстанның ұлан-ғайыр, кең байтақ же-
ріндегі миллиондаған жер-су аттарында аса
құнды, көп деректі, сан-салалы ақпарат ғасыр-
лар бойы жинақталған. Жер-су аттарында қа-
зақтың көшпелі мал шаруашылығын ж‰ргізу
тәжірибесі, қоршаған ортаны сол шаруашы-
лық м‰дделеріне бейімдеп игеру, жалпылап
айтқанда, халық пен табиғаттың ‰йлесімді (гео-
экологиялық) өмір с‰руі бейнеленген. Қазақ
халқы төл тілі арқылы қоршаған ортаны, та-
биғат нысаналарын даралай жіктеген, геогра-
фиялық терминологиясы аса бай – Ғ.Қоңқаш-
баевтың мәліметтеріне сәйкес, қазақ халқы-
ның 600-ден астам географиялық термин-
дері бар және де Қазақстан жер-су аттары-
ның жартысына жуығы халықтық термин-
дер негізінде жасалған. Жер бедері атаула-
рының өзі 234-ке жетеді. Биіктердің т‰р-т‰рін
атау ‰шін 40-қа жуық термин қолданылады
да, тек тау беткейлерін атайтын 13 термин бар
екен.
Егер орыс тілінде тауды атауда бір ғана
«гора» термині қолданылса, қазақ тілінде тау-
лардың мынадай т‰рлері жіктеледі: алатау,
қаратау, асқартау, балақтау, өркешті тау, сан-
дық тау, мұзтау т.б. Жайылымдардың да тер-
минологиясы аса бай: жайлаудың неше т‰р-
лері бар – қан жайлау, сар жайлау, бөктер жай-
лау, к‰зеу, көктеу; басқа жайылым т‰рлерінің
аттары: аңыз, беделік, отар, өріс (жылқы өріс,
қой өріс, қозы өріс, бұзау өріс), тебін (ақтебін,
алатебін), соны, шалғын, шабын (шабындық)
ш‰йгін, бидайық, сор (сортаң), ащы, боз,
көгал, қоңыр, керала, алатамыр, көкорай, өлең
т.б. Қоршаған ортаға байланысты атаулар,
төрт т‰лікке (дәст‰рлі шаруашылыққа) қа-
тысты терминдер қазақ халқының табиғи ор-
таны, ландшафттық ерекшеліктерді кеңінен
пайдалағанын көрсетеді, яғни географиялық
атаулардың геоэкономикалық негізде қалып-
тасқанын көруімізге болады.
Туған өлке, атамекен жеріміздің тарихи-
лығын дәлелдей т‰сетін, көне, ортағасырлық
және кейінгі замандардың, сан қилы тарихи
оқиғалардың куәсіндей болған жер-су аттары
Қазақстанда өте көп.
Қазақ елінің ең көне топонимдері туралы
біздің дәуірімізден бұрынғы Қытай жылнама-
ларында, б.з.б. VІ ғасыр грек тарихшылары
Геродот, Страбан, Птолемей еңбектерінде,
ортағасырлық топонимдер араб географтары
Ибн-Хордадабек, Ибн –Хаукаль, Аль-Истархи,
Аль-Масуди; т‰ркі ғалымдары, М.Қашқари,
Рашид-ад-Дин, Ә.Баһадұр, Мұхаммед Хайдар
Дулати; ХVІІІ – ХІХ ғғ. орыс ғалымдары
Т.Т.Семенов-Тянь-Шаньскиий, И.В.Мушкетов,
В.В.Радлов, В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам ең-
бектерінде кездеседі. Сол ежелгі дәуір, көне
заман және орта ғасырлараға тән атаулардың
біразы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, б‰гінгі к‰н-
ге жетіп отыр. Сондай топонимдер қатарына
Алтай, Жайық, Арыс, Талас, Есіл, Сырдария,
Хантәңірі, Іле, Қарқара, Суяб, Сығанақ, Орал,
Торғай, Т‰ркістан, Жем, Сайрам, Сауран,
Шымкент, Отырар, Алматы сынды атауларды
жатқызуымызға болады.
Халық пен табиғатты біртұтас ұғым деп
қарау, әсіресе көшпенділер мәдениетін, пси-
хологиясын т‰сіну ‰шін маңызы ерекше», -
деп көрсетеді.
Басқаша айтсақ, талай ғасыр желісін ‰збей
келе жатқан халқымыздың өмірінен туған
ұлы мәдениеттің іздері қазақ жер-су аттарын-
да да сақталған.
|