Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет261/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 207 
Тәңір атауы – т‰ріктердің төл сөзі. О баста 
алтайлық шамандар тәңірге сиынып-табыну 
‰стінде орындайтын ырым-жырымдарындағы 
құбылыстарға арнап қолданған сөзі. Осыған 
қарағанда т‰рік халықтары сенген діннің 
тәңірі де осы Алтай өңіріне орнығып, пен-
делеріне жол-жоба нұсқап отырған секілді. 
Сол Тәңірдің мекені – Көк (аспан) – шексіз 
кеңістік. Осы кеңістік ұғымы ұлғая келе құді-
ретті к‰штің иесі деген мәндегі жаратушы, құдай 
мағынасына ауысқан. Тәңір сөзі т‰ріктер сенім-
нанымымен бірге жаралған, өте ерте заманнан 
қолданылып келеді. Т‰рік халықтары бұдан бес-
алты мың жыл бұрын айды, жұлдызды, к‰нді 
Тәңір тұтқан. Осы құдіреттердің бәрі аспанда 
тұратындықтан сол шексіз кеңістікті де Тәңір 
қатарында қадірлеп Көк Тәңірі деп сыйынған.
Осындай наным-сенім ж‰йесімен т‰рік 
халықтары ерте заманның өзінде-ақ пір тұтқан 
еркек тәңірлер сияқты құдіретіне иланып, шек-
теусіз сенген, қасиетіне бас иген, киесі мол 
әйел Тәңірлер де болған. Бұл тәңірлердің құ-
діреті әлемдегі жан иелерін өзіне табындыр-
ған Көк Тәңірінен кем емес. Т‰ріктердің сол 
ұлы әйел Тәңірі Ұмай ана деп аталады. Ерте 
замандағы к‰ллі т‰рік жұрты оған бас иіп, 
шын ықыласпен табынған. Бұл т‰рік жұрты-
ның ежелгі д‰ниедегі сенім-нанымның айғағы.
Ұмай ананың құдіреті – адам баласына құ-
нарлы топырақ пен тұнық су қайнарларын сый-
лауы. Бұл екеуі де тіршіліктің көзі. Сондықтан 
Ұмай ана жер бетіндегі өнімнің де тәңірі са-
налады. 
Қазақ халқының т‰пкі ата-бабалары д‰ниеге 
келгелі қаншама ықылым заман, сан ғасырлар 
өтті. Әсіресе, т‰ркі тектес туыс халықтардан 
енші алысып, қара шаңырақта өз алдына жеке 
ту тігіп, ел болғалы бері қазақтар ата-баба 
дәст‰ріне ықылас қойып, әрін кетірмей, әдет-
ғұрпын, салт-санасын және тілін, дінін с‰ттің 
қаймағындай таза сақтауға көше бастады.
Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық салт-дәс-
т‰рлер қайта жаңғырып, қазақ мифологиясы 
да оқытылып ж‰ргені көңілге қуаныш ұяла-
тады. Тарихи көне ‰деріс болып отырған ми-
фология – халықтардың тіршілік кәсібіне
наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына 
байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отыр. 
Сондай-ақ, оның жаңа қоғамдық қатынасқа 
қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажет-
тілері дамып, жаңа мағынаға ие болып отыр. 
Ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға ‰збей 
жалғасып келе жатқан мифология қайта жан-
дануда десек, артық айтқандық емес. Білім 
ордаларында (балабақша, орта мектеп, ЖОО) 
т‰ркі мифологиясын насихаттау жұмысы әр 
т‰рлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы өтеді. 
Көбіне әдебиет, әдеп, этика пәндерінде әр 
т‰рлі тақырыптағы мифке байланысты жарық 
көрген әдебиеттерді, бұқаралық ақпарат құ-
ралдар – газет-журналдарды қайнар көз ретін-
де пайдаланады. Онық мақсаты – осы мифке 
байланысты оқырмандарға беймәлім болып 
келген әдебиеттерді насихаттау, дәст‰ріміздің 
әр саласын қамтитын мәселелерді көтерген 
мақалаларды көпшілікке танымал ету. Сол 
арқылы осы тақырыпқа оқырмандардың, жас-
тардың, жасөспірімдердің қызығушылығын 
арттыру, олардың д‰ниетанымына ықпал ету, 
дәст‰рден тәлім-тәрбие алып, оны одан әрі 
дамытуына жағдай жасау.
Әрт‰рлі сенім-нанымнан туған құбылыс-
тар сананың өсуіне орай ауысып, кейбіреулері 
жай ғана ойын негізіне айналып кетсе, кей се-
німдер ой-қиялдың өрбуіне жол ашып отыр-
ған. Тіпті тіршілік әрекеттерінің көп қимылы 
сол құбылыспен астасады да, ұлтқа тән салт-
қа, дәст‰рге айналып кетелі. Жалпы тіршілік 
құбылысы секілді сенім-наным қағидаларын 
да адам баласын жаңа белестерге жетелейді.
«Мифологиялық танымдағы тілдік «қал-
дықтар» – табиғи құбылыс. Тіл мұндай «қал-
дықтарды» «қатырып» («консервілеп») сақтап 
қана қоймайды, сонымен қатар мағынасын 
жаңартады, танымдық тұрғыдан жаңаша 
көзқараспен қабылдайды. Соның нәтижесінде 
тілдік бірліктердің тарих қойнауында ұзақ 
уақыт сақталуы – осының куәсі. Миф қабат-
тарын ақырындап аша отырып, біз біртіндеп 
ертедегі д‰ниетанымның ошақтарына жол аша 
аламыз, бабалардың өмір тіршілігін “өз 
көзімізбен” көруге м‰мкіндік аламыз» [4;15]. 
Ф. Энгельс өзінің «Анти-Дюринг» еңбегінде: 
«...Всякая религия является не тем иным, как 
фантастическим отражением в головах людей 
тех внешних сил, которые господствует над 
ними в их повседневной жизни, отражением 
которых земные силы принимают форму не 
земных», – дей келіп, діннің қалыптасу та-
рихына тоқталып, пікірін жалғасты-рады: «... 
в начале истории объектами этого отражения 
являются прежде всего силы природы, кото- 
рые при дальнейшей эволюции проходят у
различных народов через самые разнообраз-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет