Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет219/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   446
172 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
салады. Э.Кинэн жіктеу есімдіктерін «рефе-
ренттілігі жоғары», ‰немі бастауыш қызме-
тінде жұмсала алатын тілдік құралдар деп 
есептейді [1].  
Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен са-
лыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы есімдіктер 
жиі т‰сіп қалатынын байқауға болады. Бұл 1-
жақ тұлғаларының мағынасының тұрақтылы-
ғына, белгілілік мәнінің к‰штілігіне, прагма-
тикалық ерекшеліктеріне байланысты болса 
керек. Себебі олар т‰сіп қалса да, олардың 
нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң т‰спеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, – 
деп келетін өлең жолдарында «мен» есімдігі 
жасырын келгенімен, өлең жолдарының со-
ңындағы бірінші жақ тұлғалы етістік арқылы 
«мен» есімдігінің мәні беріліп тұр. Сол ар-
қылы тұтас сөйлем, сөйленімдер белгілілік 
мәнінде, нақтылы-жақтық мәнде қолданыл-
ған.
Бұл жерде есімдіктің қажеті де жоқ. Себебі 
етістік тұлғасынан-ақ оның қай жаққа қатысты 
екені анық көрініп тұр. Ф.И.Буслаев мұндай 
сөйлемдерді толық, екі құрамды сөйлемдерге 
жатқызады [2, 272-273 бб.]. Т.В. Булыгина 
мен А.Д.Шмелев мұны персоналды дейксиске 
жатқызады [3, 319-320 бб.].
Ғалым Ж.Сәдуақасұлы 1-жақ тұлғалы 
есімдіктердің өзіндік ерекшелігі туралы айта 
келіп, былай дейді: «1-е лицо ед. числа в прямом 
значении указывает на отношения граммати-
ческого предиката с субъектом в форме лица-
информанта, от которых ведется информация: 
употребление-неупотребление местоименния 
«мен» в функции грамматического субъекта 
придает высказыванию различную стилисти-
ческую окраску» [4,с.97].
Көпше тұлғалы 1-жақ етістік тұлғалары-
ның мәні жекеше тұлғалы 1-жақ тұлғалары-
мен салыстырғанда, біршама жалпы да к‰р-
делі болып келеді. Сол себепті оларда нақты-
лық, даралық жоқ.
Мысалы:
Былай тұршы, 
біз де көрейік, - деп етікші-
нің пышағын, бізін, балғасын, кемпірауызын 
ұстап, қамалап жатқан еркектерді кимелеп
біреуінің қолынан кебісті жұлып алып қарады 
(Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 10-бет). 
Қазынаның көк арбасына шаңырақ м‰йіз 
екі дәумытты жегіп, біз қаладан шыққанда

сарғылт-қызғылт сәулесі селдір орманның 
басын жалап, қырк‰йектің қырқылжың
к‰ні 
ұясына таянып еді (Аймауытов Ж. Шығ. 2-
том, 113-бет). 
Біз сахна жақта домбырамызды к‰йлеп, 
тамағымызды кенеп, кісілерімізді жинап, жа-
ғамызды т‰зеп, шашымызды тарап, нәрселе-
рімізді қрып, шала б‰лініп
, жанталасып жа-
тырмыз (Аймауытов Ж. Шығ. 2-том, 125-бет). 
Келтірілген сөйлемдерде 1-жақ көпше 
тұлғалы есімдік бірнеше адамға ортақтықты 
білдіреді. Сол арқылы біз есімдігі мен сияқты 
белгілілікті нақты білдіре бермей, жинақтау-
шылық, жалпылық сипат алатынын көреміз. 
Сонымен қатар сыпайы сөйлеу ерекшеліктері 
бойынша, кейде біз есімдігінің жекеше тұлға-
да қолданылатын тұстары кездеседі. Мысалы, 
ресми ортада мен есімдігінің орнына біз есім-
дігін қолдану жиі кездеседі. Бұл туралы 
Н.Ильминский: «Относительно личных место-
имений должен заметить‚ что сказать о себе 
мен‚ а другому сен было бы неприлично в раз-
говоре с высшим или младшему со старшим. 
Скромность и вежливость требуют сказать 
вместо того: біз‚ сіз. Таким образом‚ эти два 
слова в киргизском языке должны назвать 
вежливым единственным числом»‚ – деп жа-
зады [5]. Біз есімдігінің контекстке байла- 
нысты қандай мәндерге ие болатыны туралы 
Ж.Сәдуақасұлы [4] еңбектерінде сөз болған-
дықтан, олардың мағыналық ерекшеліктері- 
не тоқталудың қажеті бола қоймас деп есеп-
тейміз.
Субъект-зат тұлғалы сөйлемдер көпше 
т‰рде адам мағынасында ғана жұмсалатынын 
байқаймыз. Мысалы:
Қазынаның көк арбасына шаңырақ м‰йіз 
екі дәумытты жегіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет