202 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 саналған, б‰гіңде бірнеше тәуелсіз мемлекет-
тер орналасқан Еуразиялық территорияның
басым көпшілігін т‰ркі халықтары мекен-
дейді. Бұл жерлер – т‰ркілердің туып-өскен
ата қонысы. Т‰ркітану шығыстану ғылымы-
ның бір тармағын құрайды. XI ғ жазылған
энциклопедиялық қасиетке ие «Диуани лұғат-
ит-т‰рік» т‰ркі мәдениетіндегі әсіресе т‰ркі-
тану ғылымында ең ауқымды әрі ең маңызды
туынды.
Кітаптың қолжазбасының 1914-1916жж
Стамбұлда алғаш жариялануы д‰ние ж‰зіндегі
білім адамдарының, әсіресе т‰ркі ғалымда-
рының назарын аударды. Көп ұзамай бұл
туынды басқа тілдерге де аударылды, 1928ж
неміс тіліне, 1931-1941жж т‰рік тіліне, 1960-
1963ж өзбек тіліне, 1981-1984жж ұйғыр тіліне,
1982-1985ж ағылшын тіліне, 2005ж қытай
тіліне аударылды[1; 68]. Сонымен қатар «Диуани
лұғат-ит-т‰рік» жөніндегі зерттеулер де кө-
бейе бастады. Бұл сөздік жөніндегі зерттеу
т‰ркітану ғылымында маңызды орынға ие
болды және ие бола бермек.
Қытайда «Диуани лұғат-ит-т‰рік» еңбегі
1940 жылдан бастап зерттеле бастады. Кітап-
тың ұйғырша аудармасы жарыққа шыққаннан
кейін (1981-1984 жж.), бұл тақырып жайын-
дағы мақалалар тіпті де көбейді. Тек 1980 жыл-
дардың ішінде сөздікке қатысты зерттеулер
саны 50-ден асты.
XI ғасырдан б‰гінге дейін шамамен мың
жылдай өтті. Сөздікті зерттеу барысында ав-
тордың өмірбаяны, сөздікті жазған уақыты,
жазу мақсаты мен шарттары, негізгі тақы-
рыптар мен құрылысы т.б. мәселелерді қарас-
тыруымыз керек.
Осы мәселелерді қарастыру негізінде сөз-
діктің ұйғырша нұсқасын дайындаған ұйғыр
ғалымдары мен қытай ғалымдары: проф. Ху
Джын Хуа, Гың Шы Мин, Хажы Нұрхажы,
Ниғымет Мыңжани, Жаң Жуаң Да, Ибрахим
Мути, Мирсұлтан Османов, Шяу Жуң Ий
сынды т‰ркітанушы ғалымдар аянбай еңбек
етті.
Осы тақырыпқа байланысты зерттеулерден
алғаш болып сөздіктің ұйғырша нұсқасын
дайындағандар ғалымдар тарапынан жазылған
«Махмұд Қашқари және т‰рік тілінің сөздігі»
[2; 3-9]. атты мақаланы айта кетуіміз керек.
Бұл мақалада сөздікке қатысты кейбір мәсе-
лелер қолға алынып, мынадай бірнеше бөлік-
терге бөліп т‰сіндірген:
1. Сөздік жазылған кезіндегі әлеуметтік
шарттар.
2. Автордың өмірбаяны.
3. Сөздіктің жазылған уақыты.
4. Сөздіктің маңызды тақырыптары.
5. Тіл ерекшеліктері.
6. Аударылуы, жариялануы және зерттелуі.
Бұлардан басқа маңызды болған «Т‰рік
тілінің сөздігімен танысу» (Ху Джын Хуа мен
Гың Шы Мин, Шин Жяң Әдебиеті, 4 б. 1964
ж.) [3; 2]. «Махмұд Қашқари «Диуани лұғат-
ит-т‰рік» және жинаққа енгізілген дөңгелек
д‰ние картасы»[4; 4-6].
Профессор Ху Джын Хуа мен Гың Шы
Мин бірге қолға алған шығармаларында сөз-
дік жайында жалпы мәліметтер берумен қа-
тар, оның жазылу себептері мен жағдайлары-
на объективті талдау жасаған.
Олардың зерттеулеріне қарасақ, кітаптың
жазылуының алғашқы себебі–әлеуметтік қа-
жеттілік болған сынды. Қарахан хандығының
шығыста Хотан мен К‰шарны, батыста Бұ-
хараны, оңт‰стікте Әмудария өзенін, солт‰с-
тікте Жетісуды алып жатқан ең к‰шті дәуі-
рінде, осы өңірде өмір с‰рген халықтың тілі
бірдей емес еді, олардың өзара қарым-қа-
тынаста болуы ‰шін бір-бірінің тілін білуі
керек болды. Ислам дінін қабылдағаннан
кейін Қарахандықтардың араб және парсы-
лармен қарым-қатынасы к‰шейе т‰сті [5; 71-
78]. Сол себепті араб, парсы және басқа ел-
дерден келген елшілер мен ғалымдар, сауда-
герлер және дін адамдарының қарахандық-
тардың тілін ‰йреніп білуіне тура келді. Міне,
осындай жағдайда Махмұд Қашқари өзінде
бар м‰мкіндікті пайдалана отырып, т‰ркі
мәдениетінің дамуына өз ‰лесін қосты.
Профессор Джаң Гуаң Да т‰рлі мәлімет-
терге с‰йене отырып,сөздікке байланысты бі-
раз мәселені қолға алған. Ол өзінің зерттеу
мақаласының бірінші бөлімінде сөздіктің
маңыздылығы, әсіресе кітаптың негізгі ж‰йесі
мен тақырыптары, сонымен бірге Махмұд
Қашқаридың өмірбаяны, сөздіктің зерттелу
жағдайы жайында мәліметтер берген. Екінші
бөлімінде сөздікте сөз болған «Дөңгеленген
д‰ние картасы» және «Ислам картасы» ара-
сындағы байланыстар мен дөңгеленген д‰ние
картасының ерекшеліктері мен маңыздылық-
тарын тіліне арқау еткен. ‡шінші бөлімінде
Қытай, Табғаш сынды атауларды т‰сіндіру-
мен қатар, XI ғасырда Қытайдың солт‰стік
батысына орналасқан халықтың сол кездегі