Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет128/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   446
 
А. Жумагулова
НОВЫЙ ОБЪЕКТ ИССЛЕДОВАНИЯ: ТВОРЧЕСТВО Г. МУСУРЕПОВА 
Автор в статье рассказывает об исследовании творчества казахского писателя-классика Г. Мусрепова.
В этой статье подробно излагается о лингвистических исследованиях творчества писателя. Приводятся 
конкретные примеры высказывания исследователей-филологов о творчестве писателя, об особенностях его 
произведения. 
 
A. Zhumagulovа 
THE NEW OBJECT OF STUDY IS G. MUSUREPOV’S CREATIVITY 
The author says in the article about the study of Kazakh classic writer G.Musrepov’s creativity. This article 
elaborates on the linguistic research of the writer’s works. Specific examples of pronouncements of researchers and 
linguists about the works of the writer, about the features of his works. 
 
 
 
 
 
 
 


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 103 
А. Ж. Жұмағұлова, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф. ғ. к. 
Ғ. М‡СІРЕПОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ РУСИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ 
 
 
Қашаннан адамдардың өзара қатынас құ-
ралы ретінде танылған тіл сөздің талай заман-
дарды басынан өткере отырып, дамып, жеті-
ліп, байып келеді. Жалпы халықтық тіл – 
әдеби тілдің негізі, бастауы, қайнар көзі. Кез 
келген құрылысқа жақсы құрылыс материалы 
қалай керек болса, көркем шығармаға сөздің 
қажеттілігі де соншалықты екенін ұзақ т‰сін-
дірудің керегі жоқ шығар.
«Тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шы-
ғарма болған емес және бола алмайды. Демек, 
сөз өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен 
ерекше, бөлек һәм биік» (1.185.) 
«Әдеби шығарма жазуға рецепт берілмей-
тіні секілді, әдеби шығарманың тілінде де 
штамп жоқ.» (1. 237.) Ендеше, көркем шығар-
маның тілін зерттеп, талдауда да қабылданған 
ереже, өзгертілмес қағида, қатып қалған 
бірізділік жоқ. Дегенмен, шығарманың тілін 
талдаймын деп, шығарманың өне бойындағы 
барлық сөзді не кез келген бір немесе бірнеше 
сөзді топтастырып т‰п-тамырын, этималогия-
сын қарастыруға да болмайды.
Көркем шығарманың тілін зерттеу туралы 
ғалым Р. Сыздықованың «Осы к‰нгі әдеби 
тіліміздің б‰кіл лексикасының генетикалық
қабаты белгілі болғандықтан, оны қайталап
жазушы басы сайын т‰гендеудің қажеті жоқ» 
деген тұжырымын басшылыққа алған дұрыс 
деп ойлаймыз (2. 71.) 
Қандай да бір қаламгердің шығармашылы-
ғын зерттеу барысында тұрақталған лингвис-
тикалық қағида-ережелерді басшылыққа ала 
отырып, тілдік ерекше фактілерді ж‰йелеп, 
талдаумен қатар жазушының өзіне ғана тән, 
к‰нделікті қолданыста кездесе бермейтін сөз-
дерге, сондай-ақ олардың «әдеттегі қолданыс-
тан айырмашылығына, жазушының мұндай
тәсілдерден ұтып тұрған жайларына» назар 
аударған жөн.
Кез келген жазушының тілі қаншалықты 
бай дегенмен ол жалпы халықтық тілді ай-
налып өте алмайды. Ертедегі әдебиет пен ауыз 
әдебиетінің бай қорына сілтеме жасамай-ақ 
Абай мен Шәкәрімнің, Ж‰сіпбек пен Мағжан-
ның шығармашылығының өзі қаншама қа- 
ламгерге ‰йрену мектебі болғаны анық. Бұл
қаламгерлердің өмір с‰рген дәуірі, сол кез- 
дегі қоғамның тарихи-экономикалық, саяси- 
әлеуметтік құрылымы, мәдениеті мен әде-
биеті, т‰сінігі, танымы қаншалықты әр т‰рлі 
болса, сөз мәдениетін меңгеруі де сонша-
лықты әр қилы.
Тіл қарым-қатынас құралы бола тұрып, 
басқа тілдермен қарым-қатынсқа т‰спесе, 
дамымайды, байымайды, өркен жаймайды, 
яғни белгілі бір тілдегі тілдік материалдар
басқа тілдегі тілдік материалдармен ‰немі 
толығып отыруы заңды құбылыс. Бұл жағы-
нан жазушы әңгімелерінің тілі орыс тілінен 
және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген 
«русизм» сөздерге өте бай. Әрине, «Бұл сөз-
дердің басым көпшілігі ғылым мен техника-
ның, мәдениет пен әдебиеттің сан алуан сала-
ларына байланысты терминдер, өмір шынды-
ғынан туған сөздер» (3. 192.). Қаламгердің 
шығармашылығында өзі өмір с‰рген дәуірдің 
тыныс-тіршілігін, сол дәуірде өмір с‰рген 
адамдардың мақсат-м‰ддесін, арман-тілегін, 
қоғамдық қарым-қатынастардың жай-к‰йін 
суреттейтін сөздер шығарма шырайын қанық-
тыра т‰седі. Мұндай сөздер уақыт өте келе 
әдеби тілдік қорымызға да сіңіп кетеді. Өйт-
кені, «сөздердің жаңа заттар немесе жаңа 
ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл-тілдегі 
сөз алмасудың басты және дағдылы құбы-
лысы болып табылады». ( 3.193.)
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден енген сөздерді жалпы атаумен «ру-
сизмдер» деп атайтыны белгілі. Назар ауда-
райық: 
1. Коттедж (ағылшын сөзі) – қала сыр-
тына салынған екі қабатты шағын ‰й. (4. 258.)
2. Метеорологиялық станция (ежелгі 
грек сөзі) – атмосфераның қалыпты жағдайын 
тексеретін мекеме. ( 4. 307.)
3. Репортер (ағылшын сөзі) – болып жат-
қан оқиғалар туралы мәлімет беретін газет, 
журнал, радио, теледидар қызметкері (4. 431.).
Мінеки, бұл тізімді осылай жалғастыра 
берсек, сан қуалауға ұрынарымыз анық. Біздің 
мақсат Ғ. М‰сірепов секілді жазушы әңгімеле-
ріндегі «русизмдердің» жалпы қолданылу 
аясына, стильдік қызметіне назар аудару 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет