Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 175 Ақсақал, жөніңізді айтыңызшы, кім боласыз?-
дедім мен өтінген пішінмен (Қазақстан).
Жөн ІІ. Жол, жоралғы, әдет-ғұрып. Жол-
дан, жөннен сен адасты екен деп, адаса алма
алмаймын, ел адаса алмайды (А.Ханкелдин,
Қараторғай) [ҚТТС].
Қазақ тілінің т‰сіндірме сөздігінде беріл-
ген мағыналары шартты т‰рде қазіргі қазақ
тіліндегі мағыналары деп аталады. Шартты
дейтін себебіміз, бұл т‰сіндірме сөздің де
шыққанына жарты ғасырдың ж‰зі болыпты.
“Елу жылда ел жаңа, ж‰з жылда қазан” де-
мекші, тіл де осы жылдар ішінде тоқтаусыз
даму ‰стінде болды. Сөйтіп ол мағыналар да
тарих қойнауында қалып бара жатыр. Енді
көне т‰ркі тіліндегі мағыналарымен салыс-
тырып көрейік:
Jon Способ, манера поведения, яғни жөн,
жол, өзін-өзі ұстауы, әдеті [ДТС]. Бұл тұр-
ғыдан келгенде қазақ тіліндегі жөн ІІ мағы-
налы сөзбен қатар тұра алады. Қазіргі тіліміз-
дегі жол, жоралғы, әдет-ғұрып мағынасының
т‰п негізі көне т‰ркі тіліндегі jon сөзінде
жатыр екен. Ал қалған мағыналары тілдің
даму барысында семантикалық жолмен пайда
болған. Сонымен бірге қазақ тілінде жөн сөзі
жосық сөзімен тіркесіп келіп, жөн-жосық т‰рінде де айтылады. Бұл көне т‰ркі тілінде
josun сипатында әдет-ғұрып, заң, ереже мағы-
насында қолданылған екен [ДТС]. Осыған
қарап, тілімізде жалпы мағынасы бірдей, бірақ
жазылуы өзгеше болып екі сөзден тіркесіп
немесе қосарланып келетін сөздер тобы бар
екеніне көз жеткіземіз. Мысал келтірер бол-
сақ, киім-кешек, бала-шаға, жол-жоралғы не-
месе жөн-жоралғы, т‰п-тамыры, жөн-жосық,
жолдас-жора, жол-жөнекей т.б. Бұл сөздерді
семантикалық тәсіл арқылы жасалған деп айта
алмаймыз, бірақ реті келіп отырған соң қозға-
лып отырған сөз. Бірақ бұл жаңалық емес,
ғылымда танылған мәселе. Ал жоғарыда кел-
тірілген josun сөзі қазіргі тілімізде тек диа-
лектілік сипатта ғана қолданылады екен:
Жосын. диал. Әдет-ғұрып, салт. Бұрыннан
келе жатқан жосынды білмейді екенсің [ҚТТС].
Бұл сөз мағынасының қолданылу аясының
тарылғанын көрсетеді. Тілдің даму процесінің
бірден-бір өлшемі осы.
Сонымен, жөн сөзінің семантикалық да-
муында бірінші мағынаны заттық мағына ием-
денсе, семантикалық тәсіл арқылы дамудың
нәтижесінде сындық мағына уақыт шеңберін-
де пайда болады. Сөйтіп транспозиция нәти-
жесінде сын есім сөз табының құрамы толы-
ғады. Алғашқы заттық мағына көнеден келе
жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, ереже болса,
осының негізінде әбден қалыптасқан салт,
әдет, ережелер дұрыстық мәнге көшіп, сын-
дық мағынаны тудырады.
Тіліміздегі кей заттардың денотаттық, сиг-
нификаттық мағыналары зат пен олардың си-
патының ерекшеліктерімен байланысты. Бұл
көне дәуірдегі атау сөздер – өз бойларына
заттық ұғыммен бірге сын-сапа ұғымдарын
жинаған грамматикалық топ. Осының нәти-
жесінде көк – т‰с, көк – аспан, көк – шөп; қара – т‰с, қара – қараңғылық, қара – зат (алыстан
қара көрінді), қара – қимыл атауы – көздің қа-
рашығының қызметіне байланысты туындаған
мағына т.б. сияқты сөздер сөздік қорымызды
молайтуда. Сарығ сын есімінің мағынасы сар- ғаю, сарылу қимыл мағыналарымен тікелей
байланысты. Ұзақ тұрған соң, к‰ткен соң
сарылып, сарғаю семасы пайда болған. Сиг-
нификаттың тууы, қалыптасуы есім тұлға-
лардың алғаш сөйлем ішінде анықтауыштық
қызметке ие болып, соңынан сындық мән
алуына негізделеді. Э.В. Севортян сын есім-
дерді зерттей отырып, олардың екі жолмен
жасалатындығын айтқан: 1) зат есімдердің
функционалды-семантикалық трансформация
жолымен; 2) аффикстер жалғану арқылы.
Жөн, қара, көк, сары секілді туынды сын-
дық мағыналы сөздер ғалымның айтқан функ-
ционалды-семантикалық трансформация жо-
лымен немесе тіл білімінде т‰рліше аталып
ж‰рген семантикалық тәсіл арқылы жасалып,
транспозицияланған.
Т‰ркі тілдерінің салыстырмалы морфоло-
гиясын зерттеген А.М.Щербак: “В тюркском
праязыке прилагательные не имели особых
морфологических показателей и самосущест-
вование их как самостоятельного лексико-
грамматического разряда имен вызывает боль-
шие сомнения”, - деп, т‰ркі тілдеріндегі сын-
дық мағыналы сөздердің ерекше морфология-
лық көрсеткішке ие бола алмағандығын жа-
зады [2].
Қазақ тілінің тарихи грамматикасын зерт-
теген М.Томанов: “Сын есімдердің граммати-
калық класс ретінде қалыптасуы зат есімдер-
мен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат
жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да
бойына жинақтаған грамматикалық класс бол-
ды”, – дейді [3]. Ғалымның пікіріне қосыла
отырып, т‰бір сөздердің (т‰бір зат есімдердің)